Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5920 2 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 12:39

Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру - қытайдың назарын аударып жатыр

Қазақ әліпбиін латынға ауыстыру мәселесі бүгінгі күні қытайдың назарын аударып жатыр. Қытай Қазақстандағы барлық ақпараттық жаңалықты қадағалап отыратынын ескерсек білдей мемлекет құрушы ұлттың әліпби ауыстыруын назардар тыс қалдырмасы анық. Және ол тек қаріп ауыстыру мәселесі емес, тілдік реформа деп отыр. Қош, енді мына қызықты қараңыз!

Қазақстанда латын әліпбиі мәселесі 90-жылдары қазақ тілтанушы ғалымдары (Академик Ә.Қайдаров) жағынан ауызға алынғаны рас, дәл сол тұста қытай бұл ақпаратты жабық күйде талқыға салды, өйткені 90-жылдары қытайда ЕКІ МЫҢнан астам таза қазақ мектебі және Құлжада қазақ университеті, Күйтінде қазақ институты сонымен қатар Алтай, Шәуешек, Санжыда қазақ тілінде білім беретін педегогикалық жоғары білім беру орындары бар-ды және барлық қазақ мектебі, колледж, университет қазақша іс-қағаз қолданатын, қазақ мектептерінде тіпті қытай тілін 3-сыныптан кейін (кей жерде 5-сыныптан соң) шет тілі ретінде қосымша ғана оқытатын. Қазақ тілінің үстемдігі жоғары еді, кей елді-мекендегі қытай, моңғол, xуийзу, ұйғырлар таза қазақ мектебіне баратын. Қазақ мектебінің білім беру сапасы өте жоғары және қазақ оқушыларының ЖОО-на түсу салыстырмасы Шыңжаңда алдыңғы орында тұрды.

Осы жағдайда Қазақстан жақтың латын қарпіне көшу қозғалысы қытайдағы қазақ зиялыларын ешқашан бейжай қалдырмайтыны анық, сонымен қатар қытайдың 1980-83 жылғы толықтырылған мемлекет констуцсиясы бойынша "әр ұлт өз жазуын өзі таңдауға толық құқылы" делінген құқықтық жағы тағы бар, бұлардың бәрі бір-бірімен сәйкес келсе қытайға тиімсіз деп қортынды шығарды. Сосын, қытай жақ 90-жылдары Түркияның Анталия, Ыстанбұл қалаларындағы "әліпби мәселесіне" байланысты басқосуларды да қатты қадағалап отырды. Әсіресе 34 қаріптен тұратын ортақ түркі латын әліпбиі жобасы тіптен алаңдаушылыққа апарды. Бұның барлығы қытайды "ұлт саясатын" өзгертуге мәжбүрледі. Сонымен қытай Шыңжаңдағы қазақ-ұйғырға лингвистикалық қадағалау саясатын шығарды, бір мәселе аясындағы реакцияны қадағалап тексеріп отырды.

Қызығы сол, нәтиже былай болды: қазақтар-Қазақстандағы латын жобасына елеңдейді, ұйңырлар- Түркияға елеңдейді. Қытай үшін бұл деген орталық Азия мен Түркияға жақындау деген сөз. Бұл қытайға мүлде томпақ! Қытай енді қайтуы керек? Оған қытайдың стратег мамандары, латынға көшудің қарарын Пекин мақұлдау керек! деген саясат ұстанды. Сонымен, бұл мәселе сол күннен күн тәртібінен түскен жоқ, аяғы Арабшыл-Латыншыл жаңа пікір-таласқа ұласты. Қытай сырттай қарап "ұлтшыл, түрікшіл" элементтерді тізімдікке жазып қойды. Қош, ары қарай...

Естеріңізде болса, Қазақстанда латын әліпбиі 2006-жылы қайта қозғалып, бұл жол президент ғалымдарға тапсырма берген еді. Бұл қытайға біршама ауыр тиді және дайындықсыз мойнына қыл бұрау түсті. Өйткені, қытай жақ Қазақстанды латын әліпбиін қоғамдық пікір аясында ғана өрбітеді деп есептеп келді, білдей елдің президенті аузына алуы өте тосын жағдай ретінде қабылданды. Қытай жақтың қазақша басылымдары осыдан соң бірінен соң бірі латын жобасын ұсынып жатты. Дәл сол тұста біз орта мектептегі аузының уызы кеппеген бала едік, бірде бір ағайымыз латын қарпіне көшу туралы ойын баяндап бірқанша жобаны тақтаға жазғаны есімде. Сол тұста 3-4 маманның жобасын журналдан да оқығаным жадымда қапты. Олар Т.Дошық, С.Жанболатов, М.Бөлеков және М.Әбілқақ, Жаң Диңжин, тб. Әсіресе С.Жанболатовтың "Ойлар Өрісі" кітабы бұны арнайы талқыға салды. Қытай қазағы 2006- жылға дейін және кейін латын жобасы аясында ұсынбаған жобасы қалмады деуге болады. Кейін бұның орнын қытай қазақтарының IT-шінік програмистері басты. Олар өздері жасаған сайттарында жарыса жариялап жатты, тіпті сайт бағдарламасына енгізіп өз жобасымен ақпарат та таратып жүрді. Сол дәуір қытай қазағы үшін "алтын дәуір" болды. Бірақ, қытайдың да өз көздегені бар еді. Ол былай болды! Қытайдағы қазақ ғалымдары қытай конгресінде премер-миністірге тікелей "қазақ латын жобасын мақұлдау" туралы сауалын қойған соң дереу басқа тәсілге көшті. Ол мынау:
Қытай қазағын Қазақстанмен бір әліпбиде болдырмау;
Латын жобасын Пекин жақ мақұлдау қаласа жобаны да Пекин жақ ұсыну; Қазақты латын жазуы арқылы қытай-глобалзацсиясына жақындату т.б.
Осы тәсілден соң қытай қазақтарының "құбыжық латын әліпбі" жариялана бастады және оны мақұлдау кезеңі күн тәртібінде тұрды. Ол кезде біз университет қабырғасына енді жармасқан кез еді. Қазақ сайттарының алтын дәуірі тұғын. Аталмыш латын жобасын қырық мыңдық оқырманы бар "Сен-Қазақ" атты сайт жер-жебіріне жеткізіп талқыға салды.

Қош, не керек, қытайдың "латын жобасы" саясаты науқаны кейін уақытша тоқтап қалды, сонымен бірге қытайдың латынмен "тұзақ құру" саясаты да уақытша тоқтап қалды. Қытай билігі негізгі назарын саяси клондармен арпалысуға жұмсап, саяси тазалауды бастап кетті. Аталмыш "латын тұзағы" жобасының біраз стратег ойыншысы саясаттан сырғып кетті.

Енді, қараңыз! Былтырдан бері Қазақстанда латын әліпбиі мәселесі нақты қадамдарға барды, жоба тұрақтану үстінде, тағысын-тағы. Бұған қытай жақ жаңа реакция танытады және оның Шыңжаңға ықпалын барынша азайтуға тырысады. Алда қытайдың ұстанымы туралы және бір сараптама жазармын. Қытай сөзсіз саяси тактикаға көшеді, ол-анық.

Соңында айта кетейін, ә- ae, ө-oe, ү-ue нұсқасын 2006-2009 жылдары қытай қазақтарының бір басылымынан оқып едім (аты есімде жоқ), кейін осы нұсқа Қазақстанда ұлттық латын жобасы ретінде жұртқа ұсынылған кезде жаман шок болдым.

Елдес Орданың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450