Жұма, 29 Наурыз 2024
2702 1 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 10:49

Трансшекаралық су ресурсы конвенциясы бюросына Қазақстан төраға болады

Қазақстан 2019-2021 жылдары Трансшекаралық өзендер мен халықаралық көлдерді пайдалану және қорғау жөніндегі конвенция бюросына төраға болады.

Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы конвенция бюросына қосылған елдердің сегізінші сессиясы кезінде белгілі болды.

"Конвенция бюросының сегізінші сессиясында бюроға 2019-2021 жылдары төрағалық ету Қазақстан жағына өтеді. Бұл Қазақстанның халықаралық құқықтан айнымайтын ел ретіндегі беделінің бұдан ары нығаюына септесіп, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы жобаларды дайындап, іске асыруда ынтымақтастықты дамытады" деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

600-ден астам сарапшы, БҰҰ-ға мүше 90 елдің министрлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үш күн бойы климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік, қуат көздері мен экожүйе арасындағы байланыс, трансшекаралық су ресурстарындағы ынтымақтастық және қаржыландыру мәселелерін талқылайды.

Трансшекаралық су ресурстары жөніндегі конвенция трансшекаралық суларды тиімді пайдалану және қорғауда ынтымақтастық орнатудың құқықтық базасын түзетін халықаралық құжат саналады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580