Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3101 0 пікір 7 Сәуір, 2011 сағат 10:13

Еркебұлан Әлімханұлы. Араб әлеміндегі толқулар: сыртқы күштер және мүдде

2010 жылдың соңғы ширегінде басталған Африка мен Араб елдеріндегі толқулардың шығуына шоқты үрлеп отырған сыртқы күштердің әсер еткені жасырын емес. Ал бұл толқулардың, ойынды жүргізіп отырған мемлекеттерге қандай пайда әкелетінін олардың арасындағы мүдделер қайшылығын ескере отырып қарастырып көрейік. Ол үшін, аймақта белсенді қимыл жасап отырған әрбір мемлекетке жеке-жеке тоқталып өтсек.

АҚШ: Мұндай толқулар аталған мемлекетке төмендегідей пайдаларын тигізеді:

2010 жылдың соңғы ширегінде басталған Африка мен Араб елдеріндегі толқулардың шығуына шоқты үрлеп отырған сыртқы күштердің әсер еткені жасырын емес. Ал бұл толқулардың, ойынды жүргізіп отырған мемлекеттерге қандай пайда әкелетінін олардың арасындағы мүдделер қайшылығын ескере отырып қарастырып көрейік. Ол үшін, аймақта белсенді қимыл жасап отырған әрбір мемлекетке жеке-жеке тоқталып өтсек.

АҚШ: Мұндай толқулар аталған мемлекетке төмендегідей пайдаларын тигізеді:

  • Осындай қақтығыстар нәтижесінде жаппай қарулануға көшетін басқа елдерге ескіре бастаған көптеген қару-жарақтарын сатуға мүмкіндік алады;
  • Жаңа қару түрлерін сынақтан өткізеді;
  • Өздерінің демеуімен отырған жаңа билікпен әр түрлі салада тиімді келісім-шарттар жасасады;
  • Халықтың назарын басқа жаққа аударып, ішкі кейбір мәселелердің бетін бүркеп қалады;
  • Әлемге өзінің «жуан жұдырық» екенін тағы бір рет көрсетеді.

Франция: Бұл жолғы толқуларда өте белсенді роль ойнауда. Себебі Француз тілді Африка державалардың арасындағы өзара келісімде Францияға тиесілі болып табылады. Бұл сөзімізге Кот Д Ивуардың президенті Лоран Гбагбоның «әрбір державаның өз әсер аймағы бар. Францияның аймағы Француз тілді Африка, бұл аймақта қандай да бір мәселеге шықса БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар Францияның жетегінде жүреді»[1] дегенін дәлел ретінде келтіруге болады. Бұл толқулардан Францияның ұтатын жері:

  • Билікті жаңадан алған басшылықтармен әр түрлі салада тиімді келісім-шарттар жасайды;
  • Өзінің әсер ету аймағындағы басқа елдердің басшыларына сабақ болады;
  • Соңғы жылдары босаңсып кеткен державалық пиғылының жоғалмағандығын көрсетеді.

Ұлыбритания: Ағылшын тілді Африканың қожасы өзінің ескі отарларына үлгі болсын деп отыр. Британдық компаниялар да жаңа билікпен әр түрлі салада тиімді келісім-шарттаржасауға тырысып жатыр.

Ресей: Үнемі Батыс әрекетіне қарсы шығып келген Ресей бұл жолғы толқуларда Батыс позициясына қарсы шықпады, бірақ қолдамады да, тек қана ойынның аңысын аңдып отыр. Ресей осылайша сырт көзге Батысты қолдамайтынан, бірақ диктаторлардың да жағында бола алмайтынын білдіргендей болды. Ресейлік сарапшылар бұл толқулардың Ресейге тигізер пайдасы көп па, зияны көп па деп дауласуда. Әрине аталған аймақтағы тынышсыздық нәтижесінде де Ресей де қару-жарақтарын көбірек сатуға мүмкіндік алады. Әрі жаңа билікпен тиімді келісімдер жасауға құмбыл Ресейлік компаниялар да қарбаласып жатыр.

Қытай: Ресеймен бірдей позиция ұстап, сырт көзге Батысты қолдамайтындығын көрсетті, оның үстіне бұлар қарсы шыққанымен де үлкен өзгеріс жасай алмайтынын Қытай билігі сезеді, себебі экономикасы әлемде екінші орынға айналғанымен әлі де Батыс державалары онымен толық санаса қоймайды. Оның үстіне Оңтүстік Шығыс Азияда бұлардың ықпалы жоғары, алысты болжайтын Қытай, ертең онда да бір проблема туындай қалса бұлар да қару қолдануға мүмкіндік алатынына сенімді.

Германия: Соңғы жылдары толқулар мен қақтығыстарға селқос қарауымен, НАТО операцияларынан тыс қалуымен ерекшеленуде. Бұл жолы да Африка мен Араб елдеріндегі толқуларға бейтараптық танытты. Бірақ, А. Меркель партиясының жергілікті сайлауда жеңіліске ұшырауы олардың Ливиядағы соғыстан тыс қалуына себеп болды деген Батыс сарапшыларының пікірі басқаларды жаңылыстыру сияқты болып көрінеді. Ал шын мәнінде ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін әсер аймағынан айырылған бұл мемлекет, қазір өзінің Франция мен Ұлыбританиядан әлдеқайда қуатты екеніне қарамастан сырт аймақта әсер аймағысыз отырғанына наразы. Сондықтан Ирак пен Ауғанстандағы және қазіргі Солтүстік Африкадағы операцияларды қолдамай отыр. Бірақ Орталық Еуропаға қайта үстемдік құрған Германия Италияға қарағанда тынышырақ. Әрі әлемдегі үшінші қару экспорттаушы елдің де бұл жерде ұтыла қоймайтыны белгілі.

Италия: С. Берлусконидің жеке басының проблемалары бұл елдің тыныш жатуына себеп деген тұжырым да басқаларды алдап отырғандай, бұлар да Германия сияқты соғыстан кейін әсер ету аймақтарынан айырылған. Сондықтан Италия басқа державалардың өзін менсінбеуіне наразы. Әсіресе өзімен деңгейлес Францияның өзін Жерорта теңізінің қожасымын деп санауы бұл елдің жоғарғы топтарының ызасын келтіруде. Бірақ амалы жоқ, қолынан бар келер әрекеті Ливияға қарсы әуе шабуылын ашқандарды (әсіресе Францияны) өткір сынау болып отыр. Бәрібір бұл әрекетінің жеміс бермейтінін білген Рим, ендігі жерде қарымды қимылдап билікке жаңа келген басшылықтармен өздеріне тиімді шарттар жасасуға кірісті. Ливиядағы көтерілісшілердің де үкіметін танып, олармен байланыс орнатып жатыр.

Түркия: Биліктегі  АК (Әділет және Даму) партияның сыртқы саясатта үлкен бетбұрыс жасап «бұрынғы Осман империясының территориясындағы елдермен тығыз қарым-қатынаста» болуға ұмтылуына Батыс елдерінің сарапшылары күдікпен қарайды. Себебі Түркияның бұл аймақта қайта үстемдікке қол жеткізіуі Батыс елдері үшін тиімсіз. Түркияның да мақсаты белгілі, Батыс «бөтенсің» деп кеудеден итергеннен соң өзінің бұрынғы отарларымен қарым-қатынасты жандандырмақшы. Алғашқыда Ливиядағы соғысқа қарсы екенін білдірген ресми Анкара артынан басқа араб елдерінің бәрі бұл ұрысты қолдап отырғанын көріп, өзінің баррикаданың екінші жағында қалып кететінін түсініп райынан қайтты. Қазір соғысты қолдап қана қоймай өздері де араласып, тіпті Измир қаласын операция орталықтарының біріне айналдырды. Түркияның көздеген мақсаты айқын, өзін аймақтың лидері болуға лайық екенін көрсетуге тырысу және соңғы жылдары жиі айтыла бастаған Түркиялық моделді жаю.

Бұл жерде назар аударатын басқа бір мәселе шағын Катар мемлекетінің белсенділігі. Мұнай мен газдың арқасында жан басына шаққандағы табыс көлемі бойынша әлемде бірінші орын алатын бұл мемлекет, соңғы жылдары әлемдік аренада белсенді роль ойнай бастады. Ливияға қарсы өз әуе күштерін жіберген Катар, көрші елдердегі басқа да саяси оқиғаларға жиі араласуда. Катар, Араб Лигасының хатшысы Әмір Мұсаны қаржыландырып алдағы сайлауда Мысырдың президенті етуге тырысып жатыр деген де ақпарат бар.[2] Сондай-ақ Ливиядағы көтерілісшілердің үкіметін таныған Катар, олармен мұнай экспорты туралы келісім жасап та үлгерді.[3] Катардың бұл әрекеттерін Батыстың кейбір сарапшылары «отпен ойнап отыр» [4] деп бағалауда.

Көріп отырғанымыздай сыртқы күштердің барлығы бұл толқулардан ұтып отыр. Ұтылған тек толқу болған елдердің халқы ма деп ойлайсың... Өйткені сарапшылар олардың жағдайы қазіргі деңгейге қайта жету үшін біраз уақыт керектігін айтады.

Еркебұлан Әлімханұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің

аға ғылыми қызметкері

«Абай-ақпарат»

 


[1] http://ru.euronews.net/2010/12/31/laurent-gbagbo-if-these-pressures-continue-it-will-make-confrontation-more-/

 

[2] http://ru.euronews.net/2011/03/16/exclusive-saif-al-gaddafi-wants-money-back-from-sarkozy/

[3] http://www.allvoices.com/contributed-news/8663037-qatar-will-market-libya-oil

[4] http://www.nytimes.com/2011/04/04/world/middleeast/04qatar.html?_r=1

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5616