Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2470 0 пікір 9 Сәуір, 2011 сағат 18:56

Мәсімов премьерлік поста қандай себеппен қалды?

«Баяғы жартас - сол жартас». Мәсімов мызғымасқа айналды. Үкіметті үзбей басқарып келе жатқан Кәрім Қажымұқанұлының мұртын балта ашпайтын сықылды. Су жаңа үкіметтен үміттенген жұрттың көңілі су сепкендей басылып, Президент Мәсімовті оң дізесіне мығымдап қайта отырғызды. Маңдайымызға бақ пен сорды қатар ұсынып келе жатқан ата заңымыз бойынша, жаппай жаңа үкімет жасақталады деген жұрттың көмейінде негелеген сауал тұр.

Неге деген сұраққа сұранып тұрған үш топшылама бар. Оның әуелгісі Қытайдың Қазақстанға саяси-экономикалық ықпалынан ба деген болжам.

Біздің ел Қытайдан көп сомада инвестиция тартты. Көзге көрініп тұрғаны - Қытай компанияларының мұнай-газ, сауда-саттық, қызмет көрсету, құрылыс саласындағы басымдығы. Ал, инвестицияның елімізге қандай пайда әкелетіндігі әлі белгісіз. Жәнеде Шығыстағы көрші мемлекет әр қадамын  әріден ойлап, құрығын кең тастап, мысықтабандатып тарылтатыны  тағы бар. Қазақстанға келген әрбір қытайлық компания өз жұмыс күшін, медицинасын, тамағын көтере келетіні айдан анық. Әлбетте, мұның бәрі көршілік қамқорлық емес. Міне, осы тұрғыдан келгенде, Қытай Қазақстандағы саяси-экономикалық мүддесін көздейтіні анық. Сол үшінде Қазақстанға салған қыруар қаражатының өтеуін көргенше Кәрім Мәсімов жылы орнын суытпасын деп саяси өтінішін жеткізуі ықтимал.

Осы болмасын деген тағы бір болжам ол - Ресей. Ресейдің елімізге саяси ықпалы зор екені айтпаса да түсінікті. Ал, экономиканың кез келген саласында солтүстіктегі қоңсының буы бұрқырап жатыр.  Оның үстіне Ресейдің премьері Путин мен Мәсімов бірінің сөзін бірі жықпас мыңжылдық құдалардай аса сыйлас адамдар екені әмбеге аян. Өйткені, екеуі де бұрынғы Одақтың белгілі органында қызмет еткен. Ол орган өзінің өкілдерін ешкімге бермейді де, далаға тастамайды. Сондықтан, Кедендік Одақ іс жүзіне асқанша, осы жігіт отыра берсін деген Ресей жақтың да ишараты болуы ықтимал.

Үшінші, Ақордадан желдей гулеп жетіп жататын және ел ішінде күн тәртібінен түсіп көрмеген президенттің маңайындағы кланаралық қақтығыстардан кейін, елбасы мемлекеттегі тыныштың пен тұрақтылықты сақтаудың бір кепілі осы ұлтқа басқа Кәрім Қажымұқанұлының үкіметтің ұшар басында тапжылмай отыра беруі деп шешуіде бек мүмкін.

Осы жорамалдардың қайсысы дұрыс болса да, «уақытша» келген Мәсімовтың барлық қарсыластарын «қап», дегізіп, миығынан күліп қана саяси факторға айналып бара жатқандығы анық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608