Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3279 2 пікір 24 Қазан, 2018 сағат 10:30

Қазақстан ІІМ полиция қызметкерлерінің формасын өзгертеді

Қазақстанның ішкі істер министрлігі келесі жылдан бастап халықпен кері байланыс орнатып, полиция қызметкерлері формасын өзгертуге уәде берді.

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев Қазақстанда полицейлер саны соншалықты көп емесін мәлімдеді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Садубаев бұл жайында Астанада үкімет жиынынан соң журналистердің полиция қызметіне қатысты қойған сауалдарына жауабында айтты.

Журналистер Садубаевтан "Полицейлер формасын өзгертуге не себеп болды?" деп сұрады. Министрлік өкілі "Үкімет қаулысынан кейін қалалық ішкі істер департаменттерін полиция департаменті деп өзгерттік. Қазір бүкіл әлемде, тіпті көрші елдерде полицейлер формасын өзгертіп жатыр. Полиция формасын ауыстыратын уақыт жетті. Форма ең бастысы ыңғайлы болуы керек. Қазіргі формаға 15 жыл болды. Қазір жаңа форманың түрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз" деп жауап берді.

Халық саны 3 миллион Грузияда 20 мың полицей қызмет ететінін айтқан Садубаев 18 миллион халқы бар Қазақстанға 50 мыңнан астам полицей айтарлықтай көп емес деген пікір білдірді. Ол әзірге форманы ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатынын қазір айта алмайтынын жеткізді.

Садубаев "Реформадан соң полицей қызметінің мәні өзгере ме?" деген сұраққа "Біз қазір 300-ден астам аудандық полиция бөлімінде халықпен кері байланыс орнату кеңселерін ашып жатырмыз. Бізге келетін тұрғындардың 70 пайызы құжат жасатуға қатысты кеңес сұрайды, 30 пайызы ғана арызданады. Мұның барлығы халықпен байланыс орнату үшін жасалып отыр. Барлық өзгерісті жаңа жылдан кейін көресіздер" деді.

Қазан айының ортасында үкімет қаулысымен Астана, Алматы қалалары мен бірнеше облыстың ішкі істер департаменттері полиция департаменті деп өзгертілген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991