Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4307 6 пікір 29 Қазан, 2018 сағат 07:44

Сұлтанмахмұттың тойы комсомолдың көлеңкесінде қалды...

Кеше Алаштың ардақты азаматы, арысы Сұлтанмахмұт Торайғырдың өмірге келген күні. Тура 125 жыл болыпты! Бірде-бір арна, радио яки сайт жазып жатқан жоқ. Есесіне комсомолдарды дәріптеп әлек. Қазақтың қырылуына қатысы бар құрылымды мақтап, мадақтап, зәулім сарайларда концерт қойып, жүздеген мыңға билбордтар ілген шалдар, Сұлтанмахмұт деген ақынның барын біле ме екен өзі. Қазақтың қасапшылары Сталин мен Ленинді дәріптейтін олар, Алаштың арыстарын біле қоймас...

1893 жылы, 28 қазанда дүние есігін ашып, бар-жоғы 27 жыл ғұмыр кешкен ақын "Қазақ" деп шырылдап өткен еді. 27 жасында өшпес із бен өлмес өсиет қалдырды. Ал Тәуелсіздігіне 27 жыл болған біз не істедік? Осы арыстардың өсиетін орындай алдық па? Сұлтанмахмұт ұраны болған "Алашты" тірілттік пе?!

Жоқ, қазақты қынадай қырған коммунизмді айыптаудың, оны тарихтың тозағына жіберудің орнына, тойын тойлап жүрміз...

Бірақ уақыт өтеді. Кешегі коммунизм ұстаханасынан шыққандар табиғи заңдылықпен ғайып болып, ұрпақ ауысқан сәтте, Алаш арыстарының жырын жатқа оқып, жарысатын жаңа, азат қазақтың келеріне мен сенемін. Олар "Ұранға "Алаш" деген атты алатын болады.

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050