Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3038 0 пікір 28 Қазан, 2018 сағат 15:56

Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең спектрлі мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында АҚШ-тың Бас консулы Қазақстанның іскерлік, мәдени, білім және ғылым орталығы болып табылатын Алматының екі жақты байланыс үшін маңызды екенін атап өтті.

«Алматы – Америка консул­дығы және Қазақстанда бизнес ашуға ынталы АҚШ компа­ния­лары жүгінетін Америка сауда палатасы орналасқан Орта Азия­дағы жалғыз қала. Мен мұнда 2004 және 2008 жылдары болған едім. Қала сондай тартымды, қайта айналып келе бергің келеді, осы жерде жұмыс істеуге мүм­кіндік туғанына қуаныштымын. Мен Алматыда үлкен оң өзге­рістердің болғанын көрдім, жаяу жүргіншілер үшін жақсы инфра­құрылым жасалыпты, қоғамдық кеңістік барынша ашыла түскен», – деді Эрик Майер.

Айта кетерлігі, Алматыда қазіргі кезде телекоммуникация, қаржы, сауда және басқа сала­ларда американдық капиталмен 168 компания жұмыс істейді. Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылы 400 миллионнан астам долларды құрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992