Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2207 0 пікір 13 Сәуір, 2011 сағат 07:27

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісі саласында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі бойынша кеңес өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісі саласында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі бойынша қазақстандық кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

Кеңес жұмысына ҚМГ ҰК еншілес компанияларының мамандары, бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазақстандық кәсіпорындары өндірушілерінің жетекшілері, атап айтқанда, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ, «Тыныс» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ, «Киров атындағы Зауыт» АҚ, «Шнейдер Электрик» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «TREI - Қарағанды» ЖШС, «САР Технология» ЖШС, тағы басқалар қатысты.

Басқарма төрағасының орынбасары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры Болат Палымбетов  ҚМГ компаниялары тобының қазақстандық үлесті ұлғайтудағы қызметі туралы баяндап, елімізде әлемдік стандарт сапасына сай келетін бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісін арттыру қажеттігін атап өтті.

ҚМГ компаниялары тобының мамандары бақылау-өлшеу және автоматика құралдарына деген қажеттілік туралы техникалық параметрлері көрсетілген, қысқа және ұзақ мерзімді ақпарат ұсынды. Еліміздің мұнай-газ саласында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастауына байланысты  бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың қазіргі заманғы түрлеріне деген қажеттіліктің арта түскендігі атап өтілді. Сол себепті отандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілетті өнім өндіруге байланысты тиісті шаралар қабылдауы тиіс.

Қазақстан компаниялары тобының сатып алуы бойынша жасалған  талдау мұндай тауар түрлерімен, сондай-ақ автокөлік құралдары, олардың қосалқы бөлшектері, химиялық реагенттер, сонымен бірге бақылау-өлшеу және автоматика  құралдарымен  отандық тауар өндірушілердің  толықтай қамтамасыз ете алмайтындығын анықтап берді. Ал мұндай тауар түрлерін сатып алу көлемі өте мол.

Өз кезегінде қазақстандық кәсіпорындардың басшылары бақылау-өлшеу құралдары және автоматика өндірісінің бүгінгі жағдайы, кәсіпорындардың мүмкіндіктері және өндіріс орындарын одан әрі ұлғайту жоспарлары жөнінде баяндады.

Кеңестің қорытындылары бойынша ҚМГ компаниялары тобының бақылау-өлшеу құралдары және автоматика отандық өндірушілерімен одан әрі бірлесе қызмет ету, шетелдік компаниялармен технологиялар трансферті және мұнай-газ саласында қажет бақылау-өлшеу құралдары және автоматиканың жаңа түрлерін Қазақстандағы, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындармен топтасып өндіруді оқшаулау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды.

Кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті хаттамаға қол қойды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641