Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2637 0 пікір 13 Сәуір, 2011 сағат 11:28

Мәжіліс ХҚКО-ның қызметі туралы заң жобасын мақұлдады.

Бүгін   ҚР Парламенті  Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  халыққа қызмет көрсету орталықтарының  мәселелері   бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу»  туралы заң жобасын мақұлдады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  халыққа қызмет көрсету орталықтарының  мәселелері   бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу»  туралы  Заң жобасына   ХҚКО  Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағына берілгеннен кейін  Мәжілістің  бір топ депутаттары  бастама  жасаған  болатын.
Негізгі өзгеріс  ХҚКО жұмысын  ұйымдастыру  функцияларын жергілікті  атқарушы  органдардан  ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне  беруге негізделген.   Бұнымен қатар, жоба «Әкімшілік   іс жүргізу туралы », «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі басқару туралы», «Әділет ұйымдары туралы», «Ақпараттандыру  туралы», «Электрондық құжат және электрондық  сандық  қолтаңба туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңдарға өзгертулер енгізуді көздейді.
Депутат Айгүл Соловьеваның айтуынша: «аталған өзгертулер құзырлы органның  ақпараттандыру саласында  ХҚКО-ның   жұмысын  реттеп  қана қоймай, халыққа  сапалы мемлекеттік қызмет көрсету ісін қадағалауды және  мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды көздейді.»

Тұтастай алғанда, құжат халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуіне  байланысты  қатынастарды реттеуді жетілдіруге бағытталған.  Бұған қоса,  ХҚКО ның ақпараттық жүйесінің  Мемлекеттік ақпараттық жүйесімен өзара ақпарат алмасуы да қарастырылған. Бұл дегеніміз,  ХҚКО-нан қандай да бір анықтаманы алу үшін  көп құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тиісті құжаттарды ХҚКО-ның қызметкері деректер қорынан  алатын болады.
Жаңа заң жобасында  әлеуметтік-экономикалық  құқықты қорғауға бағытталған  мемлекеттік қызметттерге  баса назар аударылған.  Мәтінде  ҚР Үкіметі   әлеуметтік  маңызды  қызметтердің тізімін жасайтындығы да айтылған
Естеріңізге салып өтейік, 2011 жылдың 11 наурызында  ХҚКО Үкіметтің қаулысына сәйкес,  ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің  қарамағына берілді. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі  ХҚКО-ның «бір терезе қағидаты бойынша »  жұмысын жетілдіріп,  әлеуметтік маңызға ие  көптеген қызмет түрлерін  автоматтандыруды жоспарлауда.

ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев  аталған тақырып бойынша өз блогына мақала жариялады: http://blogs.egov.kz/blogs/Zhumagaliev_a/372

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659