Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4021 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 05:27

Ұлағат Ханзада. Шариғат шәлісі

Хижаб дегеніміз - бір ұлттың немесе дәстүрдің белгісі емес. Заманымыздың заңғар жазушы Мұхтар Әуезов хижабты «Шариғат шәлісі» деп атаған екен.

Қазір Алланың хақ жолына бой ұсынып, Пайғамбардың сүннетін ұстанып, шариғат заңдарына мойын бұрсаңыз сізді айналаңыз міндетті түрде «вахабист» немесе «сектант» деп айдар тағады. Оған себеп, халықтың діни сауатының болмауы. Осы мәселеге тереңірек үңіліп көрейік. Кіндігі ашық,  ұятты жері көзге ұрып тұратын қыздарға қарау қалыпты жағдай. Көз үйренді.

Сөйте тұра, әйел затының хижаб киюуі немесе орамал тағу мәселесіне үрке қараймыз. «Ей, әйелдер, ұятты жерлеріңді жабу үшін сендерге арнап, сәндік бұйымдар мен киімдер түсірдік» деген аяттан хижабтың маңызын аңғару қиын емес. Дәстүрлі ислам мұсылман қыз-келіншектерге сұлулығын сұқ көзден жасыру үшін шариғат шәлісін тағуды міндеттейді.

Мұсылман әйелдердің хижаб киюін қыз-келіншектердің құқығын шектейтін арабтың ұлттық киімі санайтындар жетерлік. Әсілі, бұлай еместігін Махмұд Хамди Зиқзақ өзінің «Исламды қаралауға қарсы жауап» атты кітабында: «Ислам әйелі хижаб кию арқылы ер адамдардың сұқтанбауын, киім кию мен жалпы сырт пішінінде жарасымдылық туғызу талабын ғана қояды. Бұл жағдайда хижаб қимыл-қозғалысқа кедергі болатын бұғау емес. Керісінше әйелдің қорғанышы мен сақтығы» дейді. Исламда әйелдердің сыланып, сұлулануына рұқсат берілгенімен олардың жат еркектердің алдында көзін, қасын бояп көрінуге тыйым салынған. Имам Әбу Дауд, Айшадан (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасына анамыз Әсма жұқа киіммен кіріп келді. Расулулла (с.ғ.с.) оған қарап: «Әй, Әсма, әйел балиғат жасына жеткен күннен бастап мынау және мынадан басқа жерлері көрінбеуі керек», - деп беті мен екі қолын (білезігіне дейін) және екі аяғын (тобығына дейін) нұсқады», - деп айтылған.

Шариғат заңы бойынша, хижаб әйел адамның бүкіл денесін жауып тұруы тиіс. Іші көрінетін, үлбіреген жұқа матадан емес, іші көрінбейтін, қалың матадан тігілуі міндетті. Денеге жабысып, әйелдің бітімін әйгілеп тұратын киім хижаб саналмайды. Бұл орайда, Муслим, Ахмад және Мәликтерден (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Мұхамед (с.ғ.с.) былай дейді: «Тозаққа кіретін екі қауымды мен көрмеймін. Олар: сиырдың құйрығындай ұзын қамшымен адамдарды ұратын қауым және шашын басына түйенің өркеші сияқты үйме төбе етіп, жиып алатын, жұқа, денесіне жабыстырып киім киетін, еркектердің назарын өздеріне аударатын ашық-шашық әйелдер. Олар ешқашан жәннатқа кірмейді» деген.    Жоғарыда хижаб қалың матадан тігілуі шарт дедік. «Жаздың күндері ыстықта қалың матадан тігілген киімді қалай қалай киеміз?» - дейтіндер де  бар. Физиканың температура алмасу заңдылығына жүгінсек, ыстық күндері адам неғұрлым қалың киінсе соғұрлым салқындай түседі. Өйткені, адам бір рет терлегеннен кейін соққан ыстық лептің өзі адам денесін салқындатады. Аталарымыз жаздың күні қалың шалбар киетінін осыдан түсіне беріңіз.   Кейбір даурықпалар: «Бұрын қазақ қыздары күйеуге шықпай басына жаулық салмаған» деп негізсіз уәждерін алға тартады. Егер қызым жаман болсын деген қазақ:  «Есті қыз етегін қымтам жүреді», «Қызға қырық үйден тыю» деген сөзді айтпаса керек еді. Осыдан-ақ қазақтың қаншалықты тақуа, дінге қаншалықты берік екенін байқауға болады.

«Орамал таққан әйелде қайыр бар»,- дейді қазақ. Әйеліне орамал таққызған еркек - әйеліне шын мәнісінде жаны ашитын, әйелін қызғанатын еркек деп есептеледі. «Әйелін қызғанбайтын еркек жәннатқа кірмейді» деген Пайғамбарымыздың хадисін еске алсақ әйелдерімізге орамал тағуды үйретейік.

Егер сіздің етегі жырық, қысқа белдемше киген, он екіде бір гүлі ашылмаған қызыңызды немесе қарындасыңызды көшеде біреулер «жезөкше» десе шамданасыз, сотқа беруіңіз мүмкін. Сол секілді орамал таққан қыздардың да барлығын бірдей «сектант» деп айтуға болмайтынын естеріңізге саламыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656