Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 05:48

Табиғат Абаилдаев. Бір жаққа

Абай ауылына ақын келді. Шығыстың жеті шайыры тамсана жырлаған Тараз шаһарынан. Ол - Табиғат Абаилдаев деген ақын.

«Абай-ақпарат»

 

Бір жаққа

Тұқылындай шала тұтанған шылымның,

Бір өкініш өртеп отыр өзекті.

Өңі неге сұрғылт тартып гүлімнің,

Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті.

Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті,

Біреу келіп сипайтындай басынан.

Ессіз сезім еркектерді ез етті...

Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан...

Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан,

«Сүйем» деген сөздің бәә-рін ұмытып.

Қыздан емес, өз-өзімнен шошынам,

...тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк!

...тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк,

Сұлулардың көптігіне мастанып,

Бірін сүйіп, екіншісін ұмытып,

Үшіншісін... лақтырып тастадық...

Үшіншісін лақтырып тастадық,

Сұлу біткен шашылғандай көшеде.

Жүрегімнің Мұз жастығын жастанып,

Төртіншісін Құрбан қылдым кеше де...

Төртіншісін құрбан қылып кеше де,

Қинамастан, қиналмастан жылаттым.

...тап қай күні және сағат нешеде..?

Жылатады, мені Сұлу, бірақ... кім?

 

Жылатады, мені Сұлу, бірақ... кім?

Өтінемін ол хақында сұрама!

Жауабы жоқ, үтір, нүкте, сұрақпын,

Енді мені ұмыт, мүлде сынама...

Абай ауылына ақын келді. Шығыстың жеті шайыры тамсана жырлаған Тараз шаһарынан. Ол - Табиғат Абаилдаев деген ақын.

«Абай-ақпарат»

 

Бір жаққа

Тұқылындай шала тұтанған шылымның,

Бір өкініш өртеп отыр өзекті.

Өңі неге сұрғылт тартып гүлімнің,

Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті.

Үнсіз мұңын шағып отыр кезекті,

Біреу келіп сипайтындай басынан.

Ессіз сезім еркектерді ез етті...

Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан...

Кілт бұрылып кетіп қалдым қасынан,

«Сүйем» деген сөздің бәә-рін ұмытып.

Қыздан емес, өз-өзімнен шошынам,

...тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк!

...тіл қатпайды жүрегімнің тілі түк,

Сұлулардың көптігіне мастанып,

Бірін сүйіп, екіншісін ұмытып,

Үшіншісін... лақтырып тастадық...

Үшіншісін лақтырып тастадық,

Сұлу біткен шашылғандай көшеде.

Жүрегімнің Мұз жастығын жастанып,

Төртіншісін Құрбан қылдым кеше де...

Төртіншісін құрбан қылып кеше де,

Қинамастан, қиналмастан жылаттым.

...тап қай күні және сағат нешеде..?

Жылатады, мені Сұлу, бірақ... кім?

 

Жылатады, мені Сұлу, бірақ... кім?

Өтінемін ол хақында сұрама!

Жауабы жоқ, үтір, нүкте, сұрақпын,

Енді мені ұмыт, мүлде сынама...

Енді менен ештеңе де сұрама.

Мұңның табын жұлып алшы, көзіңнен.

Өтінемін күл, бірақ та жылама,

Өкінішті әкетейін өзіммен...

... бір жаққа...

11.02.2010 жыл.

 

...бәлкім...

Кеберсіп барады мүлде,

Ерніңе сүйеген ерін.

Өзгені құшақтап түнде,

Өзіңді сүйе беремін.

 

Жасырын нөмірден күнде,

Қоңырау шаласың неге?

Жасырын нөмірден түнде,

Қоңырау шаламын неге?

 

Үнсіздік... жымиыс... тосын,

Бұл бәлкім - өлімнің үні.

Демігу... күрсініс сосын,

Бұл бәлкім - Өмірдің мұңы.

 

Бөрідей аласұрған ұлып,

Өтуде өзіңсіз әр күн.

Бақиға енген соң күліп,

Бақытты болармыз бәлкім.

 

...тірі болсам...

Қою қара іңір...

Менің көгім күрсінеді

Талып жетіп құлақтарға дауысы...

Қалаға әрең жеткен бұл дыбыс...

Жаңғыртады не себептен тау ішін...

Менің жаным түршігеді...

Қапас қала түрмесіне қамалып...

Еркіндікте жүріп-ақ...

Азаттықтағы бостандықтың...

Таппайды ешкім амалын...

Менің санам білсін нені...

Мишықтағы қатпарлар қозғалмайды...

Зіл басып, жарығы түнде өшкен...

...кеңістіктегі атмосфераның тылсымына еніп...

Ұйқының Өңінде тілдескен...

Менің ойым шашыраған...

Сәуленің жарығы...

...қосындылардың нәтижесінде сынаптай еріген...

...анығы -

Соқыр ғаламның...

Шарықтау шегіндегі Ұйқысымен...

Бейуақыт үндескен...

Менің әнім...

... қыстығып шыққан Музаның үні...

Әлдекімдерді мезі еткен...

Әлдекімдердің Ой-төбесін оттай қарыған...

Гипербола қосып сөз етсем...

Жөргекте жатып-ақ...

УЫЗ-ӨЛЕҢГЕ жарығам...

Менің кредом...

Сордың тілі...

Шерменен күнбе-күн санасқан...

Ұғынып қайғының байламын...

шаттықтың көгіне ұмтылып...

Жетпеген, бірақ та, күрескен, таласқан...

Менің бақытым...

Қара аспан...

Сәуледен ада-күде...

Мұңлы музыкамен сырласқан...

Қорқыттың қобызын асынып...

Өлімнен қашып...

едәуір қырды асқан...

ҚАРА аспан...

Көгіне шындықтың туы байланғанда...

Жырымды нотаның тілінде сайратып...

Шырқаймын шаттықтың шегінде Алашқа ән...

...тірі болсам...

15.02. 2011жыл.

 

...тіледім...

Көкірегімде  күйі ойнап күдіктің,

Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?

Жымиюды һәм күлуді ұмыттым,

Күлдірме де, бүлдірме де, емдеме...

Қарқылдаймын қарға құсап мен неге?

Адамдығым ар астында тапталып.

Түсініксіз менің жайым пендеге,

Жарытпаспын мен де оларға ақталып.

Жарытпаспын мен де оларға ақталып,

Жалқы себеп: Дүнияға бөтенмін.

Бес күндіктің табанында тапталып,

Марғау тірлік күнәсін де - көтердім.

Марғау тірлік күнәсін де көтердім,

Кінәлі боп кетпеу үшін ғайыпқа.

Сөйте тұра періште емес екенмін,

Бұйырмаңыз айыпқа...

Бұйырмаңыз айыпқа...

Артық айтсам жазаласын жүрегім.

Періште боп аттануды ғайыпқа,

Өзіме емес, өзгерлерге тіледім...

10.02.2011 жыл.

 

Түсініксіз...

Зу-ылдап құлады жұлдыздар,

Жер-ана үстінен көр қазып.

Денемнен сылынып сүйектер

Менде ұштым ғаламға тым өзге:

Сөзіммен тұрманы ерттелген,

Жыл бұрын құрлыққа серт бергем:

«Көлеңкем соңымнан ерсін деп,

Шашылған сүйекті көрсін деп,

Жүректен бөлініп, сүйегі мерт болған

Бейбақтың мәйітін -

Шалтаудың басына көмсін деп...

Қолынан келсе егер адамдар

Мен құсап жүрексіз өлсін деп»

Ауа тар, кеңістік жолында келемін -

Ұшып мен,

Қара Жер Құрбаны бітімі бөлектеу -

Тек  еттен жаралған -

Түсік пе ем...

Мен жердің ауасын жұтқанмен -

Жұмағын бокалға толтырып ішіп пе ем...

... ай тұсы аялдап...

Тұрғанда маңдайым нұрланып,

Сәулесі сөнген тым сәл ғана ұшқынмен-

Ақ  Шолпан қарайды Ұрланып.

Ұшқынын көргенмен жарықтың -

Түнекке тығылып алыппын...

Түнекке рең беріп күліп күн,

Тұтатты шылымын үміттің.

Осы сәт... тек түнде...

Көк жүзін шарлайтын.

Білгіштер -

Телескоппен барлайтын.

Андромеда жиекте жарқ етті -

Болбырақ боз сұлбам болбырап -

Жанарым жалт етті.

...пенделік болмыспен қымсынбай -

Өзгеше ӨЛІМГЕ құлшынбай -

«Адамды емес еш -

Өзіңді сүйем» деп сыбырлап -

Тіл қаттым.

Темірдей тот басқан -

Жүректің бүлкілін тыңдаттым...

... тұрпаты өзгеріп тіпті «оның» -

Жауабы қатқылдау шықты оның:

«Сөздерің сілкіді жүректі мендегі -

Бойымды бөлек күй баурады, меңдеді -

Бірақ та, ғафу ет, сүймеймін,

Сүйексіз, тірейтін тиексіз пендені!»

... жыладым сол кезде-

Көзімнің маңайын шық басып,

...естуім бойынша -

Сүйегім алыпты жер құшқан  -

Кометамен жұптасып...

 

Химиямын

Кеше мен -

У іштім -

Сен су ішкен кесемен.

Өлмедім, өнбедім -

Үкімін шығарды пешенем.

Оң заряд емеспін,

Керімін -

Талайлы тағдырдан жерідім.

Сүлдерім сүйретіліп жүргенмен -

Жеті қат жер асты серігім.

Жүректі тырнайды, ұлиды -

Арлан емес, бір қаншық -

Бөрі мұң.

Қыздырып қызғаныш отының -

Көрігін.

Тірі боп жүргенмен -

Өлімін.

Сенсең сен -

Теңізбін толқыны жағада теңселген.

Теңіздің ғұмыры -

Қос қарашығыңдағы -

Тамшымен өлшенген.

Қинадың -

Сондықтан жұмбақпын, химиямын -

Бір жүз төрт элемент топтасып,

Жарылғыш заттарды жинапты -

Толтырып шикілеу - мендегі миға мұң.

Жанымды уран жеп,

Тасындым, теріме сыймадым.

...Әруақ кейпінде жүрсем де -

Мен сені ешкімге қимадым.

Өтінем әлі де кеш емес,

Құш мені -

Құлшынып, сүй жаным!

 

Кешіріңіз...

Біз жиектен жылай құлаған,

Метеорит - сый боламыз.

Жерде де жанарын жасқа бұлаған,

Пендеміз күннен, түннен, сырт-сырт сағат үнінен -

Жиған аңыз.

Жерге елші боп келген соң,

Пендеауи тірлікке көндігіп, лажсыз иланамыз.

Жансыз боп келгенмен,

Жан бітіп, сүйіп қалып, ал жүрек күйіп қалып,

Тентіреп, қыр кезіп, қиналамыз.

Содан соң... Қорқыттың қобызынан...

Сарнай жөнелетін...

Беймәлім күй боламыз.

Жүрекпен сүйгенмен, екіге айрылып,

Бір-бір үй боламыз!

Солай ма, ДИНАРА ҚЫЗ!?.

Сол түні күнәһар болсақ та,

Күн жылжып өзгеге сыйланамыз.

Кешіріңіз, сізді сүйген жартыңыз бар!

Ендігәрі мені кеп қинамаңыз.

Қинасаңыз: Бәрібір сезімімнің сұйылған әні,

Ол енді желдей желіп, шарлаған - құйын даланы.

Мені қоя қойыңыз,

Өзіңізге тым қатты қиын болады.

Мен енді ерімеуге бекінемін, Сіз де мені мазаламаңыз,

Өтінемін...

P. S. Екеуміз де бұ дүниенің қонағы,

Сөйтсек дұрыс болады!

 

Есімде еді

Есімде еді, есіңде еді,

Бізбен бірге талдардың шешінгені.

Қимылымды құп алып, қарсы болмай,

Кінәлі ғып тастадың сосын мені.

 

Есіңде еді, есімде еді,

Тұсауыңның әп-сәтте кесілгені.

Өміріңді бір күнде тәрк етіп,

Талап еттің тағы да сосын нені?

 

Есімде еді, есіңде еді,

Іңірде емес, кәдімгі бесінде еді.

Мен емеспін, алдымен сен қаладың,

Сол үшін де күнім-ау, кешір мені.

 

Есімде еді, есіңде еді,

Күңіренген жиектің тосын демі.

Ашық аспан астында... болды бәрі,

Есімде еді, есіңде еді...

Кұлы болып күдіктің,

Мен бәрін ұмыттым,

Сен де ұмыт!

 

Табыттың ішінен

Мариана -

Түпсіз терең шұңғыма ойдан жалықтым,

Айсберг-жүрегіме мекендепті алып мұң.

Таңертеңмен тереземнен күлім қағып жарық күн,

Талып-талып естіледі үні кешке табыттың.

 

...шынымен -

Жалықтым, кірледі кіршіксіз көңілім,

Бес күннің шеткері тұсында күлкі де, төрі - мұң.

Меридиан маңында өткелек тұр іздеп өмірім,

Экватор шалғайда қалды ма?..

Күттірмей кел енді, Өміршең - Өлімім...

 

Сені аңсап, қарашығы суланды жанардың,

Сені аңсап, таусылды, талайлы тағдырға тағар мін.

Ей, жалған өзіңнен таппаған бақытты күндерді,

Тар шеңбер, аядай, табыттың ішінен табармын...

 

Космология немесе ұшқан рухты іздеу

Таразым - Тұманды Альбион -

Мен түкті аңдамай адастым.

Батыстан гулеген желменен бірге ұшып,

Тұп-тура белінен құшыппын -

Алпауыт ағаштың.

...ғайыптан жоғалған өр рухы,

«Осында екен ғой»

деп қоям Алаштың!

Ысқырған жел тағы жетектеп әкетті жиекке,

(Өн бойым жеп-жеңіл, айналып кеткем бе, сүйекке?)

...мен кенет кейпіне ене қап білместің,

Бүкір - бел, түсініксіз тілде тек сөйлейтін,

Айменен тілдестім.

...уәдеден қажып та кеткен соң, құрғақ тым,

Жиектің еркесі - Ақбалтыр айға мен,

Былай деп тіл қаттым:

«Елші боп келгесін;

Арқалап келдім мен алты Алаш арызын,

Рухымды оятып алам деп

Тоздырдым кеңселер дәлізін.

Қолыңнан келсе егер,

Қазақтың өр рухын қайтару:

Ақмарал, ай бикеш, парызың!»

Ай:

«... тектілік тезіне көнбеген,

Жанының жарасын арзанқол күлкімен емдеген.

Қазақтың рухы астеройд кейпінде ұшып жүр,

Ауа жоқ аймақтың өзінде өлмеген.

Сұлтаны өлтіріп, ұлтаны жерлеген,

Метеорит күйінде ағызып жібердім,

Рухыңды жерге мен!»

...дәл қазір өзіме-өзім жат, бөтенмін,

Өзімді жоғалтып, өзгенің шашбауын көтердім.

Өзімді жоқ қылған өзгенің болмысын өлтіріп,

Өзімді қайтадан табар ма екенмін...

 

Антарктида

Екеуміздің демімізге тұншығып

Антарктида.

Көз ұшында көлбеңдейді алып мұз,

Түз желіне тоңбай біз-ақ қалыппыз.

Мұз үстінде еркелесіп, өбісіп,

Оқшауланып, құшақтасып алыппыз.

 

Антарктида.

Бес-ақ құрлық, бес-ақ түрлі кеңістік,

Алтыншысын мекен еттік, өбістік.

Тек мұзбенен құрсауланған бұл құрлық,

Тек біз үшін қапырық түз, ең ыстық!

 

Антарктида -

Бұл ғаламат Табиғаттың көрігі,

Оны келіп сүймесе де Африканың еріні.

Екеуміздің демімізге тұншығып,

Алып мұздың бір бөлігі еріді.

 

Ол мені сүйеді бәрібір!

Жалындап тұрып-ақ  жанары,

Булығып, ішінен жылайды.

Алмадай домалақ  анары,

Әлі де ұнайды, ұнайды.

 

Мақтадай мап-мамық еріні,

Дәмі - бал, сүйгенде еріген...

Ол бүгін бір үйдің келіні,

Біреуді бағына теліген.

 

Жұп-жұмыр, шыбықтай белінен,

Ең алғаш мен бейбақ құшқанмын.

«Сүйемін» деп айтып «сені мен!»

Ал бүгін «ойыннан» тыс қалдым.

 

Уақыт не деген ақымақ?

Ол қыздың әлі де жаны - гүл.

Өзгенің қойнында жатып-ақ,

Ол мені сүйеді бәрібір!

 

Құлың боп өлейін сенің...

Ұсқынсыз Шалтаудың шыңы,

Аптапқа реңі күйген.

Осында бір қыздың мұңы,

...тек мені сүйген.

 

Қабағы қатулы бұлттар,

Кінәмді кешірші менің.

Табиғат, сол қызды құтқар!

Құлың боп кетейін сенің.

 

Өтінем жылатпа оны,

Онсызда жылап жүр түнде.

Қайғысы ол қыздың СОНЫ,

Күлуді білмейді мүлде.

 

Шалғынға аунаған бірде,

Серінің құшағын таңдап.

Соңынан көшіп жүр бірге,

Сол түнгі ...

Соңғы мұң зарлап.

 

Қатпар бұлт ашулы неге?

Көзінен ыршиды жасы.

Қайғының соңы бұл деме,

Соңғысы я, бәлкім басы...

 

Жылап тұр көк аспан сыңсып,

Тамшылар сүйеді мені.

Өмірді иірген Ұршық,

Қарайды... қаталдау өңі.

 

Неліктен адастым екен?

Торына шырмалып түннің.

Жан ба едім сертіне бекем?

Қайғырып о, неге күлдім?

 

Шалтаудан келемін төмен,

Өмірден, өлімнен қашып.

Сабама түсіріп өлең,

Тастады мысымды басып.

 

Ұсқынсыз Шалтаудың шыңы,

Ұрланып қарайды тағы.

Таусылып ол қыздың мұңы,

Жай тапты жаны...

 

Шалт басқам қадамды талай,

Өзімше Өзімді сыйлап.

О, тоба, тірімін қалай?

Өлтіріп өзгені қинап!..

 

Жарық күн құтқардың неге?

Сыйыңа рахмет, ӨМІР!

Өмірге құлшынды деме,

Үш мәрте лақтырды өлім!

 

Өлімге рахмет айтам,

Өмірге налып та сірә.

Үкімін шығарды бейқам.

Арқалап жүрсін деп күнә!

 

Қабағы қатулы бұлттар,

Кінәмді кешірші менің.

Табиғат, күнәдан құтқар!

Құлың боп өлейін сенің.

14. 03. 2011 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5656