Фрэнсис Фукуяма. Путиннің билігі - ұрылардың билігі
Стэнфорд (АҚШ) университетінің профессоры, «Тарихтың соңы және соңғы адам» атты жұмысымен танымал, философ Фрэнсис Фукуяма Ресей мен Батыстың қазіргі қақтығыстары туралы өзінің көзқарасын білдірді.
Фукуяма бұрын жариялаған тарихтың аяқталуын және бүкіл әлемдегі капитализмнің және либералды демократияның соңғы бірігуі әлі толық аяқталмай жатқанын мәлімдеді. Қазіргі демократиялық жүйенің аздап тозуы мен осы құндылықтардың уақытша құлдырауы байқалатынын да тілге тиек еткен.
Фукуяманың айтуынша: «Демократия – рецессияда, бірақ демократияның дамитынына үміт көп. Өйткені, қазір демократия құндылығына нақты балама жоқ». Фукуяма Батыстың Ресеймен өркениетаралық қақтығысы бар деп санамайды.
Оның айтуынша, ұлттар арасында құндылықтар бойынша ғана оппозиция бар, бірақ мемлекеттік деңгейдегі оппозиция президент Владимир Путиннің қоршаған ортасына байланысты. Фукуяма Ресейдегі қазіргі билікті клептократтық ретінде сипаттады (ежелгі грек тілінен аударғанда «клептократия» деген сөздің мағынасы - «ұрылардың билігі». Мұндай елдер бүкіл экономиканың ресурстарды саудалаумен байланысы бар үшінші елдердің бірі болып саналады. - FB.ru сайтынан оқыңыз: http://fb.ru/article/361681/kleptokratiya---eto-chto-takoe-kleptokratiya). Ресей Президенті Путиннің айналасындағы элиталардың жеке мүдделері бар, олар әрдайым Батыстың элитасының мүдделерімен сәйкес келмейді. Әлеуметтік жүйелердің күресі туралы айтатын болсақ, бұл жерде орынсыз. Егер Кеңес Одағы Маркс пен Энгельстің идеологиясына негізделген балама құндылықтар мен қоғамдық тәртіпті ұсынса, онда бүгінгі Ресей қазіргі әлемдік тәртіптің жүйесіне кірер еді. Соңғы жылдардағы қарсыластық Ресейдегі элитаның жеке мүдделерімен байланысты, – деп қосты Фукуяма.
«Путин өзінің баламасын Батыстың істеген істерін қабылдамайтынын дәлелдеу құралы ретінде ұсынуға тырысады. Бірақ бұл өркениеттік балама емес», – деді ол. Сонымен қатар, Фукуяма Путиннің саясатының негізгі қателігін де айтты. Ол қарапайым ресейліктердің қадір-қасиетін және қауіпсіздікпен өмір сүруін ойламайды. Владимир Путиннің Ресейдің ұлылығы туралы өз ойын айтуы дұрыс, бірақ ол ұлылықты көршілерге үстемдік ету ниетімен айтуын қоюға тиіс. Бұл Ресей, ЕО және АҚШ арасындағы қатынастардың тітіркендіргіш факторына айналып отыр.
Ғалымның айтуынша, «Путин 2000-шы жылдардың басында ресейліктердің өркендеуге деген сұранысын ішінара қанағаттандыра алды, бірақ оның табысы негізінен энергияның жоғары бағасына байланысты болды. 20 жылдай үкімет үшін ол «энергия бағасына тәуелді болмай-ақ өсетін экономика құра алмады. Бұл оның режиміндегі үлкен әлсіздік», – деді Фукуяма.
Ол «ресейліктердің қазіргі жолы тұрақтылық пен өркендеуінің негізі бола алмайды» деп ойын қорытындылаған.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті
Abai.kz