Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2837 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 11:44

Ардабек Солдатбай. Балалардың бағы ашылса екен

Алматыдағы Алатау ауданына қарасты Тереңқара өзенінің бойындағы жар басындағы жалғыз үйдегі балалардың аянышты тағдырын http://www.masa.kz/article/view/id/1327 интернет газеті жария еткен соң, Алаш жұрты мейірленіп, қарагөздерді қаңғытпай қамқорлыққа алу қажеттігін айтып хат жазып, хабарласып, әркім қолынан келген көмегін аямайтынын жеткізіп елдігі мен бірлігін паш етті. Нәтижесінде мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ұрпақ қараусыз қалған қазақтың болашағына жауапсыздықпен қарап келген жергілікті билікке қаратып депутаттық сауалнама жолдады. Сөйтіп, қалалық, аудандық әкімшіліктен жауапты қызметкерлердің тобы жар басындағы жалғыз үйге арнайы барып, (http://www.masa.kz/article/view/id/1351)  жағдайды көздерімен көріп, қолдарымен ұстады. Нәтижесінде:

Әлгінде ғана редакциямызға Алатау ауданының әкімшілігінен хабарласып, «Жар басындағы жалғыз үй» атты мақалаға орай атқарған істерін хабарлады. Сүйінші сұруға тұрарлық жаңалықты тездетіп өздеріңізге жеткізіп отырмыз.
Әкімшілік өздеріне берілген құзырларын пайдаланып балаларды төмендегі мекен-жайға орналастырыпты.
Нұрпейісова Таңсұлу Әбдіғапарқызы, 2007 жылы туған  кәмелетке толмағандарды уақытқша оқшаулау орталығына;
Тұрсын Томирис Әбдіғапарқызы, 2008 жылы туған,  №2  қалалық клиникалық ауруханаға;
Әлімбай Фариза (ұл), 2010 жылы туған,  №2 қалалық клиникалық ауруханаға;
Кенганов Темірлан, 2009 жылы туған,  №2 қалалық клиникалық ауруханаға жөнелтіліпті.
Әкімшілік қызметкерлерінің айтуынша, қазір балалардың аналары тіркелген мекенжайларды анықтау жұмыстары қолға алынған. Олардың мекенжайлары анықталған соң сот орындарына оларды ата-аналық құқығынан айыру туралы өтініш жолданады.
Құзырлы мекемелер "балаларды қалайда жынойнақ пен маскүнемдіктен алыстатып, балалық шақтарын бақытты өткізуге күш саламыз" дейді. Ләйім, солай болса екен. Еш күнәсі жоқ сәбилерді бір перзентке зар болып жүрген адамдар асырап алса екен дейміз.
Айтпақшы, біз көргенде сәбилер алтау болатын. Әлгі "өскемендікпін" деген келіншек екі баласын алып зытып отырса керек. Құқық қорғау орындары оны іздеп табады деп сенеміз.
Болашағымыз жарқын болсын деп тілейік!

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5657