Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2611 0 пікір 15 Сәуір, 2011 сағат 06:16

Жадыра Мүсілім. Жоғары соттың алты судьясы жемқор болып шықты

Кеше Парламент Сенатының отырысында бұрын-соңды болмаған жайт болды. Палата депутаттары  Жоғарғы соттың бірден алты судьясын қызметінен босату туралы мәселені қарады. Қаржы полициясы агенттігінің Президенттің атына жасаған ұсынысы бойынша қазылар қызметінен кетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мынаны хабарлауға рұқсат етіңіздер. Қаржы полициясы агенттігі Президенттің атына бірқатар судьяларды Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Олар - Алмаз Тәшенова, Мақсат Әбілқайыр, Мәрзия Балтабай, Сайлаубек Шәкішев, Бақытжан Жақыпов, Маркелен Қалназаров»,- деді Мемлекет басшысының өкілеттігі бойынша сөз сөйлеген Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин.

Ал Қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров Бас Прокуратурамен бірлескен жұмыстың барысында Жоғарғы соттың судьяларының шынайы бет-перделерін ашқанын айтты. Олардың судья әдебін бұзғаны, әкімшілік және азаматтық істерінде жемқорлыққа жол бергені мәлім болды.

Екеуінің баяндамасынан кейін Парламент Сенаты «Жоғарғы соттың 6 судьясы қызметтерінен босатылсын» деген шешім шығарып, 44 депутат қолдап дауыс берді.

Жиыннан кейін БАҚ өкілдері мәселенің мән-жайын білу үшін бірнеше сауал қоймақ болғанымен, отырысқа қатысқан Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаров, Жоғарғы соттың судьясы Мұсабек Әлімбеков те елден бұрын тайып тұрыпты.

«Мынандай жағдаймен ешқашан бетпе-бет келген емеспін. Барлығымыз қазір бұл туралы не айтарымызды да білмей дал болып отырмыз. Жоғарғы қадағалаушы органның қызметкерлері жемқорлыққа жол берсе не болғанымыз? Олар биліктің бетпердесі, өзгелерге үлгі болатын, әділдікті басып айтып беретін адамдар ғой. Біз өз өмірімізді осылардың қолына тапсырамыз. Олардың қолында адам тағдыры тұрады. Мынандай жемқорлық жайлаған соттарды көзге елестетудің өзі қорқынышты болып тұр. Қазір осындай судьялар  сот жүйесінің адымын аштыра алмай жүр. Бұл туралы бұрыннан барлық БАҚ беттерінде жарияланды. Бірақ, сол кездері Жоғарғы сот өз жараларын жасырып келді. «Бізде ондай жағдайларға жол берілмейді. Қазір сот жүйесі мүлде басқа. Сот жүйесі әділ», - деп қадап айтып, сендіріп келді? Қайсы сол әділдік? Ендігі жерде әрбір басшы өз ісіне жауап беру керек. Егер осы жерден жемқорлықтың белгісі анық табылатын болса,  барлық басшылық, соның ішінде Мұсабек Әлімбеков қызметінен кету керек», - дейді сенатор Ғани Қасымов.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659