Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1981 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 22:46

Қазақстандағы Монархиялық Капитал жүйесінің эволюциясы (жалғасы)

6-кезең. 2012-2025 жылдар.

Аталған кезеңнің аяқталуы елдегі басшының қайтыс болуына дейінгі уақытпен оның тақтан кеткеннен кейінгі 5 жылды қоса есептегендегі уақытты суреттейді.

Монархиялық Капиталдың негізгі бағыты өз табысын ұлғайту және билікті ұстап қалумен түсіндіріледі. Сол үшін де ол келесі әрекеттерді жасайды:

1. Мемлекеттік тиімді ақпаратты құру және жемқорлықпен күрес.

Себептер.

1. Бай-шенеуніктерге елдегі басшы олар емес екенін, басшы ол екендігін түсіндіру.

2. Елдегі доллар түсімінің жалғыз көзі - Монархиялық капиталдың бақылауымен түседі, сәйкесінше мемлекеттік бюджеттен ұрлап отырған барлық шенеуніктер Монархиялық Капиталдың қалтасындағы ақшаны тонайды.

3. Шағын және орта кәсіпкерлікке байлардың араласуын тоқтату. Өйткені кәсіби тауарлардың өндірісінің ұлғаюы Монархиялық капиталдың қарамағындағы долларға деген сұранысты азайтады.

6-кезең. 2012-2025 жылдар.

Аталған кезеңнің аяқталуы елдегі басшының қайтыс болуына дейінгі уақытпен оның тақтан кеткеннен кейінгі 5 жылды қоса есептегендегі уақытты суреттейді.

Монархиялық Капиталдың негізгі бағыты өз табысын ұлғайту және билікті ұстап қалумен түсіндіріледі. Сол үшін де ол келесі әрекеттерді жасайды:

1. Мемлекеттік тиімді ақпаратты құру және жемқорлықпен күрес.

Себептер.

1. Бай-шенеуніктерге елдегі басшы олар емес екенін, басшы ол екендігін түсіндіру.

2. Елдегі доллар түсімінің жалғыз көзі - Монархиялық капиталдың бақылауымен түседі, сәйкесінше мемлекеттік бюджеттен ұрлап отырған барлық шенеуніктер Монархиялық Капиталдың қалтасындағы ақшаны тонайды.

3. Шағын және орта кәсіпкерлікке байлардың араласуын тоқтату. Өйткені кәсіби тауарлардың өндірісінің ұлғаюы Монархиялық капиталдың қарамағындағы долларға деген сұранысты азайтады.

Осы жайды түсіндіріп кетейік. Қазақстанда жиһаз өндіретін өнеркәсіп жоқ болғандықтан, барлық Қазақстандық отбасылар теңгені долларға айналдырып, жиһазды шетелден сатып алуларына тура келеді. Себебі шет елде біздің теңге ешкімге керек емес. Ал доллардың Қазақстанға түсетін ең негізі көзі - Монархиялық Капиталдың бақылауындағы шикізаттан түсетін табыс. Соған сәйкес Қазақ отбасылары шетелдік жиһаз сатып алғанда, Монархиялық Капиталдың құзырындағы доллардың көлемін төмендетеді.

Егер осы жиһаз елдің ішінде жергілікті шикізаттан өндірілсе, мұндай жиһазды сатып алуға доллар керек болмайды. Осылайша, қазақ отбасылары өздерінің теңгелік кірістерінен отандық жиһазды сатып алып, Монархиялық капиталдың долларлық табысын түртілмеген күйде қалдырар еді.

2. Мұнай қорын ұлғайтып ондағы Қазақстанның үлесін қосу.

Бұл тікелей Монархиялық капиталдың өз табысын ұлғайтуға бағытталған талпыныс, өйкені ол енді банктерден ала алмай отырған табысын мұнайдан қосымша түскен түсіммен орнын толтырады. Сәйкесінше, Монархиялық  Капитал біздің байлықтан түсетін шетелдік компаниялардың табыстарына көз салып, бір бөлігін өзіне, ал бір бөлігін Қазақстанға қайта бөлу мақсатында шетелдік компаниялармен салық және басқа да келісім шарттарды қайта қарастыруға талпыныс жасай отырып, мұнайды экспорттаудан алатын баж салығын ұлғайтады. Осы аталған көрініс түсінікті болу үшін санмен көрсетейік. Алдында атап өткендей, 2006-2007 жылдар аралығында Қазақстандық банктер 30 млрд долларды шет елден қаражат ретінде тартты. Сол уақыт ішінде біздің байлықтарды пайдаланудан табыс түсіріп отырған шетел компаниялары (трансұлттық компаниялар) Қазақстаннан 19 млрд  долларды дивиденд түрінде алды. Бұл қаржының бір бөлігін алу үшін Монархиялық капитал трансұлттық компаниялармен күрес жүргізеді.

Жылы

2007

2008

2009

2010

Мұнайдың экспорты

$32,733,462,800

$41,681,291,800

$31,819,561,200

$38,653,500,000

 

шетелдіктердін алатын дивидендтері

$11,245,000,000

$17,192,000,000

$10,224,000,000

$13,388,000,000

 

шетелдіктердің алатын үлесі

34.35%

41.25%

32.13%

34.64%

«Қашаған» сияқты жаңа кен орындарының енгізуілі, мұнай қорының ұлғаюы, әлемдегі мұнайды тұтынушылардың көлемінің қысқаруына келіп тіреледі. Мысалы, тәулік бойынша мұнайды тұтыну млн/баррельмен есептегенде:

Жылы

2007

2008

2009

Сотүстік Америкадағы мұнай тұтыну көлемі

25.00

23.80

23.10

 

Еуропалағы мұнай тұтыну көлемі

16.20

16.10

15.20

 

Қытайдағы мұнай тұтыну көлемі

7.50

7.8

8.2

Сөйтіп, әлемдік нарықта мұнайды тұтынушылардың көлемінің қысқаруын көре отырып, біздің мұнай қорының ұлғаюының маңызы жоқ екендігін көреміз. Қазіргі жағдайда тұрақты өсіп отырған жалғыз нарық ол Қытайдың нарығы. Осылайша, біздің мұнайға бақылау жасап отырған АҚШ пен Еуропалық трансұлттық компаниялары, осы мұнайды ұлғайтып, оны Солтүстік Америка мен Еуропның қысқарып бара жатқан нарығына тасымалдаудың маңызы жоқ екендігін түсіне отыра, мұнайдың Қытайға көбірек тасымалдауына қарсылық көрсетеді. Өйткені Қытай олардың саяси-экономикалық бәсекелесі. Осы жағдай Монархиялық капиталдың Қытаймен одақтасуына, американдық және еуропалық трансұлттық компанияларын отанына қайтарып, олардың орнын толықтай Қытай компанияларымен толықтырылуына әкеліп соғады. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір Қазақстан өзі Қытайдың саяси-әскери ықпалына көшуін жеңілдетеді.

1.     Ішкі өндірісті көтерудегі талпыныс.

Біз алдында айтқандай,

1. Шағын және орта кәсіпкерліктің тауарларының өндірісінің ұлғайюы Монархиялық капиталдың қарамағындағы долларға деген сұранысты азайтады.

2. Орта және шағын капиталистердің капитал көлемі монархиялық капиталмен салыстырғанда әлдеқайда аз, сондықтан ірі капиталистерге қарағанда, олар монархиялық капиталға шынайы қауіп тудырып отырған жоқ.

Сондықтан, Монархиялық капитал Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігінде сүйеніш іздей бастайды.

Бірақ Монархиялық капитал бұл жерде ешқандай шынайы жетістік көре алмайды. Өйткені монархиялық капитал кәсіпкерліктің негізгі проблемасы байларды бақылаумен байланысты емес, келесі себептермен байланысты болып отырғанын түсінбей отыр:

1. Шағын ішкі нарық

2. Халық саны (аз)

3. Төлем қабілетінің төменділігі

4. Логистика мәселесі - халық тығыздығының төменділігі және осыған байланысты әрбір соңғы тұтынушыға өндірістен тауар жеткізу бойынша үлкен шығындардың туындауы.

5. Ашық нарық - жергілікті шағын өндірушіні ірі әлемдік өнім өндірушімен күресуге мәжбүрлейді және осыны да таза бәсеке деп қояды. Нағыз күрес тек тең ойыншылардың арасында екенін түсінбей отырып 11 жастағы бокс қолғабын киген баланы Мұхаммед Әлимен жарыстырып қояды.

Аталған мәселенің бірден-бір шешу жолы - экономикалық құрылымды өзгерту және Финляндия, Сингапур, Малайзиядағы сияқты экспортқа бағытталған экономикалық құрылымды құру. Осы мемлекеттердің бізбен ұқсастығы бар, өйткені олардың халқы біздегідей аз және үлкен көлемдегі нарықтың шекарасында тұрған жоқ.

Сонымен аз дегенде нені өзгертуіміз керек?

1. Шикізаттан түсетін барлық табысты мемлекеттендіру.

2.Осы мемлекеттендірілген табыстарды өнеркәсіпті және ауылшаруашылығын қайта жабдықтауға бағыттау.

3. Тауар өндірушілерге тура және қосымша субсидия беру.

4. Тауар өндіру салаларындағы әкімшілік кедергілерді толығымен алып тастау.

Осындай жағдайда біз Сингапур, Оңтүстік Корея, Швейцарияның жолына түсеміз. Ал Монархиялық капитал ақырындап көрінбей, капиталистер тобымен сіңісіп кетеді, және монархиялық капиталдың басшысы Ли Куан Ю сияқты адамдармен бір қатарда отырады.

Жалғасы бар

«Дана жол ынталы тобы»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659