Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2323 0 пікір 15 Сәуір, 2011 сағат 09:09

Ғаббас Қабышұлы. Әнуар ұмытылып қалды

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов мырзаның (кешелер лауазымы өсіп, президент аппаратына қызметке барыпты, құтты болсын!) «Мерейтойын өткізуге кіріскелі Мұқағали күнде жанымда жүргендей сезінемін» деген сөзі  мені ойлантты («Алаш айнасы», сұхбат,  09. 02. 2011 ж.). Сұхбатынан әрқилы мағлұмат алдым. Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына дайындықты бұдан бір жыл бұрын бастап кетіпті. Жөн! Ақиық ақынымыздың үштомдығын шығарыпты. Дұрыс-ақ! Мұражайын  күрделі жөндеуге, жаңадан мәжіліс залын салуға, экспонаттарын жаңартуға жиыны 133 миллион теңге бөліпті. Бәрекелді!  Мерейтойдың осы жазда Қарасазда, Жетісу өңірінде, Астанада, Атырауда, Семейде, Шымкентте өткізілетінін оқып біліп, қатты қуандым. Мұқаңды  аға тұтқан, інісіндей қызмет еткен қаламдастарының бірі болып едім. «Мен сенің Өскемендегі ағаң Қадеспен құрдас болсам, сен менің Қарасаздағы Тоқтарбай ініммен құрдас екенсің, сен де - менің інімсің!» деген аға құрметіне көрсетіліп жатқан құрметке неге қуанбайын?!

Иә, марқұм Мұқаңа  құрметтің көптігі жоқ. Алайда, «Мұқағали Мақатаевтың теңдесі жоқ ақын екендігіне, меніңше, ешкімнің қарсы айтар дауы жоқ»; «...қазақта туған күні жыл сайын аталып өтетін бір ақын болса, сол ақын Мұқағали дер едім» деген тұжырымдар, «меніңше», қазақ поэзиясының тұсынан желе жортып өте шыққандық, Мұқағалидан басқаларды көзге ілмегендік тәрізді.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов мырзаның (кешелер лауазымы өсіп, президент аппаратына қызметке барыпты, құтты болсын!) «Мерейтойын өткізуге кіріскелі Мұқағали күнде жанымда жүргендей сезінемін» деген сөзі  мені ойлантты («Алаш айнасы», сұхбат,  09. 02. 2011 ж.). Сұхбатынан әрқилы мағлұмат алдым. Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына дайындықты бұдан бір жыл бұрын бастап кетіпті. Жөн! Ақиық ақынымыздың үштомдығын шығарыпты. Дұрыс-ақ! Мұражайын  күрделі жөндеуге, жаңадан мәжіліс залын салуға, экспонаттарын жаңартуға жиыны 133 миллион теңге бөліпті. Бәрекелді!  Мерейтойдың осы жазда Қарасазда, Жетісу өңірінде, Астанада, Атырауда, Семейде, Шымкентте өткізілетінін оқып біліп, қатты қуандым. Мұқаңды  аға тұтқан, інісіндей қызмет еткен қаламдастарының бірі болып едім. «Мен сенің Өскемендегі ағаң Қадеспен құрдас болсам, сен менің Қарасаздағы Тоқтарбай ініммен құрдас екенсің, сен де - менің інімсің!» деген аға құрметіне көрсетіліп жатқан құрметке неге қуанбайын?!

Иә, марқұм Мұқаңа  құрметтің көптігі жоқ. Алайда, «Мұқағали Мақатаевтың теңдесі жоқ ақын екендігіне, меніңше, ешкімнің қарсы айтар дауы жоқ»; «...қазақта туған күні жыл сайын аталып өтетін бір ақын болса, сол ақын Мұқағали дер едім» деген тұжырымдар, «меніңше», қазақ поэзиясының тұсынан желе жортып өте шыққандық, Мұқағалидан басқаларды көзге ілмегендік тәрізді.

Серік мырзамен 2004-жылдан сырттай ғана таныспын... Әйгілі қаламгеріміз Әнуар Әлімжанов есен-сау болғанында 2005-нші жылы жасы 75-ке толатын еді. 70 жылдығына «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар» атты естеліктер жинағын құрастырып шығардым да, оны оқыған жұртшылықтан тың лебіз-пікірлер түсіп, Әнекеңнің бұрын жарық көрмеген мақалалары, хаттары табылып жатқанына риза болған дос-жолдастары маған соның бәрін жазушының 75 жылдығана шығаруды міндет етті. Ойландым, қармандым. Кезінде Әнекеңнің қамқорлығымен атқа мінген, бүгінде пәлен де түглен компания-корпорацияның президенттері болып отырған екі жігітке телефон шалдым, бірақ олар «өзі жоқтың көзі жоқты» дұрыс деп ойлайды екен, маңайларына жолатпады. Таңдандым. Тығырыққа тірелдім. Ақырында тәуекелге сүйеніп, облыс әкімі Серік інімізге хат жаздым. Жоғарыда аталған жинақты және өзімнің бір кітабымды поштамен жібердім. Арада апта өте бере Серіктің  маған телефон шалып, сәлем бергені ғой!

-Ұлық басымен үйіме телефон шалғандар жоқ еді, мына әдебіңе әбден ризамын, жүз жаса! - деп мәз болдым.

Ініміз  кітаптарды, хатымды алғанын айтып, одан арыда:

-Әнекеңмен таныс болып үлгірмесем де, ат-атағына, абырой-беделіне сыртынан қанық болдым, шығармаларын  білемін. Ондай ағалардың аруағын сыйлау - біздің парызымыз. Кітабын шығарамыз, калькуляциясын жіберіңіз, - деді. Қуандым, алқадым. «Бюджетте белгіленбегенде қиынырақ болуы да мүмкін, алайда облыста бизнесмен жігіттер баршылық қой, солардың бірінің «өкшесін басып қалсаң», бір кітапқа жетер қаржы табылар» деп әзілдеуді де ұмытпадым.

Ертеңінде баспа біз керек еткен калькуляцияны жасап берді. Оны Серікке  аттандырдым. Сөйтіп, арада екі апта өткенде, облыстық мәдениет департаментінен: «Ә. Әлімжанов туралы кітапты шығарып бере алмаймыз, жеткілікті қаражат жоқ» деген хат келді. Калькуляция бойынша қажет қаражат 3000 доллар ғана еді...

Әнуар Әлімжановтың туғанына былтыр мамырда 80 жыл толды. Біз де «дайындықты бір жыл бұрын бастап кетіп» үкіметке, облыс әкімдігіне хат жолдап: «Жер шарының алпыс шақты елінде КСРО-ның, Қазақстанның, қазағының насихатшы өкілі болған; Мұстафа Шоқайды ақтау күресін бастаған; әл-Фараби бабамыздың сурет-бейнесі, шығармалары еліне оралуына көп күш салған; КСРО Жоғарғы Кеңесінің бір басшысы болып, КСРО-ны ыдырату туралы тарихи  қаулыға қол қойған мемлекет және қоғам қайраткері болғанын» және кітаптарын, атақтарын, наградаларын тізіп жаздық. Өздері білсе де, қайталап айтуды жөн көрдік. Әнекеңнің 70 жылдығы туып-өскен ауданының деңгейінде, мектеп залында жиналыс қана болып өткізілген-ді, енді сондай сорақылыққа тағы жол берілмеуін қаладық. Өкінішке қарай, ешқайдан ешқандай жауап келген жоқ. Әйтеуір, өткен жылдың соңында Алматыда М. Әуезов атындағы драма театрында жергілікті екінші-үшінші дәрежедегі бірер шенеунік қатысқан «салтанатты» жиналыс болды. Жетім жігіттің үйленгеніне ұқсас ол жиынның  «атап өтілді» үшін ғана жасалғаны сөзсіз.

Ал облыс күні бүгінге дейін жым-жырт. Жазушының хабарласқан жолдастарына, іні-қарындастарына әкімдік: «Дайындалудамыз, өткіземіз» дейтін көрінеді. Ә. Әлімжанов атындағы мектепті жөндеудің әләуләйі бітпеген бе, жазушының мүсінін жасау мен орнатуға қаржы табылмай жатқан ба...   сылтау  жеткілікті.

Облыстың жалпы тіршілігі жақсы. Салтанатты жиын, ақындар айтысы, зиялы қауым өкілдерінің мүшелтойлары, мерейтойлары өткізіліп келеді. Жасы алпысқа, жетпіске толған ақын-жазушылардың кітаптары шығарылып, тойлары қапысыз жасалып, өздеріне «темір тұлпар» тарту етіліп жүр. Дұрыс.  Әнуар Әлімжановтың аруағынан аттап кете беру ғана өте өкінішті!

...Мұқағалиды аға тұттым, інісінде қызмет еттім дедім. Аруағын әрқашан әспеттей беремін. Ал Әнуар десем... Мұқағалиды Жазушылар одағынан шығартпаған, Мәскеудегі Бүкілодақтық әдебиет институтына оқуға жіберген, 3 дастаны мен 55 өлеңін орыс тіліне аудартып, «Зов души» деп ат қойып, алғысөзін: «...творчество Мукагали Макатаева - яркая страница казахской поэзии  шестидесятых-семидесятых годов нашего столетия», деп бастап: «Порой он бывал грустен, порой беспокоен, задирист в споре. Но всегда оставался жизнелюбом и оптимистом...  Добротой наполнены его строки, добротой и любовью к человеку», деп тұжырып,   Мәскеуде кітап еті бастырған Әнуар емес пе еді?!

Кезінде Мұхтар Әуезов: «Егер 1-Петр Еуропаға терезе тескен болса, Әнуар Әлімжанов - Азияға айқара ашты!» деген екен. Өзін КГБ дегеннің құрулы торынан құтқарып жіберген шәкіртінің бүкіл Африканы аралап, олардың азаттық үшін күрес жүргізген, жеңіске жеткен жауынгерлері сапындағы жас ақын-жазушылармен танысып, тіл табысып, достасып, ұлттық әдеби ұйымдарының құрылуына, қалыптасуына жәрдем жасағанын көрсе, өзінің арман-өсиетін орындай білген шәкіртінің ұйымдастыруымен, басшылығымен Азия және  Африка жазушыларының 1973-жылғы қыркүйекте Алматыда өткен бесінші конференциясы ғасырларға созылған отаршылдықтан азат Африка әдебиетіндегі ең ірі тарихи оқиға болғанын,  шәкіртінің Африканың оянуынан өз елінің кеңестік империяның шідерінен құтылғанына куә болғысы келгенін көрсе, онда Мұхаңның: «...Әнуар Әлімжанов - Азия мен Африкаға айқара ашты!» дері сөзсіз еді-ау!

Сол Әнуардің мерейтойына  133 теңге де бөлінбеді, өйткені үкімет бөлмеді. Неге?!. Бұл сұраққа жауап  мынада:

Кейбіреулер: Ә. Әлімжанов 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін түсінбеді, Мәскеудегі «Литературная газетада» жарияланған мақаласында жастарымызды кінәлады, деп ұшқары пікір айтылып жүр. Бекер! Аталған гәзеттің редакциясындағылар СОКП Орталық Комитеті бөлімінің нұсқауымен автор ойына кереғар ұғымды бірнеше сөйлемді қосып жіберіпті. Оған қарсылығын Әнекең соларға дереу айтты да, жазды да. Керісінше: жастардың көтерілуіне, жазықсыз жазалау, қан төгу болғанына Мәскеу мен Алматы партократтарының тікелей кінәлі екенін ашынып батыл жазған алғашқы азаматтарымыздың бірі - Әнуар! Мысалы, «Комсомольская правдадағы» мақаласында былай деген: «...Это страшнее, чем грандиозное стихийное бедствие... во время стихийных бедствий люди проявляют лучшие человеческие качества, свое единство. А декабрьские события вселили в нас тревогу, отчужденность, показали, насколько зачерствели, заплесневели наши души. Зараза приспособленчества и потребительства, протекционизма и родофильства очень живуча. Она порождает клановость, вождизм... В морально-нравственном падении высших кругов нашего республиканского руководства, в коррупции и трайбализме, землячестве и взятничестве, охватившим высшие сферы нашего общества, нашей Академии наук и центральных алматинских вузов и приведших к трагическим событиям, виновна не молодежь... В этом отчасти виновны и мы с вами, но больше все те же чиновники, сидевшие на хломе власти».

Ал 1993-жылдың тамыз айында былай деген:

«...бывшие работники партийных верхов стали причастными к дележу - кто в меньшей, кто в большей степени - бывшей партийной казны, ее имущества. На деньги партии открыты коммерческие структуры... Распродается национальное богатство... Мы не против рыночных отношений, но нельзя же допускать безудержного хищничества, тотальной коррупции, вопиющего беззакония - словом, беспредела!.. У нас произошло что-то антиисторическое. Мы уничтожили все до основания. Не только экономику, но и науку, и культуру, и литературу тоже... Полное единоначалие и подчинение сверху донизу... Да, мы все разрушили. А что предложили взамен? Говорят, сейчас переходный период. Но куда переходим-то? К цивилизованному рынку ли? А может, в феодальное прошлое? Пока что переступили порог дикого капитализма, основанный на перекупле, перепродаже, на спекуляции, где утверждается закон джунглей. Стали страной воров...» («Қазақ мемлекеті» - «Республика» гәзеті).

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5681