Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2238 0 пікір 16 Сәуір, 2011 сағат 05:04

БҚО-ның Тасқала ауданында су тасқынынан келген шығынның көлемі есептелуде

ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданында су тасқынынан келген шығынның көлемі есептелуде.

Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, табиғат апатынан Тасқала, Атамекен және Кузнецов ауылдары көбірек зардап шекті. Шежін, Амангелді және Мереке ауылдарында бірнеше үй суға кеткен. Ауданда барлығы 336 үй осындай күйге ұшыраса, 50-і қалпына келтіруге жарамайды. Сондай-ақ 2 мектеп, бір ауылдық мәдениет үйі су астында қалды. Электр, газ желілері, жол да бүлінді. 9-11 сәуір аралығында 560 адам көшірілсе, соның 23-і «Шағала» лагері мен №20 кәсіптік лицей интернатына орналастырылды. Олар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды. 500-ден астам адам жақын-жуықтарын сағалады. Барлық мекемелерде киім-кешек жинау жүргізілді. Су қайтқаннан кейін адамдар өз үйлеріне орала бастады.

Үй малынан 3 ірі қара, 173 қой, 20 шошқа шығын болған.

Аудан әкімінің өкімімен құрылған арнайы комиссия шығынның көлемін анықтауға кірісті.

Санэпидқадағалау және коммуналдық қызмет мамандары тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Құдықтардан қар суы сорылып алынып, құбырлардағы су хлорлануда. Басқа да желілер қалпына келтірілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686