Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2577 0 пікір 16 Сәуір, 2011 сағат 05:05

Қазақстан маңызды геосаяси жерде орналасуына байланысты Астана көпвекторлық сыртқы саясатты ұстануын жалғастыруы керек - Бельгия парламентінің депутаты

БРЮССЕЛЬ. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан маңызды геосаяси жерде орналасқандықтан, сонымен қатар бай табиғи қорларының көп екендігін ескере отырып, Астана болашақта да көпвекторлық сыртқы саясатты ұстануын жалғастыруы керек.

Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және өкілетті елшісі, ЕО мен НАТО жанындағы ҚР миссиясының басшысы Ерік Өтембаевпен болған кездесуі барысында Бельгия Корольдігі Федералды Парламент өкілдер палатасының депутаты, «Қазақстан-Бельгия» парламентаралық достық тобының тең төрағасы Херман Де Кроо осындай пікірін мәлім етті.

Кездесу барысында қазақ елшісі сұхбаттасушысын Мемлекет башысының 2011 жылдың 28 қаңтары күні Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары туралы, ҚР Президентінің 2011 жылдың қазан айында Брюссельге жасаған ресми сапарының қорытындысы туралы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі нәтижелері мен Ұйым саммиті жайлы, сондай-ақ Қазақстанның ағымдағы жылдың қазаны айында Астана қаласында «Ядролық қарусыз әлем» форумын өткізу бастамасы жайлы хабардар етті.

Өз кезегінде Х.Де Кроо Қазақстанда өткен президент сайлауындағы жеңісімен Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, біздің халқымыздың халықаралық аренадағы бастамаларына жоғары бағасын берді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686