Жексенбі, 25 Қыркүйек 2022
Саңлақ 3449 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 15:30

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы бесінші қарсыласы анықталды.  

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының Twitter желісінде хабарлауынша, Данияр 24 қарашада Монте-Карлода (Монако) жекпе-жек өткізбек. Қарсыласы - никарагуалық Маркос Мохика  (16-2-2, 12 КО).

Әуесқой бокста толағай табысқа жетіп, Олимпида чемпионы (2016 жыл) атанған Данияр Елеусінов биылдан бастап кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Алғашқы жекпе-жегін ақпан айында, Екінші, үшінші кездесуін маусым және тамыз айларында өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Алғашқы жекпе-жегі АҚШ елінде, соңғы екеуі Ұлыбритания жерінде өтті.

Ал 20 қазан күні Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында өткен төртінші кездесуінде америкалық боксшы Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын.

 

Abai.kz

0 пікір