Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2070 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 02:35

Оралда «Ауылдық жерлерге мамандар даярлау мен түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері» атты аймақтық форум болды

ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ауылдық жерлерге мамандар даярлау мен түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері» атты аймақтық форум болды.

Батыс Қазақстан аймағындағы агроөнеркәсіп кешенінің жұмыс берушілері бас қосқан жиынды ашқан аталмыш ЖОО-ның ректоры Қазыбай Бозымов университет халықаралық аккредитациядан өтіп, әлем университтерінің ұлы хартиясына қол қойып, Болон процесінің толыққанды мүшесі атанғандығын жеткізді. Мұның бәрі студенттердің заманауи білім алып, халықаралық талапқа сай білікті маман болып шығуына ықпал етпекші.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбектың айтуынша, жастар бар жерде тың идея болып, жаңа бағыттағы іс басталады. Сол себепті де Елбасымыз болашақ өкілдеріне үлкен үміт артады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көптеген жас ауылға аттанып, жергілікті жердің гүлденуіне өз үлестерін қосуда.

Жастарды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыруда мемлекет тарапынан көрсетілетін материалдық қолдау шаралары жыл өткен сайын жақсарып келеді. Мәселен, өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қазынадан өңірімізге 311 млн. теңге қаржы бөлініпті. Бағдарлама аясында 1035 жас ауылға барған. Көпшілігі мұғалім мен дәрігер. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Райса Еркеғалиеваның мәлімдеуінше, олар бір жолғы көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуы үшін бюджеттік несие алды.

Жұмыс берушілер атынан сөз алғандар жас мамандарға барлық жағдайды жасайтындарын мәлімдеді. Мәселен, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Серік Қалдығұлов төрт мал дәрігерін өздеріне жұмысқа шақыра келген. Мұнайлы өңірге барғандар жаңадан салынған жатаханамен қамтылмақшы. Жеңілдетілген несие алуына мүмкіндік бар.  Ақтөбе облысындағы «Парижская коммуна» ЖШС-на агроном, зоотехник, ветеринар сынды оннан аса маман керек. Мамандарға арнап көп пәтерлі тұрғын үй салынуда. Табыс жақсы. «Батыс күнбағыс» АҚ да осы іспетті мамандарға зәру. Жас мамандарға арналған әлеуметтік қоржындары бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662