Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3420 0 пікір 22 Сәуір, 2011 сағат 07:38

Қайқая шапқан қарагер, қайырылар ма екен біздің ел? (видео)

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың,

ҚР Үкіметінің басшысы К.Қ.Мәсімовтің,

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Х.Қазыхановтың

назарына!

Шекара бөлінісіне байланысты арғы бетте қалып қойған қазақтардың тарихи отанына келіп-кетуге, сол арқылы біржола табан тіремек түп мақсаттарына Қазақстанның Қытайдағы елшігінің Үрімжі қаласындағы виза беру бөлімшесі үлкен кедергі тудырып, кіндік мекенге оралмақ ниеттегі ағайынның шыдамына ши жүгіртіп, төзімінің түбіне жеткенін арғы беттегі қандастардың ащы даусы елге жеткізді. Виза алу үшін кезектің бірнеше жылға созылып кеткенін, соның кесірінен буынып, түйініп отырған жұрт уақытында визасын ала алмағандықтан жағдайларының мүшкілденгенін ашына айтып отыр.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың,

ҚР Үкіметінің басшысы К.Қ.Мәсімовтің,

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Х.Қазыхановтың

назарына!

Шекара бөлінісіне байланысты арғы бетте қалып қойған қазақтардың тарихи отанына келіп-кетуге, сол арқылы біржола табан тіремек түп мақсаттарына Қазақстанның Қытайдағы елшігінің Үрімжі қаласындағы виза беру бөлімшесі үлкен кедергі тудырып, кіндік мекенге оралмақ ниеттегі ағайынның шыдамына ши жүгіртіп, төзімінің түбіне жеткенін арғы беттегі қандастардың ащы даусы елге жеткізді. Виза алу үшін кезектің бірнеше жылға созылып кеткенін, соның кесірінен буынып, түйініп отырған жұрт уақытында визасын ала алмағандықтан жағдайларының мүшкілденгенін ашына айтып отыр.

Көші-қон саясаты - Қазақстанның стратегиялық басым  бағыттарның бірі. Осы мақсатта қазынадан жыл сайын қыруар қаржы бөлініп, шетелдегі қазақтарды көшіріп алу ісі жүргізіліп келе жатқаны мәлім. Алайда,  арғы беттегі ағайынды көшіріп алу жөнінде  Қытаймен әлі күнге ешқандай келісімге қол жеткізе алмағанымыз тағы аян.   Бірақ, өз күшімен Отанына оралуға бел буып, сол арқылы Тәуелсіз мемлекеттің дамуына үлесін қосқысы келетін ағайынның аяғына тұсау болып отырған Қытайдағы қазақ елшілігінің  қызметкерлері мемлекеттің стратегиялық ұстанымына қызмет еткені былай тұрсын, оған барынша кедергі келтіріп отырғанын   виза мәселесінен анық көруге болады. Демек, құзырлы һәм жауапты мемлекеттік орындар мемлекет мүддесіне қызмет еткісі келмей,  стартегиялық маңызы ерекше іске салғырт қарайтын шенеуніктерді қызметтерінен босатып, олардан арылуы тиіс. Осы тұрғыда Қытайдың Бейжіңдегі елшілігі мен Үрімжідегі виза беру бөілімінің де қызметкерлерінің мәселесі май шаммен қаралуы қажет!

Көш керуенінің түзу болуы және оның жолындағы әкішмілік, визалық кедергілердің жойылуы мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

Кешегі үркіншілік заманда Алтай, Тарбағатай, Жетісу өңірін  жайлаған ел:

Қайқая шапқан қаракер-ау,

Қайырылар ма екен біздің ел-ау, - деп Сұлубай батырдың әнімен зарын төккен екен. Сол зарлы ән тағы да қазақ даласын кернеп бара жатқан сияқты.

Шаңырағың ортасына түссін, Қазақ консулы!

Үрімжіде Қазақстанның визасын алу үшін түрлі машақат пен қорлық көретін Шыңжаң қазақтары енді Бейжіңге барып сергелдеңге түсті деп хабарлайды бізге аты-жөнін атамауды өтінген бір оқырманымыз.

Бейжіңде виза алушылардың өшіретінде (кезегінде) тұрғандар былай десіп жатқан көрінеді:

- Көп ашулана бермейтін мен бүгін талағымнан тарс айырылдым. Бейжінге келгеніме, міне, бүгін 20 күн болды. Өшірет жетпек түгілі,  сол консулдың түрін көре алмай қақиып тұрмын осы арада! Ең құрдым дегенде, консулдың бір ауыз сөзін естіп, Шыңжаңға қайтып кетсем  арманым болмас еді-ау! Бұл жерде  өшірет алу үшін кешкі сағат 9-дан бүгінгі таңғы 6-ға дейін жынды адам секілді қақиып тұрмын. Бейжіңнің мына қара суығында 12 сағат тұрып жеткендегі естіген сөзім мынау болды: «Болмайды, визаны  бір айға өзіңізге ғана ашып беремін. Ал бала-шағаңыз бен әйеліңіз өздері келіп аштырсын».

«Шаңырағың ортасына түссін, Қазақ консулы! Анау елшілікте шақырайып отырған сұр жылан бері шықшы... Мына қара халықтың мұңы мен зарын естуге ерінетін ана қалқан құлағыңды кесіп ап, мына елдегі қалың құмырсқаның илеуіне тастайын, ана қай-қайдағыны айтып тыным бермейтін ауызыңды тіліп құлағыңа жеткізейін!»,-  деп атышулы Оспан батырдың бүгінгі бір ұрпағы кіжінді.

«Ой, Құдай-ай!,- деп шықты тағы бір қазақ, -  мына тастан жаралған пендеден кәпір артық екен! Қайран басым, неге ғана «Қазақстан, Қазақстан» деп қалдым екен?.. Өзім де өлексемін ғой, енді бармағаным Қазақстан болсын, татпағаным ол жердің дәмі болсын

«Ей, қарақ, сақалды басымды алдыңа тартып тұрмын. Дөкүменттерім толық, ешбір заңсыз қылықтар өтемегем. Арман болған қазақ елін бір көріп келсем деймін! «Атамекенім, атажұртым» деп! «Жат  жарылқамайды, өзің  өлтірмейді» деп барам ол жаққа! Болмаса, алпыстан асып, «төрімнен көрім жақын қалғанда» менен қандай өнер күтесің  басқа шалдар сияқты «туған жерден бір шымшым топырақ бұйыртсын» деп жатпаймын ба? Өзің балам түгілі, немереммен тұстас бала екенсің, басқаны елемесең де, мына менің аппақ сақалымды қадірлеп, бірер ауыз жылы лебізіңді білдірсеңші!» -  деп бір ақсақал таусыла сөйлегенде талайлардың көзінен жас ыршып-ақ кетті...

«Мынауың мал екен, інінен бері шықса ғой»,-  деп және бір қазақ ашуға басты...

Оған қосарласқан тағы біреу:

- Әй, кеше мен оған «рахмет» десем, ол маған: «Сен неменеге маған рахмет айтасың? Маған рахмет айтатындай, мен сенің шаруаңды ақшаға бітіріп беріп жатырмын ба?» деп өзіме дүрсе қоя берді емес пе, әуелі, - деп шағымданды.

Содан кейін осы қатарда состиып тұрған біреуі құлағын қайырды:

- Ей, не болды сосын? Сенен не сұрады?

«Не күлерімді, не жыларымды білмей тұрғаным, - деп жауап берді оған алдыңғысы, - Менен «ұйғыр не істейді?» деп сұрады. Мен: «егін егеді» дедім. Ол:  «мұңғұл не істейді?» деді. Мен: «Мал бағады»,-   деп жауап бердім.

- Иә, содан?..

Артта тұрғандар ішек-сілесі қатып күліп жатыр.

-  Ол мені анық мазақ етіп тұрды. Ішім жанып кете жаздады. Маған «шошқа етін жейсің бе?» дегенін қайтерсің, ол аз болғандай...

- Өй, жөйт, басқа сұрақ таппай қалған ба?

- «Жоқ жемеймін»  десем, «жеп көрсең болмай ма?» дейді кеп. Адам төзгіссіз қор болған соң: «Ағасы, мені мазақтамай, әкеліңізші бері құжаттарымды» дей бергенімде «Болды, болды. Визаңды ашып беремін» деді. Шынымды айтайын, сол екі арада жігерім құм болып кетті ғой...

- Анық қорлаған екен де сені. Осы ханзулар шетінен қырып, бытырлатып визасын алып жатыр ғой. Солар сияқты үндемей ақшасын берсең, жөнімен жүре бермес пе едің!-   деді біреу көп нәрседен хабардар екенін аңғартып.

- Әй, осы өзімізден де бар. Мұнда бір реніш туа қалса, осы Жүңгөдан кетіп Қазақстанның қолтығына кіріп кеткіміз келеді. Ал Қазақстаннан біреу қайта көшіп кепті десе, қайтадан «отаншыл» бола қаламыз («Отан» - туып өскен жерлері). Негізінде екі ортада сабылып жүріп, сандалып өлетіндер біз болармыз түбінде, -  дейді тағы бір қазақ.

«Иә, «қайда барсаң да қазанның құлағы төртеу» деген осы», - деп біреу күрсінді...

Оқиғаның барысы былай болған. «Бейжіңде визаны тоқтатпай ашып жатыр» дегенді ести сала, 40-50 қандасымыз салып ұрып  Бейжіңге жетіп барғанға ұқсайды. Бейжің қымбат қала - ең нашар төсек орны 30-40 юань тұратын жерде тұрақтап, ең арзан тамағын ішіп, бөтен ортада, қақаған суықта бүрсеңдеп, қайтайын десе, «виза болып қалар» деп алаңдап жүріп қалыпты.

Елшілік дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері ғана ашылады. Сағат 9-30-дан 11-00-ге дейін қабылдау болады. Ал сағат 16-00-ден 17-30-ға дейін виза қойылған паспорттар таратылады.

Осы қарқынмен жұмыс істеген елшілік күніне 8-9 адамды ғана қабылдайды екен. Отбасыға виза берілмейді, жеке адам басына ғана толтырылады. «Қоятын сұрақтары қалаймақан» дейді кіріп шыққандар. Көбірек сөйлеп қалсаң, қағып тастайды. Жағдайыңды дұрыстап жеткізе де алмайсың. Барар жеріне пойызбен екі күнде әрең жететін  қазағым бөтен жерде өстіп жүріп өліп қалмаса болды. Ол туралы елшіліктегілер ойлана ма екен...

Күте-күте сабыры кеткен адамдар енді делдал іздей бастапты. Анау Шыңжаңда виза үшін бәленше мың алып, аңқау халықтың үстінен күн көріп отырғандар қаншама! Бұл жерде де сол әдетке қайта басты қазақ. Бірақ көпшіліктің жігері құм болып бара жатқаны рас. Делдал қайсы біріне жетеді, қайсы бірінің ақшасы делдалға жетеді?

Бейжіндегі визаның жағдайы - осы.

Ал шекарадан өткізетін ханзудың мазағы одан кем емес:

- Қайда барасың?

- Туысшылап.

- Сағынып қалдың ба соншалық?

- Сағынбауымыз керек пе?

- Жеті атаңды білесің бе?

- Жеті емес, он екі атамды білемін.

- Онда кері қайт. Білетінің шамадан тыс көп екен!!!

Төменде виза аштыру машақатымен елге келе алмай зарығып жүрген ағайындарымыздың таспаға жазылған сөздері мен бейнематериалдарды қоса беріп отырмыз. Ойлан, ой түй, үн қос, қазақ баласы!

«Абай-ақпарат»


;hl=ru_RU" />;hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="480" height="390">


;hl=ru_RU" />;hl=ru_RU" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="480" height="390">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627