Түркістан әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы баяндады
Бүгін Түркістан облысның әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндама жасады. Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы аумағында ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Аймақтың өзіндік потенциалына сай, қолға алынған жобалармен таныстырды.
Біздің өңір – ат баптап, ата дәстүрді сабақтастыруға қолайлы мекен.Қазір аймақтың ерекшелігіне сай, ат баптау салтының салтанат құрғанын жеткізді. Бұл кешегі Елбасы мақаласында айтылған негізгі ойдың бір парасы.
Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі
«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында «біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны» екенін айта келе, атқа міну мәдениеті мен жылқы малының қазақтың өмірінде ерекше орын алатынына тоқталған. Түркістан облысында жылқы шаруашылығы, ұлттық ат спорты, атқа міну мәдениеті жоғары деңгейде дамыған. Бүгінде облысымызда 300 мыңдай жылқы бар.
Биыл Бәйдібек ауданында өткен «ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ» – ежелгі дәстүрді жаңашылдықпен жалғастыру шарасы. Саумал, құнан қымыз, түнемел қымыз, хан қымыз, қолөнер бұйымдары бойынша байқаулар, сәйгүліктер жарысы жүзеге асты,-деді әкім. Сондай-ақ, қызғалдақтың отаны – Түлкібаста өткен Қызғалдақ фестивалі де аймақтың туристік әлеуетін насихаттауға мүмкіндік берді.
Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі
Бүгінде Түркістан облысы республика бойынша алма өсіруден бірінші орында. Биыл 116 мың тонна жеміс-жидек жиналса, соның 92 мың тоннасы – алма. Облыста өсірілген алма елімізден бөлек шетелдерге де экспортталуда. Алдағы уақытта алма бақтарын көбейту, оны терең өңдеу бағытында жұмыстар атқарылмақ.
Қазақстанды түркі әлемінің алтын бесігі ретінде дамыту мәселесін қозғап, бірқатар тың бастамалар көтерді. Соның ішінде, біздің облыста Түркістанды түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру бағытында нақты жұмыстар қолға алынып отыр. Алдағы уақытта Халықаралық түркі академиясының филиалы бой көтермек. Осыған орай, аймақ басшысы Академияның штаб-пәтерін Түркістанға көшіру жөнінде ұсынысын айтты.
Abai.kz