Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2331 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 03:52

Доңғалағы сынып қалған А.Винокуров «Льеж-Бастонь-Льеж» біркүндігінде жеңістен сырт қалды

ЛЬЕЖ. 25 сәуір.  ҚазАқпарат  /Димаш Сыздықов/ -  Астана» велокомандасының   көшбасшысы     Александр  Винокуров   күтпеген  келеңсіздіктің салдарынан    «Льеж-Бастонь-Льеж»    веложарысында  жеңістен  тыс қалып  қойды.

Жыл  сайын Бельгияда    Арденна  тауларында  өткізілетін  бұл дода әлемдегі  ең байырғы    классикалық  веложарыс  болып  табылады.

Фавориттерінің   бірі   деп саналған  Александр Винокуров      жарыс  жеңімпазы  -  «Omega Pharma-Lotto»  командасының  өкілі   бельгиялық   велошабандоз Филипп Жильберге     1 минут  43  секунд  есе жіберіп,      32 орынды  қанағат  тұтты. Екінші және үшінді  орынды   Люксембургтың  және   «Leopard Trek»   жаңа командасының атынан өнер көрсеткен  ағайынды  Фрэнк және  Энди Шлектер  бөлісті.   Сөре сызығын    24 секундқа кешігіп кескен     «Астана» командасының  өкілі  чехиялық Роман Кройцигер   төртінші  орынды  қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік,  Александр Винокуров  бұл жарыста  - 2005   және  2010 жылдары  екі рет  жеңімпаз атанған   болатын.

Александр  Винокуров қазақстандық журналистерге берген сұхбатда:  «велосипедім сынып қалып,     оны ауыстыруға тура келді.   Нәтижесінде     көш басындағыларды қуып жету  мүмкіндігін қолдан шығарып алдық.   Команда   жақсы  жұмыс істеді, бірақ   соңына  қарай    сәл  жолымыз болмай қалды,   қолдан келер қайран   жоқ»,  деді.

«Льеж-Бастонь-Льеж»  додасында  «Астана» командасының құрамында  мына спортшылар  өнер көрсетті: Александр Виникуров (Қазақстан), Реми Ди Грегорио (Франция), Дмитрий Фофонов (Қазақстан), Андрей Гривко (Украина), Энрико Гаспаротто (Италия), Максим Иглинский (Қазақстан), Фредрик Кессиакоф (Швеция), Роман Кройцигер (Чехия).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5596