Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2791 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 05:27

Сейітхан Азат. Алматыға қауіп қайдан келеді?

Қазіргі кезеңде әрбір мемлекеттің орнықты дамуы үшін мынадай 3 факторға баса назар аудару керек: Мемлекеттік саясат, экономикалық бағыт және экологиялық жағдай. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы заңды құблыс, ал экологиялық апатты тоқтату немесе бағытын өзгерту - өте күрделі құбылыс. Осындай ластануға адам организмдері біртіндеп үйреніп, бұл өзгерістерді тіптен сезбейтін болған. Адам денесіне енген улы заттар организмге кері әсерін тигізіп, денсаулығын бұзады. Ағзада күрделі патологиялық өзгерістерге алып келеді.

Осы жағдайлар туралы ғалымдар мынадай тәжірибе жасаған. Екі бақаны алып, бірінші бақаны ыстық су құйылған стаканға салады. Сонда әлгі ыстық суға салынған бақа бар пәрменімен стаканнан секіріп шығып, аман қалады. Ал екінші бақаны суық су құйылған стаканға салып, стаканды біртіндеп қыздырады. Температураның біртіндеп көтерілуіне бойы үйренген бақа, ең соңында ыстық суға пысып өледі. Осы тәжірибеден нені түсінуге болады? Қазіргі кез адамзаттың тағдыры, екінші бақаның тағдырына ұқсап кетеді. Қоршаған орта, айналамыз біртіндеп ластануда. Оған бойымыз үйренгені сонша, біз қоршаған ортадағы қатты қалдықтарға, ластанған суларға, ауаға мән бермейміз. Ал осы ластанулар біздің өмірімізге қаншалық қауіп әкелетіні айтпаса да түсінікті.

Алматы шаһарында да қоршаған ортаның жағдайының мәз емес екені баршамызға мәлім. Бұған қаладағы қаптаған көлік пен тау бөктеріне дейін салынған ығы-жығы құрылыстар, қалада орналасқан өнеркәсіп орындары басты себепші екені белгілі. Дейтұрғанмен, осы ластануларға ең басты себепші өзіміз екенімізді ұмытпайық.

Қоршаған табиғи орта туралы дұрыс таным, тәрбие болмай, ол туралы ауыз ашу мүмкін емес. Алматы көшелерінің бірінде келе жатқанымда мынадай жағдайға куә болдым. Баласын жетектеген әйелдің қолындағы пакет толы қоқысты, қоқыс жәшігіне салмай жол жиегіне тастай салғанын көрген әлдекімдер: «Мұныңыз не, қоқыс жәшігіне салмайсыз ба? Тазалыққа көңіл бөлсеңізші» деуі мұң екен, әлгі әйел: «Онда сенің не шаруаң бар, қайда тастаймын өзім білем, тазалықшылар тегін ақша ала ма? Солар тазаласын» деп кете барды. Мінеки, біздегі жауапкерсіздіктің көрінісі. Әлгі әйел қоршаған ортаны ластағанымен қоймай баласына да теріс өнеге көрсетіп кеткенін ойламаған болар. Жасынан осындай өнеге көрген ұрпақты есейгенде қоршаған ортаның жағдайы алаңдатады дейсіз бе?

Ластану көрсеткіші жағынан қаламыз дүние жүзі қалаларының алдыңғы ондығында. Шіркін, шаһарымыз басқа жақсы жақтарынан осындай көрсеткіштер көрсеткенде ғой. Мамандар «Алматыда өмір сүріп жатқан ересек тұрғындардың өкпесі, 40 жыл үздіксіз темекі шеккен адамның өкпесімен бірдей, ал Алматыда өмірге келіп, 1 жасқа толған сәбидің өкпесі 8 жыл шахтада жұмыс істеген адамның өкпесіндей» дейді. Бұл мәліметтер асыра айтылғанда болар, десе де қаламыздағы тұрғындар арасында тыныс жолы, өкпе ауруларының көп екенін ескерсек, ойландырарлық жағдай.

Қалада қазір тұрғындар ғимаратының маңындағы көгалдар, балалар ойнайтын алаңдар барлығы көлік тұрағына айналған. Тіптен сол жасыл шөбі жайқалып тұрған алаңға асфальт қалдықтарын төсеп, тұрақ жасап жатқандарға: «Бұларыңыз не? Табиғи орта қайталанбас байлығымыз емес пе?» - десем, олар беттері бүлік етпестен: «Сонда көліктеріміз батпақтың ортасында тұруы керек екен ғой» деп қарсы жауап қайырды. Ал бірақ өздерінің және ұрпақтарының денсаулығын өз қолымен бүлдіріп жатқанын олар мүлде ойламаған шығар сонда.

Қаламыздың Алатау ауданына орналасқан Өжет, Байбесік, Шаңырақ ықшам аудандары күндіз де, кешке де қаптаған қара тұманнан көз ашпайды. Бара қалсаңыз, ащы түтін қолқаны қабады. Осы қара түтіндер кей күндері желмен бірге қаланың барлық кеңістігін жауып кетеді. Автокөлік пен пештерден шыққан ыс - түтіндер басқа барар жері болмаған соң тұрғындардың өкпесіне келіп тығылады.

Австралия университетінің ғалымдары мынадай болжам жасапты. Енді 300 жылдан соң экологиялық проблемалардың асқынуына байланысты, ірі мегаполистерде адамдар өмір сүре алмайды.

Біздің қоршаған ортаны ластаған әрбір жағымсыз іс-әрекетімізге табиғат өз жауабын беретінін ескерсек, қаламыздың тағдыры өз қолымызда. «Біз жерімізді ата-бабамыздан мұраға алған жоқпыз, ұрпақтарымыздан қарызға алдық». Сондықтан қоршаған орта туралы тәлім-тәрбиені ұрпақтар санасына сіңіріп, экологиясы таза жасыл қала құрайық!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583