Жексенбі, 25 Қазан 2026
4555 21 пікір 4 Желтоқсан, 2018 сағат 10:32

Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу кешеніне барды

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесі инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.

Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1202
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1671