Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3326 2 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 12:25

Енді Абайдың қара сөздерінен эстафета ұйымдастырып жіберуге болады

Үлкендердің: “Осы бізге ешнәрсе жақпайды” деген әңгімелеріне, “қойыңыз” деп біртүрлі қарайтынмын. Уақыт өте шынымен де осы бізге ешнәрсе жақпайды-ау деп ойлап қала беретін болдым. "Тұлпар мініп, ту алғанды" айтамын да.

Әлеуметтік желіде әжептеуір эстафета жүріп жатыр. Әркім әртүрлі фонда, әртүрлі стилде эстафетаны жалғастырып, ғұмырлы болсын деп өзгелерге ұсынып жатыр. Жаман түгі жоқ. Сынауды да қажет етпейтін керемет жоба. Тіпті осы бастаманы жалғастырып, қосымша Абайдың қара сөздерінен, мақалдардан эстафета ұйымдастырып жіберуге де болады.

Бірақ кей адамдарға [желі белсенділері] одан гөрі тәп-тәуір эстафетаны сынау маңызды сияқты. Не үшін екенін түсінбеймін. Суфлермен оқи ма, кітапқа қарай ма, жатып айта ма, отырып айта ма әркімнің өз таңдауы. Өзгенің таңдауы сен ойлағандай болмаса сынай бер деген жаман үрдіс [қасиетсіздік] бар бізде. Қиялданбай мәселеге ашық қарасақ бәрі ап-анық болып өзі көрінеді. Суфлермен айтты не, төрт шумақты жатқа айтты не бәрі бір емес пе? Бәрі-бір екі топ[жатқа айтқан, суфлердан оқыған] жырды бастан аяқ жатқа білмейді. Қалай сынасаң да ол жырды бәрі-бір толық жаттамайды. Сынап отырған адамдардың өздеріне де ол жырды жатқа айтудың қажеті шамалы. Ендеше неге сынаймыз?

Елдің алдына шыққан соң, қателеспей айтайын, екпін-ырғағын дұрыстап айтайын деп суфлерға қараудың несі айып? Бұл жерде ұлтқа, тілге, жерге не зиян келіп жатыр? Кім зардап шегіп жатыр? Ешкімге зияны жоқ. Ендеше неге сынаймыз?

Менің ойымша, суфлермен оқыған бір адам сынаушыға бұрыннан жақпайды. Ұнатпайды. Соған деген реніштің себебінен эстафетаны сынап, суфлермен оқығанды айыптап жіберді. Қалғандары әдеттегідей қосылып кетушілер. Басқа ештеңе емес сияқты. Басқа не болуы мүмкін?
P.S. Қолдау қолдан келемегені сияқты, қорлауды да білмесек қой!

Берік Сұлтанның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320