Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3459 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 09:21

Мәдениет министрлігінде қазақстан-украина арасындағы мәдениет саласына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды

Өткен сәрсенбіде Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Украинаның Қазақстандағы Төтенше жіне Өкілетті елшісі Олег Деминмен кездесуі өтті.

Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қанынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.

Мәдениет министрі украиналық әртістерді 2011 жылдың екінші жартысында Алматыда өтетін пианисшілердің халықаралық байқауына және Астана күніне орайластырылып ұйымдастырылатын Опералияның шараларына қатысуға шақырды.

Сонымен қатар екіжақ Қазақстан мен Украинаның тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлауға орай мәдени іс-шараларды бірлесіп атқару туралы келісті.

Украиналық дипломат өз кезегінде мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдірді. «Қазақстанда небәрі жарты жыл қызмет істедім. Осы уақыт аралығында қазақ мәдениетін жаңа қырынан аштым. Біз қарым-қатынас үшін толық әзірміз-мәдени байланысымызды дамытып, толықтырып, одан әрі нығайту үшін ашықпыз. Қазақ бауырларымызды Украинаға қонаққа күтеміз», - деп ағынан жарылды жоғары мейман.

Қазақстанды 400 мыңнан астам этникалық украиндық мекен етеді.

Мәдениет министрінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552