Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3678 0 пікір 28 Сәуір, 2011 сағат 09:31

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі республика жас журналистері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған,  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сыйлығы жолындағы «ТОПЖАРҒАН» конкурсын жариялайды. Конкурс төмендегі бағыттар бойынша өтеді:

- үздік баспа материалы;

- үздік бейнематериал;

- үздік Интернет жоба.

Конкурсқа жасы 17-30 аралығындағы республикалық БАҚ журналистері жіберіледі.

Сыйлықтан үміткерлер мынадай құжаттар тапсыруы қажет:

1. 2010 жылғы 1 маусымнан 2011 жылғы 20 мамырға дейінгі аралықта жарық көрген (эфирге шыққан) материалдарын, сондай-ақ, жаңа жобаларын тапсырады,олар конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында жариялауға ұсынылуы мүмкін.

2. Басылым журналистері есімі, әкесінің есімі, тегі, БАҚ атауы, нөмірі және уақыты көрсетілген материалдарының  көшірмелерін папкаға тігіп ұсынады. Сондай-ақ ұсынылған жарияланымдарының тізімін қоса тапсыруы қажет.

3. Тележурналистер қатысушының аты-жөні көрсетілетін DVD  форматындағы бейнематериалдарын ұсынады. Сондай-ақ, атауы, ұзақтығы, қысқаша мазмұны, эфирге шыққан уақыты, телеарнасы көрсетілген  бейнематериалдар тізбесін қоса тапсырады.

4. Барлық үміткерлер міндетті түрде өмірбаянын, жеке бас куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмелерін тапсырады. Егер оны БАҚ редакциясы ұсынған жағдайда, редакция тарапынан жасалған ұсыныс, мінездеме  қоса ұсынылады.

5.  Материалдар  Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40 мекенжайында орналасқан облыстық  ішкі саясат басқармасының № 238 бөлмесіне тапсырылады.

Анықтама телефоны 8 (7232) 26-47-07.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557