Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Осы ғой енді... 4802 13 пікір 20 Желтоқсан, 2018 сағат 09:31

Қостанай жаңа жылдық шыршаны Мәскеуден сатып алған

Қостанайда жыл сайын міндетті түрде қайталанатын, оның еш уақытта мұрты бұзылмайтын «өзіндік дәстүрі» бар. Ол елімізде желтоқсан айы басталысымен, Тұңғыш Президент күні аталып өтісімен-ақ Жаңа жылға дайындық іле-шала басталып кетеді. Міне, биыл да солай болды.

Өзімізде ештеңе өспейтіндей-ақ Жаңа жылдың анау-мынау емес алып шыршасын Ресейдің Мәскеу қаласының жанындағы орманнан атасының құнын беріп сатып алды. Содан бейне біреу ерекше асықтырғандай оны қаланың дәл ортасына әкеліп орнатып та қойды. Онысымен тұрмай осы мерекені тойлауға бақандай 22 миллион теңге бөлінетінін де жұртшылыққа жария етіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Онысымен қоймай Жаңа жыл есік ашқанда аспанға атқылайтын от шашуға 2 миллионна астам теңге жұмсалатын мырзалығын да жасырмады. «Мұрның барда бір пысқыр» деген осы болар.

Мінекей, жаңа жыл қарсаңында еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік мейрамының бар екенін біздің шенеуніктер мүлдем естен шығарып алған сыңайлы. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған соң, ойларына келгенін істеп бақты, ең сорақысы осы дүрбелеңге біздегі құқық қорғау органдарының да қосылып кеткені болды. Өзгесі-өзге біздің облыстық полиция департаментінің басшыларының не ойлағанын кім білсін, олар ғимараттың ұшар басына «2019» деген жазу жазып,  маңдайшасына Жаңа жылмен құттықтайтын плакатты іліп тастап, мәз болып жүрді. Біз мұны Тәуелсіздік мерекесінен біраз уақыт бұрын көріп, жағамызды ұстадық. Ал біздің басты мерекемізбен құттықтауға жер де, плакат та таптапты. Сонда бұл мемлекеттік мекеме, еліміздің бюджетінен қаржылындырылатын ұйымның сол мемлекеттің мерекесін менсінбегені ме? Әлде оны атап өтуді қажет емес деп есептегені ме?

Облыстық полиция департаментінің ғимараты

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей сорақылықтың көкесін осындағы облыстық прокуратура ғимаратынан кездестірдік. Мұнда да тәуелсіздік мерекесінен гөрі Жаңа жылды маңыздырақ көретінін байқадық. Сонда дейміз-ау, заңның қатаң сақталуын қадағалайтын органның өзі мемлекеттік қана емес, жалғыз ғана ұлттық мерекемізге мұрнын шүйіріп қарайтын болса, өзгелерге не жорық?

Облыстық прокуратура осылай безендірілген

Міне, Тәуелсіздік мерекесінен біраз уақыт бұрын қаламызды аралағанда біздегі құқық қорғау органдарының мерекелерімізге деген көзқарасы осындай екенін байқадық. Тіл ұшымызға қазекемнің «Сенген серкем сен болсаң» деген қанатты сөзі орала берді.

Жайберген Болатов, Қостанай

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6021