Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
4870 7 пікір 21 Желтоқсан, 2018 сағат 09:01

ВВС: Қазақстан әлеуметтік желідегі наразы топты анықтайтын жүйеге тапсырыс берген

Digital Revolution тобының хакерлері Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) "Квант" деп аталатын ғылыми-зерттеу институтының компьютерлік жүйесін бұздық деп мәлімдейді.

Олар таратқан құжатта аталған жүйе негізінен әлеуметтік желілердегі наразы топты анықтаумен айналысады екен. Digital Revolution өкілдері аталған жүйеге Қазақстанның да тапсырыс бергенін атап өткен. BBC мәліметінше, Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігі 4,3 млн доллар ақша бөлген.

Бұған дәлел ретінде "Квант" серверіндегі администраторлар тізімінің скриншотын жариялаған. Қазіргі кезде "Квант" серверінің сайты мен поштасы сөндірулі.

"Квант" әзірлеп жатқан мониторинг жүйесі нейрондық желі арқылы "ВКонтакте", Facebook, "Одноклассники" және Instagram секілді әлеуметтік желілерден автоматты түрде посртарға талдау жасайды. Олар Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйдың аты-жөні бойынша тест жүргізген.

Мәскеудің Ховрино ауданында орналасқан "Квант" жабық институты 1970 жылы құрылған. 2008 жылы оны ФСБ бақылауына алған. 2012–2014 жылдары "Квант" бірнеше шпиондық бағдарламалар сатып алған. Forbes мәліметінше, қашықтықтан бақылайтын бұл бағдарламалар құрылғының ізін кесіп, жасырын камераға түсіріп, жазбаларын көшіріп ала алады.

2018 жылы АҚШ "Квантқа" қарсы санкция енгізген. АҚШ билігі осы жүйе президент сайлауы алдында хакерлік шабуыл жасауы мүмкін деп есептейді. Digital Revolution биыл "интернетті түрмеге айналдыратындарды" жазалауға уәде берген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969