Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6090 18 пікір 21 Желтоқсан, 2018 сағат 14:45

Иттің итақайы кітап жазып кетті ғой, иә?

Осындай пікір айтатындарға үлкен еменнің бұтағын көлденең қойсам деп отырмын, рұқсат болса.

Марғұлан Сейсембай ағаның соңғы әңгімесінде менің іліп алғаным мына бір сөз болды:
"Әлемдегі елдердің бір-бірінен озаттығы жердегі жатқан байлығымен емес, елдегі жүрген адам капиталының орташа даму көрсеткіші бойынша анықталады!"

Яғни, Қазақстанда Менделеев кестесінің барлық элементі бар деген әңгіменің түкке тұрғысыз екенін көреміз. "Не үшін өз мұнайымызды өзіміз өңдемейміз?" деп жылайсыздар ғой? Отырып алып билікті кінәлай береміз. Иә, енді. Қайтеміз? Сондай жүйесіздеу билігіміз бар. Бірақ, мәселе ода да емес. Адам боп туған соң, өзіңіздің дамуыңыз мемлекеттің емес, сіздің өз интересіңіздегі нәрсе болуы керек.

Осы жылдың соңына қарай замандастарымыздың арасында бірен-саран кітап жазып жатқандар болды. Оның ішінде өзім де бармын. Сол жаңалықтар шыққан кезде, жазылған посттардың астында "иттің итақайы кітап жазып кетті ғой", "осындай өтірік кітаптар көбейіп кетті", "өздері бай емес, қалай байлық туралы кітап жазады?", "кітап жазу үшін жоғарылау дәрежеге жетіп алмай ма?", "позор, қатесі өріп жүр ғой мынаның" т.б ірік пікірлер көптеп жазылды. Мұндай пікір жазып отырған адамдарды кінәләмаймын. Керісінше, жаным ашиды.

Бүгін отырып, адамдары бақытты өмір сүретін 50 мемлекеттің кітап шығару бойынша UNESCO мен тәуелсіз статистика агенттіктері жасаған есептерді қарап шықтым. Өзімше бір статистика жасадым да. Білесіздер ме? Мен әлі шок жағдайда отырмын. Жалпы, қазіргі таңда жақсы өмір сүріп жатқан дамыған елдердің барлығында дерлік бүкіл халық санына шаққандағы авторлардың үлесі ең кемі 0.05% екен. Яғни, халықтың саны 10 миллион болса, ол елде кемі жылына әртүрлі тематикадағы 5 мың жаңа кітап немесе 4 мың автор еңбек етуі керек. Сонда ғана ол ұлтты интеллектуал тұрғыдан бәсекеге қабілетті ұлт деп айта аламыз. Ал, толыққанды интеллектуал ұлт болу үшін бұл көрсеткіш кемі 0.1% болуы керек.
Ендеше, интеллектуалды бәсекеге қабілетті рандом 10 мемлекеттің тізіміне қарап шықсақ:
Ұлыбритания – 0.3%
Финләнд – 0.26%
Сингапур – 0.24%
Тайуан – 0.22%
Алмания – 0.12%
Франция – 0.12%
Израил – 0.13%
Түркие – 0.1%
Корея – 0.1%
АҚШ – 0.1%
...
Енді Қазақстанның жағдайына тоқталайын. Биыл кітап шығарудан алдын жыл басынан бергі шыққан кітаптардың тізімдерін қарап шықтым. Әділеттік үшін бұл тізімге мемлекеттік өтірік тапсырыстар мен қайта басылып шыққан "бақилық" авторларды қосқаным жоқ. Мемлекеттік өтірік тапсырыстар деп отырған себебім - қазір мемлекет ақын-жазушыларға жыл сайын кітап шығару үшін арнайы тапсырыс бөліп отырады (аха, дәл сол Кеңес Өкіметіндегідей). Бұл тұрғыдан да тиын істеу процессі бар екенін жақсы білеміз. Бір жазушымен 5000 данамен кітабын шығарып беруге келісім шарт жасайды. Авторға 200 кітапты береді. Ал, қалғанын өздері елдегі кітапханаларға тарататын болып келіседі. Енді, мына қызықты қараңыз. Авторға 200 кітап беріледі. Бірақ, қалған 4800 кітап ешқандай кітапханада жоқ боп шығады. Неге? Себебі, ол кітап о баста басылып шықпаған. Ақшасы жай ғана біреулердің қалтасына кеткен. Ырзасың ба, Шүкірәлі? Сондықтан, мұндай мемлекеттік "жапсырыстарды" бұл статистикаға енгізудің қажеті шамалы. Енді, тақырыпқа оралайық. Жылына Қазақстанда қанша дара авторлардың кітабы шығады деп ойлайсыз? Біз отырып 30 автор һәм 30-40 кітап санап шықтық. Жарайды енді біз байқамағанымыз бар шығар деп оған тағы аспаннан алып "белгісіз" 50 авторды қоса салдық. Өзімізді соншалық топас халық деуге қимадық та, оған тағы да қазақтың арасында ғайыпта өмір сүріп, кітап жазып жүрген эльфтер қауымының өкілдерінен 100 авторды тағы қостық. Жалпы, 180-200 автор болды. Әлбетте, бізде мұнша дара автордың жоқ екенін өздеріңіз де жақсы біліп отырған боларсыздар. Ең соңында мынадай статистика шықты. Біздің елдің 18 миллион халқына бір жылда еңбек еткен 180 автор бар екен (деп көтермелеп есептедік). Бұл дегеніңіз Қазақстандағы авторларды халық санына шаққанда... (барабан соққылары: дүгү-дүгү-дүгү-дүгү-дүүүссс!)
...ҚАЗАҚСТАН – 0.001% көрсеткішті беріп отыр. What?!

Ептібайымағыыыыыр! 0.001 пайыз! Еееемаееее! Қазақ дана халық деген сорлы пікірді қай өтірікші айтып жүр бізге? Бұл күлетін жағдай емес, ағайын! Бұл деген катастрофаның ең соңғы құтқарылмас фазасы. Осыдан кейін қандай пікір айту мүмкін?

Айналайындарым! Сол жаман болса да, кітап жазып жүрген "иттің итақайларының" мекен-жайларын жіберіңіздерші! Сол итақайлардың есіктерінің алдына барып, құдайдың құтты күні аяқтарын сүюге дайын отырмын қазір.

Алашорданың өкілдеріне риза болатын тұсым да осы. Олар өздерінің шектеулі ресурстарына қарамай, өздерінің шексіз күшін беріп әрқайсысы өзінше ізденіп, қазақты интеллектуалды байыту жолында қаншама кітаптар жазып кетті.

Құрметті достар! Бізді қазір өзімізден басқа ешкім де құтқара алмайды. Мемлекеттік саясат та, бірыңғай жаһандану да қазақты құтқаруға қауқарсыз. Қазақты құтқаратын бір ғана нәрсе - ол қазақтың интеллектуалды кәсіби ұл-қыздары ғана. Сондықтан да, тап қазір қанша кітап, қандай кітап жазылса, ең бастысы көптеп жазыла берсін. Жас авторлар көбейе берсін. Көп жазсын. Солай ғана сапалы авторлар шығады. Солай ғана интеллекуалды потенциялымыз көтеріледі. Солай ғана адами капиталымыздың көрсеткіші жоғарылайды. Біздің жағдайымызда сонау тұрған 0.001% көрсеткішті 0.1% да емес, ең болмаса, 0.01% көтере алсақ, аржағында үміттің сәулесі көрінуі мүмкін. 0.01% жеткен кезде ғана біз қазақтың ұлт ретінде болашағы қандай болатыны жайлы сөйлесе аламыз. Ал, оған дейін өздеріңіз жазбасаңыздар да, басқаларға кедергі жасамаңыздар!

Қадірлі жас авторлар! "Кітабым сатылмайды" деген қорқыныштан аулақ болыңыздар. Иә, басында қателіктер көп болады. Иә, басында қиын болады. Ойлаңызшы, Меломан дүкендерінде сатылатын 10 мыңнан астам кітаптардың ішінде 10 ғана қазір тірі қазақ авторларының кітаптары бар. Басқа жоқ. Сұраныс жоқ емес. Сұраныс жетеді. Мен қазір аймақтарға кітап жеткізе алмай жатырмын. Келгені келгендей жоқ болып кетіп жатыр. Әйтпесе, басқа басқа менің кітабын адам оқитын кітап емес, негізі. Біз жаспыз. Сату ісінде де, маркетингте де жастарша жаңа жол табыңыздар. Креатив қосыңыздар. Жігер мен ынта беріңіздер. Интернетте белсенді түрде жария етіңіздер. Сол кезде еңбегіңіздің бағалаушылары міндетті түрде табылады. 0.01% тезірек жетейік.

Садық Шерімбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270