Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4214 0 пікір 21 Қараша, 2018 сағат 20:41

Цифрландыру барысы. Өңірлерде өзгеріс қандай?

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын. Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып бара жатқан мына заманында IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну бізге жай арман боп қалары анық. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы халықтың да қызғын қолдауына бөленді. Өңірлерде де өз даму жолын тауып, оң өзгерістер көріле бастады. Мәселен, біз күн сайын облыстарда, ауыл-аудандарда халық тұрмысын жақсарту мақсатында әрсалада цифрландыру бағытында жұмыс атқарылып жатқаны жайлы жаңалықтарды оқимыз. Мұндай жағымды жаңалықтар халықтың өмір сүру деңгейінің күннен-күнге жақсарып келе жатқанынан дерек береді.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін цифрландыру  бағдарламасы аясында өңірлерде қолға алынып жатқан нақтылы жұмыстар жайлы айта кетейік.

Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада ең бірінші қолға алған өңір. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен жүзеге асқан бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған.

Облыс көлеміндегі барлық 15 аудан орталығы, 181 ауыл округтері және 834 елді мекендердің картасы цифрлық форматқа көшіріліп, ондағы әрбір құрылыс нысаны «Мекенжай тіркелімі» деректер қорымен сәйкестендірілгенін айтып өтті. Аталған цифрлық карта негізінде бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша таза су жеткізу тораптары толығымен енгізілді және техникалық шарттарды беру үдерісі автоматтандырылды. Бұдан бөлек цифрлық карта ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, су қорғау белдеулері, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскілері туралы ақпаратты қамтиды.

Бұдан бөлек, облыс аумағындағы 69 емханада кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіліп, бұл «дәрігерді үйге шақыру», «дәрігердің қабылдауына жазылу», «медициналық ұйымға тіркелу» сынды қызметтерді алуға мол мүмкіндік туғызды.

Облыстағы 1371 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 140 034 бала қамтылған. «Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасына – 481 мекеме, яғни 35 пайызы қамтылған. Balabaqsha.sitcen.kz порталына қосу арқылы 2018 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, мектепке оқушыларды электронды қабылдау жүйесі бойынша ағымдағы жылдың шілде айынан бастап облыстағы 902 мектептің барлығы mektep.sitcen.kz порталы арқылы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау сынды қызметтер автоматтандырылды. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарындағы мектептерінде қосылып, бүгінгі күні жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабылданды.

Айта кетерлігі, жүйенің тиімділігі ата-ана мектепке бармай-ақ үйінде отырып қалаған мектебіне 1-сыныпқа қабылдауға өтініш беріп, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама ала алады. Сол сияқты Түркістан облысының барлық мектептеріне jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енді. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп ди⁠ректорларын конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Сондай-ақ, білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары жайлы хабарламалар орналастырылған. Білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін аталған электронды жүйеде 1571 педагог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарлама жарияланған.

Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 адам жұмысқа орналасқан. Жүйеге жалпы жұмыс іздеушілер тарапынан қызығушылық танытып, бүгінгі күні 62 778 қолданушы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 4632 жұмысқа қабылдау туралы өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарына қабылдау mektep.sitcen.kz порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған жүйеде мектепке қабылдау конкурсын өткізу толық автоматтандырылып үлгерді.

Айта кетерлігі, ата-ана өзінің баласын портал арқылы кез-келген дарынды балаларға арналған мектепке конкурсқа қатыстыра алады және порталдағы онлайн тестілеуден жоғары балл алған бала мектепке қабылданады. Сонымен қатар, облыстағы мектептер «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдан бастап, күні бүгінге дейін 594 000 сабақ қаралымы болды. Облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 1500 дана «Bilim Book» компьютер-планшет шалғай ауылдағы 195 мектепке таратылып, цифрлық білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізуде.

Тағы бір маңызды жайт, алдағы жылы Түркістан облысының білім саласында педагогтардың аттестациясын және олардың білім жетілдіру курстарынан өтуін автоматтандыру, білім ұйымдарындағы кітап қорын пайдалануды және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын автоматтандыру жүйелері жүзеге асады деп жоспарлануда. Аталған жоба білім саласындағы сыбайластық заңбұзушылықты тоқтатуға үлкен серпін береді.

Ал Қостанай облысында күнделікті өмірде көп керек болатын пайдалы жұмыс қолға алынды. Техникасы дамыған ХХІ ғасырда мынадай істердің қолға алынуы заңды да.

Қостанайдың орталық алаңында смарт орындықтар пайда болды. Олардың ерекшелігі - қала тұрығындары бұл жерде демалып қана қоймай, ұялы телефондарын да қуаттап алуға мүмкіндігі бар. Орындықтар электр қуатын күн батареялары арқылы алады. Жергілікті кәсіпкерлер Қостанай қаласына осындай тамаша сый тарту етті.

Инновациялық технологияларға негізделген жобаның бұдан басқа артықшылығы - «ақылды қала» бағдарламасы  аясында іске асырылған жобалардың бірі.  Күннен қуат алатын батареялар шынымен қапталған. Әр орындық екі юсб портпен  жабдықталған.

Смарт орындықтардың маңына вай фай орнатылған. Тұрғындар ұялы телефондарын далада қуаттап, интернетті тегін пайдалана алады. Қостанай қаласының ақылды қалаға айналуына жергілікті бизнесмендер ат салысып отыр.

«Ақылды қала» бағдарламасы аясында облыс орталығында атқарылып жатқан шаруа аз емес. Қаладағы көше жарығы мен бағдаршамдарды автоматтандырылған жүйемен басқару қолға алынды.   Сондай-ақ, ілкімді технологиялар коммуналдық қызмет түрлеріне де енгізілуде.

Бұдан бөлек Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын цифрландыруда үлкен қызметтер жүріліп жатқанын айта кетуіміз керек.

Елбасының тапсырмасына сай, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде биылғы қаңтардан медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу енгізіле бастады. Жоба аясында қағаз түріндегі нұсқалар біртіндеп алынып тасталады.

Өңірдегі медицина ұйымдарында «Kazmedinform» медициналық ақпараттық жүйесі, қаланың 6 емханасында электрондық кезекті басқару жүйесі, жедел медициналық жәрдемді басқарудың "АДИС" автоматтандырылған жүйесі енгізілді. 2017 жылдың қараша айынан бастап k-vrachu.kz мобильдік қосымшасы енгізілді, оны PlayMarket, App Store дүкендері арқылы тегін жүктеп алып, Android, iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильдік құрылғылар арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Аталған мобильдік қосымшада тіркелген пайдаланушылардың саны 22 548-ке жеткен.

Тағы бір айта кететін жайт, дәрігердің қабылдауына жазылуға арналған k-vrachu.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-портал арқылы тіркелген учаскені іздеуге, дәрігердің (жалпы тәжірибелік дәрігер) қызмет көрсететін ауданын қарауға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуға, дәрігердің кестесін, оның біліктілігін қарауға, дәрігерді бағалауға болады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында кезектілікті азайту үшін қаланың барлық емханаларында «Электронды табло» электрондық кезекті басқару бағдарламасы енгізілді. Қаланың алты емханасында және «Деркөл» дәрігерлік амбулаториясында «Казмединформ» медициналық ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған электрондық кезекті басқару жүйесі жұмыс жасайды. Барлығы 105 мекеме (121-ден) қағазсыз түрге көшірілді. Дәрігерді электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялау мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек, қалалық жедел жәрдем станциясы 32 дана мобильдік АРМ (планшеттермен) жарақталды, қамту 100 пайызды құрайды, облыс бойынша 138 дана санитарлық автокөлік GPS - мониторингке қосылды (қамту 100 пайыз). 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарлама бойынша 16918 шақыртуға қызмет көрсетілді. Аталған бағдарлама облыс бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының геолокациясын көріп отыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кетерлігі, инфрақұрылымдық индикаторлар бойынша бүгінгі таңда медициналық ұйымдар 4477 компьютермен жарақталды, 2016 жылы 1064 дана (152,3 млн теңге), 2017 жылы - 656 дана компьютерлік техника сатып алынды, сатып алу жергілікті бюджет (162,5 млн теңге) және медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүргізілді, облыстың медициналық ұйымдары компьютерлік техникамен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Оған қоса медицина ұйымдарын 510 дана компьютерлік техникамен жаңарту үшін 242,5 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

Біз жағымды жаңалықтар ретін Ақтөбе облысында ашылып жатқан сансыз тегін ІТ-сыныптары жайлы ақпаратпен жалғастырамыз.

«Нұр Отан» партиясының мемлекеттік органдар, әкімдіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастықпен бірге ұйымыдастыруымен Ақтөбе қаласы мен облысы мектептерінде тегін ІТ-сыныптары ашылып жатыр.

Ақтөбенің ІТ-компанияларының шамамен он маманы «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптар» әлеуметтік жобасын іске асыру шараларын талқыға салды. «Нұр Отан» партиясының бұл жобасын «Атамекен» ҚР ҰКП қолдап отыр. Жоба аясында республика бойынша балаларды бағдарлау мен ІТ-машыққа баулитын 1000 тегін сынып ашылмақ.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе бойынша ІТ-сыныптар 20 мектепте ашылады. 8-і – қала мектептерінде, 12-сі – аудан мектептерінде. Сыныптар №21, 9, 55 мектептерде ашылып үлгерген және №56, 61 мектептерде ашылады деп жоспарланған. Жоба ұйымдастырушылардың пікірнше мектеп жасынан бағдарламалауға машықтанған балалар келешекте жақсы ІТ-мамандары болады, осы буын Қазақстан экономикасы салаларын трансформациялауға үлес қосады. Оқыту үш модуль негізінде жүреді. Оларға алгоритм құрылымдары, бағдарлама және WEB-сайт құру үйретіледі. Барлық сыныптар демеушілер есебінен жабдықталатын болады. 16 жастан жоғары жасөспірімдерді ІТ-орталықтарында оқытады. Ол жерде қысқа мерзімде компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығуға болады.

Осы ретте, ІТ саласында жұмыс істейтін «STEM center Aktobe» ЖШС қатарлы бірқатар компаниялар жобаға үлес қосуға ынта білдіріп отырғанын айта кетейік.

Ендігі кезекте Жетісу жеріндегі жаңалықтармен бөлісейік. Қараша айының басында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында «Смарт-Тараз» жобасы іске асырылып жатқаны жайлы ақпаратпен таныстық.

Аталған жобаның ауқымы өте кең. Атап айтқанда бұған негізгі бес бағыт бойынша: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, агроөнеркәсіптік кешен және қауіпсіздік бойынша 20 жоба кіреді.

Білім беру жүйесінде компьютерлермен жабдықталған сыныптар саны осы жылдың 10 айында 22%-дан 58,5%-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін 100% қамту жоспарланып отыр. Жүзеге асқан жобалар арасында «Балаларды бірінші сыныпқа және мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау қызметтерін автоматтандыру» жобасы бар, ал келесі жылы мектеп сыныптары үшін роботтарды шығару жобасы іске қосылмақ. Ауылдық кітапханалар базасында 24 цифрлық сынып ашылды, жыл соңында мұндай орталықтардың саны 57-ге дейін көбеймек. 2019 жылдың соңына қарай цифрлы сыныптар 250 мыңнан астам тұрғыны бар барлық елді мекендерде жұмыс істейтін болады.

Денсаулық сақтау саласында облыс халқының 70%-ында электронды денсаулық паспорты болады. Тіпті, бүгінгі күннің өзінде Тараз қаласының 34 мың тұрғыны медициналық қызмет алу үшін арнайы қосымшаны қолданады. Келесі жылға қарай пайдаланушылар саны 200 мыңға жетпек.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру тұрғысында биыл өңірде қалалық сумен жабдықтау жүйесі автоматтандырылған. Жыл соңына дейін «ақылды орам» жобасы бастау алып, 315 көппәтерлі тұрғын үй «е-Шаңырақ» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылады. Келер жылы коммуналдық қызметтер төлемі үшін бірыңғай есеп айырысу орталығын енгізу жоспарда бар.

Көлік саласында бірыңғай диспетчерлік орталық пен автобус бағдарларына арналған мобильді қосымша енгізілді. Келесі жылы электрондық автобус билеттері іске қосылады.

Биыл АӨК-те жайылымдар 100%-ға цифрландырудан өтеді. Сондай-ақ, облыста Талас өзенінің бойында су ресурстарын бақылау және бөлу жөніндегі орталық ашылған. 4 ферма ақылды технологиялар игілігін көріп жүр. Болашақта әкімдік 20 ферманы толық цифрландырмақ ниетте, ал 316-на білім тарату орталықтарының негізінде цифрландыру элементтерін енгізбек.

Ел халқының еңсесін биіктетуге бағытталған бірегей жоба еліміздің барлық өңірінде жақсы жүзеге асып жатқанына сенімдіміз. Біз тек бірнеше өңірдегі басыт жаңалықтарды жаздық. Бұл бағдарламаның алдағы уақытта да қарқынды іске асары сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520