Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3214 8 пікір 4 Қаңтар, 2019 сағат 10:07

Мәскеуде ұсталған АҚШ азаматына тыңшылық жасады деген айып тағылған

Мәскеуде, 29 желтоқсанда ұсталған АҚШ азаматы Пол Уиланға тыңшылық жасады деген айып тағылған. Бұл жөнінде Интерфакс дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. Дереккөз мәліметінше, Уилан кінәсін мойындамайды.

Америка азаматының адвокаты Владимир Жеребенков Интерфакске Уиланды кепілмен шығаруды сұрап, арызданғанын айтқан. Жеребенковтің айтуынша, апелляциялық шағымды Мәскеу қалалық сотқа жіберген. Адвокат әрі қарай тергеу ісіне жүгініп, түсініктеме беруден бас тартқан.

ФСБ 48 жастағы Уиланды 28 желтоқсанда ұстаған. 29 желтоқсанда Мәскеудің Лефортовский соты америкалық азаматты қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Оған тағылған айып бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар.

"Росбалт" агенттігі арнайы қызметтің дереккөзіне сілтеме жасап, Уилан ресейлік құпия мекеменің қызметкерлерінің тізімі бар флеш-карта алып жатқан кезінде ұсталған. Бұл мәлімет мемлекеттік құпия болып саналады.

Сәрсенбі күні "Лефортово" тергеу абақтысында отырған америкалыққа АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Хантсман барды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейден Уиланды не үшін ұстағанын ашық мәлімдеуді сұрап. тез арада босатуды талап еткен.

Уилан көлік бөлшектерін шығаратын BorgWarner америкалық компаниясында қауіпсіздік жөніндегі директоры қызметін атқарады. 1994-2008 жылдар аралығында АҚШ теңіз жаяу әскері Корпусының запасында қызмет еткен. Ол ұрлығы үшін қызметінен қуылған.

Уиланның туыстары оның барлау ісіне қатысы бар дегенді теріске шығарады. Олардың сөзінше, Уилан Мәскеуге досының тойына барған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970