Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4872 0 пікір 8 Қаңтар, 2019 сағат 11:25

Керуен және ит

D:DCIM100MEDIAIMG_1713.JPG

Тірлік тынысы—айналған қан тамыр,

Өмір өзегі тынымсыз нәр алған.

Шетсіз жазықтар, қалды екен қанша қыр?

Тізбегін тоқтатпай заман-заманнан.

 

Керуен тартады құрлықтан құрлыққа,

Әр сәт беттесіп бейтаныс елдермен.

Шөлден өтеді қайықтай құмдықта,

Құрма, маталар, Құрандар теңделген.

 

Өнер, жаңалық, жалғанар саудамен,

Ілесіп шәкірттер іздейді мол білім.

Каусар ішеді құдықтан қауғамен,

Ерте қамдайды керуенші жол жүгін.

 

Қалқа, бұқпадан қарақшы ептейді,

Керуен кезеді именбей сұмдардан.

«Шегірткеден қорыққан егін екпейді»,

Керуен сескенбес сапарда шыңдалған.

 

Ең бір мазасыз керуенге бөгет бар,

Арсылдап, арпылдап иттер жүгірер.

Тірсекке тап беріп қабуға төбет дал,

Ол үшін тоқтатып, түсірмес жүгін ел.

 

Қаптаған қанды ауыз жасқауды білмейді,

Иесін сыйлаған итін атпайды.

Анталағанды көзіне ілмейді.

Тік бақай түйелер абдырап саспайды.

 

Қалмайды артынан көш жерге шаңқылдап,

Өршеленеді құлақ тұндырып.

Қалады сұр қаншық кездейсоқ қаңқылдап,

Серпілген аяқтан тісін сындырып.

 

Керуен кетеді бөгелмей бел асып,

Иттер қалады бір сайда ұйлығып.

Қарсы алар құрметтеп қақпасын ел ашып,

Күрең шайы мен шәрбатын құйдырып.

 

Бүгінде керуендер кетіп барады,

Иттер әдетін әлі қойған жоқ.

Абалап жүгіріп, үреді, қабады,

Бәрі бір ит өспес, болмайды қойдан көп.

Дәулетбек Байтұрсынұлы, ҚЖО ның мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050