Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Мәселенің мәні 5654 7 пікір 10 Қаңтар, 2019 сағат 11:22

Мәмбет Қойгелдінің мақаласына терістеме

Abai.kz ақпараттық порталында Абайдың 45 сөзінің жалғасы болуға лайық дүниелерді жариялайтын “46-cөз”  деген айдар бар. Мұнда әлеуметтік желідегі белсенді азаматтардың ой саларлық жазбаларын қаз-қалпында жариялап отырамыз.

3-қаңтар күні осы айдарға тарихшы Мәмбет Қойгелдінің “Саяси элитаның сатқын болғанын мойындайтын уақыт келді” деген жазбасын жариялаған болатынбыз. Алайда, тарихшы редакцияға хабарласып, мәтінде қателік бар екенін айтты. Біз мұны әлеуметтік желідегі топтардан алғандықтан, түпнұсқадан айырмашылығы бар екенін білмедік. Сосын, материал оқылымды болуы үшін мақаладағы бір сөйлемді ("Саяси элитаның сатқын болғанын мойындайтын уақыт болды") тақырып еттік.

Біз белгілі ғалымға мақаласын ескертпей осындай тақырыппен жариялағанымыз және жазбаның астындағы оқырмандарымыздың біржақты пікірі үшін Мәмбет Қойгелді ағамыздан кешірім сұраймыз!

Тарихшы алдағы уақытта бұл тақырыпқа қатысты барлық пікірлерді қамти отырып, кеңінен жауап беретінін айтты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1154
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 773