ОҚО-да қырым қанды безгегі диагнозымен емханаға жатқызылғанның жағдайы өте ауыр - ТЖМ
Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы ауруханаға қырым қанды безгегі диагнозымен жатқызылған 13 жасар жас өспірімнің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ТЖМ.
Белгілі болғандай, 8-ші маусымда ОҚО-ның Түркістан қаласына жақын жердегі Достық ауылының фельшерлік пунктіне , кене шаққан жергілікті тұрғын келген. Ол 3 күн бойына амбулаторлық емделуде болыпты.
Денсаулығы нашарлаған соң ол, 11 маусымда Ескі Икан аулының ауылдық учаскелік емханасына жіберілген де, ол жерде алдын ала қырым қанды безгегі деген диагноз қойылыпты.
«13 маусымда диагноз расталды, науқастың жағдайы өте ауыр», - делінеді хабарда.
Конго-Қырым қанды безгегі (кейде оны ортаазиялық безгек деп те атайды) – вирустық табиғи-ошақталған кесел. Оның қоздырғыштары кененің шағуы арқылы беріледі. Таралған жерлері - Ресейдің оңтүстігі мен, Болгария, Югославия,Орта Азия, Пәкістан, Қытай, Африканың кейбір елдері. Ең алғаш бұл кеселдің вирусы 1945 жылы Қырымда анықталды. Одан кейін 1956 жылы Конгода осындай кесел анықталып, оның да вирусы қырымдағыдай болған соң, бұл кесел содан бері Конго-Қырыс геморрогиялық безгек деп аталады.

Кеселдің инкубациялық мерзімі 14 күнге дейін барады, бірақ көбінде 3-5 күн. Өтуі өте тез. Бірінші кезеңде адамның ыстығы цельсия бойынша 39-40 градустан асып, басы аурып, денесі түршігіп, кейде қалшылдап, беті мен адамның шырышты қабыршықтары қызарады. Адамның дірмәні құрып, бұлшық еттері аурып, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсады. 2-4 күннен кейін кеселдің геморрагиялық кезеңі басталады. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, шырышты қабыршақтары мен терілерінің кейбір жерлері қанталап, бөртіп, қызыл дақтанып кетеді. Аданмың мұрнынан, тістерінің қызыл еттерінен, кене шаққан жерлердең қан ағады. Іші өтіп, бауыры аурады, сары аурудың белгілерін береді. Бұл кеселден адамдардың өлуі 2-ден 50 %-ға дейін болады.