Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2239 0 пікір 13 Сәуір, 2011 сағат 08:12

Қымбатшылық қылбұрауы қашан босар екен?

Қарапайым халықты тырп еткізбей тастаған қымбатшылық қылбұрауы әзірге босататын түрі жоқ. Базардағы баға бас жаққа өрмелеп барады. Облыстың биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы (2-кесте) ақпарат берген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская осындай деректерді келтірді.

Жалпы, аймақ бойынша азық-түлік тауар-ларының ішінде ет, сүт өнімдерінің, жеміс-көкөністердің, қанттың бағасы арта түскендігі байқалуда. Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда Семейде тауардың 15 түрі қымбаттаса, Өскемен қаласында - 14, Шемонайхада 10 түрінің бағасы артқан. Курчатовта картоптың құны - 33,3 пайызға

(1- кесте), пияз   18,8 пайызға өссе, Шемонайхада орамжапырақ - 25 пайызға, қызылша мен пияз 17,6 пайызға қымбаттапты.

Қарапайым халықты тырп еткізбей тастаған қымбатшылық қылбұрауы әзірге босататын түрі жоқ. Базардағы баға бас жаққа өрмелеп барады. Облыстың биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы (2-кесте) ақпарат берген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская осындай деректерді келтірді.

Жалпы, аймақ бойынша азық-түлік тауар-ларының ішінде ет, сүт өнімдерінің, жеміс-көкөністердің, қанттың бағасы арта түскендігі байқалуда. Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда Семейде тауардың 15 түрі қымбаттаса, Өскемен қаласында - 14, Шемонайхада 10 түрінің бағасы артқан. Курчатовта картоптың құны - 33,3 пайызға

(1- кесте), пияз   18,8 пайызға өссе, Шемонайхада орамжапырақ - 25 пайызға, қызылша мен пияз 17,6 пайызға қымбаттапты.

- Бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бар, тек күнделікті бақылап отыру керек. Келісілген меморандумдардың барлығы орындалсын. Барлық әкімдер ең алдымен осы мәселені реттеумен айналысуы керек. Өйткені, халықпен кездескенде, әлеуметтік сауалнамалар жүргізген кезде жұртшылықтың айтатын проблемасы бірінші денсаулық сақтау саласы болса, екінші азық-түлік пен коммуналды төлемдер бағасының өсуі. Содан кейін мемлекеттік органдардағы жемқорлық жағдайы. Сол себепті әкімдер осы жағына баса көңіл бөліңіздер, - деген өңір басшысы Бердібек САПАРБАЕВ бағаны бұдан ары өсірмеуге ықпал ету керектігін қайталап тапсырды.

Облыстағы аудандар мен қалаларда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді орындау жөнінде бекітілген іс-жоспардың жүзеге асырылуы да көңіл көншітерлік емес көрінеді. Бұл ретте бәрінен оқ бойы «озып» тұрған - Глубокое ауданы. Белгіленген 13 көрсеткіштің бесеуін орындай алмаса, Семей мен Аягөз төртеуін, Күршім мен Тарбағатай үшеуін діттеген межеге жеткізе алмаған. Басқарма бастығы ұсынған әрбір мәліметті ынта қойып тыңдаған облыс басшысы кемшіліктер жіберген Глубокое, Зырян, Бесқарағай, Шемонайха сынды аудандардың әкімдерін жеке-жеке тұрғызып, қатаң сынға алды.

- Глубокое ауданында бюджеттің шығыс бөлігі неге орындалмай жатыр? Іс-жоспардың бесеуі неге жүзеге аспай қалды? Жалпы, бұл қандай көрсеткіштер екенін білесіз бе? Біз бюджеттің шығыс бөлігін 99 пайызға орындау қажет деп міндет қоямыз, ал Глубокое ауданы тек 84 пайызға ғана орындаған. Бұл осы ауданның нашар жұмыс істеп отырғандығын көрсетеді. Бесқарағай ауданының әкімі, сізге сұрақ: Азық-түлік бағасы неге ауданда шарықтап кеткен. Облыс бойынша сіздердің ауданда ең жоғарғы баға анықталған. Маргарин майы - 10 пайыз, пияз - 18,8 пайыз, қызылша  55,6 пайыз қымбаттаған. Неге? Бақылау қайда, неге күнделікті қадағалап отырмайсыздар? - деп әкімдерді қатаң сынға алған Әкім Бердібек САПАРБАЕВ алғашқы тоқсанның аяқталып қалғандығын ескертіп, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға тапсырма берді.

Сонымен қоса аймақ басшысы байқау-лар өткізу мәселесінде де бағымыз жанып тұрмағандығын тілге тиек етті. Облыс көлемінде 363 байқау өтуі тиіс болса, соның 34-і өтпеген, 33-і туралы хабарландыру берілмеген. Бұл ретте Өскемен, Семей қалалары мен Жарма ауданы көш соңынан көрінсе, бағдарлама әкімшілері арасында құрылыс басқармасы ең соңғы орынға тұрақтаған.

 

P.S. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ:

- Инвестициямен жұмыс істеуді де дұрыстап қолға алу қажет. Әсіресе Өскемен, Курчатов қалалары, Күршім, Тарбағатай аудандарына белсенді қимылдаған дұрыс.

Халықты жұмыспен қамту бағытында қомақты қаржы бөлінген. Тиісті жобалар мен бағдарламалардың жобалық-сметалық құжаттамаларын тез арада әзірлеп, өткізу керек. Алдағы 2012 жылға инвестициялық жобаларды дайындау науқаны да жүріп жатыр. Егер кім дер кезінде тиісті құжаттарды әзірлеп, тапсыратын болса, соған қажетті қаражат бөлініп, жұмыс істейтін болады. Ал құжаттарын өткізбегенге ақша жоқ.

Сол сияқты индустрияландыру картасы бойынша да аудандарда атқарылып жатқан жұмыс нашар. Аудан кәсіпкерлері тарапынан түсетін ұсыныстар мен жобалар мүлдем жоқтың қасы. Керісінше, салынған нысандар көп. Жеке секторда қандай нысандар салынып, қайсысы қолданысқа беріліп жатқанын әкімдердің өздері білмейді. Бір ай уақыт беремін, әкімдер мен тиісті орындар бірлесіп, қай жерде, қандай нысан салынып жатқанын анықтап, тіркеуге алыңыздар. Тиісті инфрақұрылым жүргізуге, қосымша несие беруге бізде қаражат бар, өкінішке қарай, біз соны істей алмай отырмыз. Содан кейін келіп қыруар қаржы игерілмей жатады. Президент келгенде қандай мәселелердің көтерілгендігін білесіздер ғой, ендігі жерде қаржыны игеру мен жаңа орындардың ашылуына ғана емес, жұмыс өнімділігіне, шағын және орта бизнесті дамытуға, өндірісте энергия жұмсау қуатын төмендетуге және басқа да көрсеткіштерге баса көңіл аударылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істеуіміз керек, қазір біз Үкіметпен бірлесіп, еліміздің өзге өңірлеріне біздің өнімдерді сатуды жолға қоймақпыз. 2009 жылы қолға алынып, кейіннен аяқсыз қалған ірі кәсіпорындардың шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуін қайтадан бастауымыз керек.

«Дидар» газеті №35, 31-наурыз, 2011 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641