Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2314 0 пікір 14 Сәуір, 2011 сағат 10:30

Серік Әбілхан. Бұл сайлау аймақтың абыройын асырып, мерейін тасытты

Кезектен тыс өткен Президент сайлауында біздің облыс жоғары нәтижеге ие болды. Саяси науқанға белсенді араласқан шығысқазақстандықтардың 95,1 пайызы дауыс беруге қатысып, ел егемендігін алғалы бері бұрын-соңды еншімізге бұйырмаған зор жетістікке қол жеткізді. Жерлестерімізді осы бір айтулы жеңісімен құттықтаған облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ еліміз үшін аса маңызды шараны атқаруға атсалысқандардың барлығына алғыс айтты.

Шығыс жұрты жұдырықтай жұмылды

- Соңғы үш айда бірлесе отырып атқарған өнімді жұмыстың арқасында біздің облыс биіктен көріне білді. Кеше, алдыңғы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ күллі Қазақстан халқына өзінің ризашылығын білдірді, соның ішінде біздің облысқа да айтылған алғыс бар. Шығыс Қазақстаннан қатысқан сайлаушылардың 97,2 пайызы Елбасыға дауыс берді. Бұл Шығыс жұртшылығы мемлекеттің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын толығымен қолдайтындығын, өздерінің, отбасыларының болашағын Елбасымен бірге байланыстыратындығын көрсетеді. Сондықтан құрметті жерлестер, барлықтарыңызға үлкен рақмет, - деді аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ он-лайн тәртібінде жүргізілген облыс әкімдігінің кезекті селекторлық кеңесінде.

Бұған қоса өңір басшысы Шығыс Қазақ-станда былтырғы желтоқсан айында Президент өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға байланысты референдум өткізу бастамасының бекерден-бекер көтерілмегендігін, өйткені біздер Абай, Шәкерім, Мұхтар сынды дара тұлғалардың ұрпақтары екендігімізді, жалпы Қазақстандағы ең алғашқы зиялы қауым өкілдерінің Шығыста пайда болғандығын тілге тиек ете келе осындай қасиетті жерді мекендеген халықтың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін саяси шараға бір кісідей қатысуы көңілге қуаныш ұялататындығын жеткізді.

Кешегі науқанды бақылау мақсатында біздің облысқа 2324 байқаушы (39-ы халықаралық байқаушы) келіп, 144 сайлау

учаскесінде болды. Дауыс беру үдерісінің заң талаптарына сәйкес жүргізілуін қадаға-лады. Нәтижесінде олар облыс бойынша сайлаудың халықаралық стандарттарға сай, демократиялық жағдайда ашық әрі әділ өткен-дігіне тоқталып әсіресе халықты алдын ала құлақтандыру мен ұйымдастыру шараларына баса көңіл бөлінгендігін ерекше атап көрсетті.

Иә, ауыз толтырып айтатындай жөніміз бар. Осы жолғы саяси бәсекеде Өскемен қаласының тұрғындары - 88,9 пайыз, Риддер - 94 пайыз, Семей  92 пайыз дауыс берді. Тәуелсіз ел тарихында мұндай көрсеткіш бұған дейін тіркелмеген. Облыс Әкімі өз сөз-інде бұл межені төмендетіп алмай, алдағы уақыттарда жоғарылата түсу қажеттігін ескерт-

ті. Сәуір айының 8-ші жұлдызында Астанада Президентіміздің ант қабылдау, яғни инногурация рәсімі өтеді, соған біздің өңірден 100 адамнан жасақталған арнайы делегация бармақ.

- Осылайша жұдырықтай жұмылып, береке-бірлікте жұмыс жасайтын болсақ, бізге ештеңе кедергі келтіре алмайды. Тосыннан келген кез келген қиындыққа, проблемаға тізе қосып төтеп береміз. Сондықтан сайлау өтті, бұдан біз өзімізге қажетті сабақ алып, келешекте осы тәжірибені тиімді пайдаланып, ары қарай жетілдіре түсуіміз қажет. Айталық, кейбір сайлау учаскелерінде адамдар тізімде болмай қалып, аздаған келеңсіздіктер орын алды, ендігі жерде осындай кемшіліктерге жол бермеуге тырысуымыз керек, - деп сөзін жалғастырған Әкім Бердібек САПАРБАЕВ барлық шығысқазақстандықтарға шексіз ризашылығын білдіргеннен кейін көктемнің келуімен бірге есігімізден сығалаған бірқатар мәселелерге көшті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5654