«Нұр Отан» партиясының XVIII Съезі өтеді
Осы жылдың 27 ақпанында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезі өтеді. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Құрметті достар!
Алдағы 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII Съезі өтеді. Съезді шақыру жөніндегі қаулыға бүгін Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев қол қойды.
Кезекті Съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту жоспарлануда.
Аталған Съездің партиямыздың 20 жылдығы аясындағы басты іс-шара боларына және алдағы жылдардағы мақсат-міндеттерді анықтап, біздің саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін беретініне сеніміміз мол», – делінген жазбада.
Abai.kz