Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3937 2 пікір 22 Қаңтар, 2019 сағат 08:52

Қазақстан Сириядағы азаматтарын қайтару операциясын жалғастырады

Сыртқы істер министрлігі мен өзге де органдар Сириядағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау операциясын жалғастыра береді. Бұл туралы 21 қаңтарда министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Бұл операция кезінде 1-5 жас аралығындағы балалар басты назарда болды. Олардың көбі Сирия аумағында дүниеге келген" деді ол.

Бұған дейін 9 қаңтарда президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралғанын мәлімдеген.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ қолдайтын күрдтердің Сирия демократиялық күштері Қазақстанның ондаған азаматын еліне берген. Олардың бесеуі – ДАИШ сапында соғысқандар.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 794