Әлібек, Әмір Бегдесіновтер: «Әкемізге араша сұраймыз, ағайын!»
Түркіменстандағы аз қазақтың жоқшысы Ресей мен Түркіменстан арасындағы көші-қон жеңілдігі туралы келісімнің орайын пайдаланып елге қайтпақ қазақ үшін қиыннан жол тауып, жұртқа қол ұшын созып тыным таппай жүрген Бейсенқұл Бегдесінов жоқ жерден жалалы болып, тұтқындалғаны туралы бұған дейінде айтқанбыз. (http://old.abai.kz/node/8172 )
Бейсенқұл Оңайұлының екі ұлы әкелеріне араша сұрап, шырылдап жүр. Абай-ақпараттық порталына бас сұққан Әлібек пен Әмірден әкелерінің жай-күйі туралы аз-кем әңгімелесіп, мән-жайды білуді жөн көрдік.
- Әкелеріңізге Түркіменстаның құқық қорғау орындары қандай айып тағып отыр?
Түркіменстандағы аз қазақтың жоқшысы Ресей мен Түркіменстан арасындағы көші-қон жеңілдігі туралы келісімнің орайын пайдаланып елге қайтпақ қазақ үшін қиыннан жол тауып, жұртқа қол ұшын созып тыным таппай жүрген Бейсенқұл Бегдесінов жоқ жерден жалалы болып, тұтқындалғаны туралы бұған дейінде айтқанбыз. (http://old.abai.kz/node/8172 )
Бейсенқұл Оңайұлының екі ұлы әкелеріне араша сұрап, шырылдап жүр. Абай-ақпараттық порталына бас сұққан Әлібек пен Әмірден әкелерінің жай-күйі туралы аз-кем әңгімелесіп, мән-жайды білуді жөн көрдік.
- Әкелеріңізге Түркіменстаның құқық қорғау орындары қандай айып тағып отыр?
- Әкемізді Түркіменстанның заң орындары алаяқтық жасады және пара алды деген айыппен тұтқындады. Әкеміз Қазақстанға, Ресейге қоныс аударатын азаматтарға ықтияр хаттар жасайтын, қызыметіне орай тапқан қаражатынан заңды салығын төлейтін. Қызметінің бәрі заңды. Негізі қылмыстық істе саяси астар бар. Қазір Түркіменстанда жылдан жылға қазақтарды қысу тенденциясы үдеп келеді. Қазақтар барлық мемлекетттік мекемелерден шығарылды, кеңес өкіметі кезінде болған отыз үш қазақ мектебі жабылды. ЖОО да тек түркімен тілінде ғана оқуға болады. Оқу орыс тілінде де жоқ. Сондықтан қазір барлық қазақтар Қазақстанға көшіп келуге талпынуда. Бұрын Түркімен билігі ешқандай қарсылық көрсетпейтін. Ал, қазір басқа саясат жүргізілуде. Бұл саясаттың мәні көшетін қазақтардың бар мүлкін мемлекет меншігіне алып қалу.
- Түркіменстанда қай жылдардан бері тұрасыздар?
- Түркіменстанда туып, өстік. 2001 жылы Қазақстанға келіп ЖОО түстік. Содан бері елдеміз.
- Жалпы әкеңіздің алаяқтық жасады деген айыппен ұсталғаны сол жақтағы қазақтарға сес көрсету ме, әлде сол жақтағы қазақтардың мәселесімен айналысып жүргені үшін әдейі істелген әрекет пе, қалай ойлайсыз?
- Мүмкін, өйткені әкеміз қазақтардың Қазақстанға көшуіне көмектесті. Түркіменстаннан тарихи Отаныңа көшу үшін үй-жайыңды мемлекетке тастап кетуің керек. Ал әкем ықтияр хаттарды жасап көшуге бел байлаған қазақтардың үйін жекешелендіріп, сатуына қол ұшын беріп отырды. Сөйтіп азын-аулақ қаржы жинап елге көшуіне көмектескен. Ал, енді Түркіменстандағы қазақтар Қазақстанға қоныс аудару мәселесінде тығырыққа тірелді. Себебі, үйін сата алмаса, мұнда келіп қалай күн көрмек?!
- Әкелеріңіздің айыбы бойынша, Түркіменстанның заңы қандай жаза қарастырады?
- Он бес жылға дейін бас бостандығынан айырады.
- Түркіменстандағы қазақтар Қазақстанның қамқорлығын сезіне ме?
- Қазіргі жағдайда Қазақстан шетте тұратын қазақтарға ешқандай көмек көрсетіп отырған жоқ. Өзбекстанда да қысым бар, Қытайда да қысым бар. Түркменстандағы қазақтар балаларын қазақ мектепке бере алмайды, ЖОО да оқыта алмайды. Сол себептен Қазақстанға көшеді.
- Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы деген ұйым бар ғой, кітаптар, дискілер жібереміз дейді, жағдайлары жақсы деп жатады, олардан қандай көмек алдыңыздар?
- Бізге тек Ресей қазақтарының қауымдастығы үндеу, мақалалар жазып қолдау білідіріп жатыр. Олар Түркіменстанның президентіне ашық хат жазды, әзірге басқа ешкімнен көмек алған жоқпыз. Жақында Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болады. Құрылтайда әкеміздің мәселесін көтеретін боламыз. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевпен сөйлестік. Оның сөзіне қарағанда, бұл ұйым мұндай мәселелерді шешпейді, оған қауымдастықтың қауқары жетпейді екен. Бұл - бес жылда бір жиналып, той-тоймалақ өткізіп тарқасатын ғана ұйым көрінеді. Тіпті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстанның атынан ешқандай мәлімдеме жасай алмайды. Жасағанның күннің өзінде оған Түркімен үкіметі пысқырып та қарамайды.
- Қазақстанның құзырлы орындары тарапынан қандай да пәрмен болды ма?
- Ең әуелі сыртқы істер министрлігіне хат жаздық. Олар біздің әкеміз Түркіменстан азаматы яғни шетел азаматы болғандықтан көмек бере алмаймыз деді. Заң бойынша, ол басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласу болып табылады екен. Алайда, біз заңгер ретінде білетініміз Түркіменстан да, Қазақстан да қол қойып, мақұлдаған халықаралық пактілер бар. Оны бір мемлекет бұзса, екінші мемлекет оны заң бұзушылық деп қарастыруына болады. Бірақ өкінішке қарай, ҚР Сыртқы істер министрлігі саусағын қимылдатар емес.
- Енді қайтпексіздер?
- Осы айдың он алтысында сот болады. Соған дейін біз саяси партиялардың өкілдерін, журналистерді шақырып баспасөз мәслихатын жасап, елді әкеміздің жағдайынан хабардар етпекпіз. Мысалы, Ресей кез келген ұлты орыс азаматтың басына күн туса қорғап, мемлекет ретінде араша түседі. Бізде қамауда жатқан әкемізге Қазақстанның араша түсуін сұраймыз. Қазақстан - барша қазақтың Отаны әрі қамқоршысы мен қорғаушысы. Жұма күні Алматы қаласындағы Фурманов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан Түркмен елшілігіне ұжымдық үндеуді табыс етеміз. Abai.kz оқырмандарынан, қоғамдық-саяси ұйымдардан бізге қолдау көрсетулерін сұраймыз.
«Абай-ақпарат»