Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2824 0 пікір 11 Мамыр, 2011 сағат 03:42

Қымбат Қалауова. 2050 жылы Қазақстан халқы 20 миллионға жете ме?

Соңғы жылдары еліміздің шенеуніктері мен демографтары 2030 жылға дейін еліміздің халқы 20 миллион адамға дейін жетуі қажет деген әңгімені айтып жүр. Әрине, «жақсы сөз - жарым ырыс». Алайда шын мәнінде осындай көрсеткішке жете аламыз ба? Тұл туралы шетелдік сарапшылар не дейді екен?

Жалпы алғанда, The Economist журналының мәліметіне сенетін болсақ, 2050 жылы әлемдегі халық саны жөнінен ең ірі елге Үндістан айналатын көрінеді. Бүгінгі әлемдік біріншілікті бастап келе жатқан Қытай екінші орынға ығысады екен. Сөйтіп қырық жылдан кейін Үндістанның халқы 1,614 млн. адамға жетсе, алпауыт Қытайдың халқы  - 1,417 млн. адамға жетіп шектеледі.

2050 жылы халық саны жағынан үшінші орынға Америка Құрама Штаттары шығады. Негізінен Латын Америкасы мен Азия-Африка этностарының өсімі арқасында бұл елдің тұрғындарының саны 404 миллион адамға жетеді-мыс. Есесіне алдағы жылдары Ресей халқының саны жылдан жылға кеми береді деп отыр сарапшылар. 2050 жылы Ресей тұрғындарының саны бүгінгі 142 миллион адамнан 116 миллионға дейін кемиді екен.

2050 жылы халқы 100 миллионнан асатын не оған жақындайтын мемлекеттер

(Болжам)

млн. адам

1

Үндістан

1614

2

Қытай

1417

3

АҚШ

404

4

Пәкстан

335

5

Нигерия

289

6

Индонезия

288

7

Бангладеш

222

8

Бразилия

219

9

Эфиопия

174

10

Конго

148

11

Филлиппин аралдары

146

12

Египет

130

13

Мексика

129

14

Ресей

116

15

Вьетнам

112

16

Танзания

109

17

Жапония

102

18

Иран

97

19

Түркия

97

20

Уганда

91

Ал ТМД елдеріне келетін болсақ, алдағы қырық жылда бұл мемлекеттерді әлемдегі демографиялық үдерістер айналып өтпейтін көрінеді. БҰҰ мамандарының есептеріне сенсек, ТМД-ға кіретін елдердің тұрғындары алдағы жылдары кемитін болады. Негізгі өсім тек Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде байқалатын болады дейді сарапшылар.

Осы сарапшылардың деректеріне сүйенетін болсақ, 2050 жылы Қазақстанның халқы шамамен 18 миллион адамға жақындайды. Негізгі өсімді Өзбекстан беретін болады. Бұл елдің халқы 40 жылдан кейін 36 миллион адамнан асады деп болжайды әлемдік демографтар.

2025 және 2050 жылдардағы халық саны

Мемлекет

2025 ж.

2050 ж.

Әзірбайжан

10128

10579

Армения

3181

3018

Белоруссия

8851

7275

Грузия

3888

3267

Қазақстан

17025

17848

Қырғызстан

6378

6882

Латвия

2101

1854

Литва

2985

2579

Молдова

3291

2734

Ресей

132345

116097

Тәжікстан

9075

11111

Түрікменстан

6072

6796

Өзбекстан

32715

36439

Украина

41617

35026

Эстония

1321

1233

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440