Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4260 0 пікір 12 Мамыр, 2011 сағат 05:02

Майра Мұхамедқызы Керей, опера әншісі: «Қанағатты серік еткен халықпыз»

«Майра» деген ат қазақтың құлағына майдай жағады. Өйткені тағдыр Майра есімді бірнеше қызымызға бұлбұлдың үніндей ғажап дауыс берген. Сол Майралардың бүгінгі алды, сірә, - Майра Керей болса керек. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаты Майра Мұхемедқызын бүгінде білмейтін қазақ жоқ шығар. Ендеше сол әнші Майраның «Сәрсенбінің сәтінде...» айтқан сыр-сұхбатына назар аударыңыз.

- Майра Мұхамедқызы, ғажап дауысыңыздың арқасында табаныңыз тимеген ел кемдекем. Қазақстаннан гөрі, сыртта көп жүресіз. Тәуелсіздік мерекесі кезінде қайда боласыз?

- Сырт елден келген мен үшін тәуелсіздік шексіз бақыт болғандықтан, осы мерекені өз елімнің сахнасында, өз жерімнің топырағында қарсы алғанды жөн көрдім. Ал Еуропада ән айту арқылы мен шеберлігімді шыңдап, білімімді толықтырудан жалыққан емеспін. Өйткені осының бәрі - түбі еліме қайтатын байлық...

- Классикалық музыканы көбінесе тек еуропалық мәдениетке ғана тән дейтіндер бар. Тіпті: «Қазаққа опера керек емес,      бұл - бізге жат өнер», - дегендер де болды. Мұндай көрсоқырлық пікірлерден хабарыңыз бар ма?

«Майра» деген ат қазақтың құлағына майдай жағады. Өйткені тағдыр Майра есімді бірнеше қызымызға бұлбұлдың үніндей ғажап дауыс берген. Сол Майралардың бүгінгі алды, сірә, - Майра Керей болса керек. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаты Майра Мұхемедқызын бүгінде білмейтін қазақ жоқ шығар. Ендеше сол әнші Майраның «Сәрсенбінің сәтінде...» айтқан сыр-сұхбатына назар аударыңыз.

- Майра Мұхамедқызы, ғажап дауысыңыздың арқасында табаныңыз тимеген ел кемдекем. Қазақстаннан гөрі, сыртта көп жүресіз. Тәуелсіздік мерекесі кезінде қайда боласыз?

- Сырт елден келген мен үшін тәуелсіздік шексіз бақыт болғандықтан, осы мерекені өз елімнің сахнасында, өз жерімнің топырағында қарсы алғанды жөн көрдім. Ал Еуропада ән айту арқылы мен шеберлігімді шыңдап, білімімді толықтырудан жалыққан емеспін. Өйткені осының бәрі - түбі еліме қайтатын байлық...

- Классикалық музыканы көбінесе тек еуропалық мәдениетке ғана тән дейтіндер бар. Тіпті: «Қазаққа опера керек емес,      бұл - бізге жат өнер», - дегендер де болды. Мұндай көрсоқырлық пікірлерден хабарыңыз бар ма?

- Иә, қазаққа операның керегі жоқ деген сөз «Абай» мен «Құран кәрім» керек емес дегендей әсер етті маған. Жанымды ауыртты. Дамыған елдердің опера театрлары сондағы халықтың мақтанышына айналған. Тіпті классикаға деген үлкен құрмет дәстүрге айналып кеткен. Бұл дегеніміз - сол халықтың өнерге деген үлкен махаббатының көрінісі, әрі деңгейінің биіктігі. Өкінішке қарай, біздің телеарналарымыз бен радиоларымызды кілең батыстық арзан музыкалар жаулап алған заман боп тұр қазір.

- Жаңадан ашылғалы жатқан «Классика» радиосы осы олқылықтың орнын толтыратын шығар...

- «Классика» радиосы нағыз таланттар пен өнерпаздардың үнін халыққа жеткізіп насихаттаса, дұрыс болар еді...

- Айтпақшы, Астанада 1200 орындық опера театры салынып жатыр. Келесі жылы құрылысы бітеді деген сөз бар. Ендеше, Алматыдағы 793 орындық опера театрына адам толтыру қиынға түскен бүгінгі кезеңде Астананың 1200 орындық театры ертеңгі күні қаңырап бос тұрмай ма, қалай ойлайсыз?

- Театрға көрерменнің келмеуіне, залдың толмауына халықты кінәлауға болмайды. Бұл - театр басшылығының әлсіздігінен, біліксіздігінен болатын жағдай. Өйткені тыңдарман қашанда көңілі қалаған дүниені іздеп жүріп көруге, іздеп жүріп тыңдауға бар. «Көш жүре түзеледі» ғой, әрине. Бірақ театрды әлемдiк аренаға шығару үшiн мықты басшы керек. Театрларды нағыз кәсіби мамандар басқарған жөн деп ойлаймын.

- Бізде эстрадамен екі ән айтқандар «жұлдыз» болып жатыр. Ал сіз табиғаты күрделі, танымы терең операны таңдадыңыз. Операға қарағанда, эстраданың табысы тәуір екенін қазір елдің бәрі біледі. Операның жолында жүргеніңізге өкінбейсіз бе?

- Мен ешқашанда опера әншісі болғаныма өкінбеймін. Тіпті осындай ой қапелімде басыма келмепті. Керісінше, операға деген махаббатымның шексіздігінен осы құдіретті өнер жолын таңдағанымды зор мәртебе санаймын. Әрі дауысымды күтіп-баптап, халыққа адал қызмет ету үшін барымды саламын. Оны айтасыз, әнші болып жаратылып, халықтың рухани өміріне тамшыдай болса да қызмет еткенімді бақыт санаймын. Және осындай тағдырды маңдайыма жазған Аллаһқа мың мәрте ризамын.

- Көпшілікке Мұхамедқызы болып танылдыңыз. Содан ба, кейіннен Керей болғаныңызға «кейігендер» көп болды ғой...

- Тегімді ауыстырғанда, біраз жұрттың біртүрлі тосырқай қарағаны рас. Тіпті атасының есімі Пайғамбарымыздың атымен аттас болғандықтан алып тастады деп, діни астар іздегендер де болыпты. Әу баста Мұхамедқызы болып шыққаныма үйреніп қалған тыңдарманымды түсінемін. Дегенмен көбінесе Еуропа елдерінің сахнасында өнер көрсететіндіктен, «Керей» әрі қысқа, әрі ықшам көрінді. Кім не десе де, мен өз елімнің мақтанышы екенімді үлкен сүйіспеншілікпен айта келе, ол ешқашанда өзгермейтініне кәміл сенемін. Өйткені сол құрметке сай болу үшін, еңбек етуден талған емеспін.

- Соңғы жылдары қазақтың рухын көтеретін опералық шығармалар туған жоқ. Мұның сыры композиторлар жиі айтатын қаламақыға ғана байланысты ма?

- Бізде қазақтың ұлттық рухын көтеретін «Абай», «Біржан-Сара», «Қыз Жібек», «Абылай хан» опералары ұлтқа деген сүйіспеншілік пен ұлтыңа деген махаббатыңды оятады. Бірақ жаңа опералар жазылмай жатқаны жанымызға бататыны да рас. Ал осы жағдайды қаржыға сілтеу - әшейін сылтау ғана. Көкірегі ояу, ұлтына деген шексіз махаббаты бар жандар ұлты үшін жанын беруге әзір болса, талай нәрсе өз жөнін табар еді. Сондай азаматтар бар болғай деп тілейік!

- Өнер әлеміндегі достық пен бақталастық жөнінде не айтар едіңіз?

- Өнер әлеміндегі шынайы достықты көріп өстім. Оны өмір дәлелдеп те келеді. Қашанда саналы, өзіне сенімді жандар ешқашан біреудің қуанышына қызғанбайды, керісінше, қуанады. Ал бақталастық пен көреалмаушылықты өзіне серік еткен жандарды ішкі дүниесі таяз, ой-санасы төмен, өзіне-өзі сенімі жоқ адамдар дер едім.

- Ал сіз басқа бір әріптесіңіздің қызғанышы салдарынан зардап шегіп көрдіңіз бе?

- Зардап шектім деп айта алмаймын. Бірақ әділетсіздікті көрдім, көріп те келем. Бірақ халықтың ақ батасымен көгеріп, талантыма сенгендіктен, еш нәрсеге мойыған емеспін. Бірақ әділетті Алла тағала бәріне де куә, әркім өз істеген ісіне, сөзіне жауап береді деп ойлаймын. Мен мықты болғандықтан кінәлімін. Сондықтан олар мені қызғанады деп өзімді қайрап отырамын. Мен өскен елдің көсемі Мао Цзе Дун: «Халықтың көзі әрқашанда қардай аппақ таза, әділетті», - деген еді. Ендеше, халықтан ешкім артық емес.

- Біздің бүгінгі қоғам қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды бастан кешіп жатыр деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, әрине. Ол заман келешектің еншісінде. Бірақ сол үмітпен, сенімге иек артып, лайым солай болғай деп өмір сүріп келеміз. Сондай заманды келешек ұрпақ көрсін деген тілекпен аянбай қызмет етудеміз. Сол үшін күресу - әр адамның ұрпақ алдындағы борышы деп ойлаймын.

- Халықтың әлеуметтік жағдайы оңып тұрмаса да, бізде бәрі керемет деп, мақтанышпен кеуде қағып жататынымыз бар, кейде. Осыны сіздің көзқарасыңызбен өлшесек...

- «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп, атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз осы күнге дейін қанағатты серік етіп, өмір сүрген халықпыз. Сондықтан да Алла тағала Қазақстан халқына бар жақсылықты ниетіне қарай беруде. Кейде жақсылық ойлап, жақсы көңіл күймен жүрсе, адамға өмір сүру жеңілірек болады деп ойлаймын. Сондықтан барымызға неге мақтанбасқа? Неге қанағат етпеске?

- Ауыл сахнасына соңғы рет қашан шыққаныңыз есіңізде ме?

- Наурыз айында Шыңжаңның Үрімжі телеарнасы «Наурыз-Думан» телекешіне шақырды. Сонда Қытай қазақтарының алдында үлкен концерт өткіздім. Ондағы қандастарымыз менің атымды көптен бері біледі. Бірақ «мың естігеннен бір көрген артық» деген шығар, залда бос орын болмады.

- Шығармашылық жағында қандай жаңалықтарыңыз бар?

- Абай атындағы Опера және балет театрында «Фауст» операсында Маргаританы сомдадым. Тағы басқа үлкен жоспарларымды жүзеге асыруға тынбай еңбектеніп жатырмын. Жемісті болып жатса, халық та куә болар деп ойлаймын.

- Көпшілік өнер адамдарының өнердегі бет-бейнесі мен өмірдегі іс-әрекеттері сәйкес келмей жатады. Сіз осыған келісесіз бе?

- «Семіздікті қой ғана көтереді» дейді ғой, яғни нағыз әнші болу үшін, алдымен нағыз адам болу керек.

Өйткені адами қасиет, адамгершілік, тазалық деген - бәрінен қымбат нәрсе. Ал ол ананың сүтімен, қоршаған ортадан сіңірген тәрбиеге байланысты дариды. Талайды көріп жүрміз ғой, адамның бәрі өмір сахнасында бет-пердемен жүреді. Пендеміз ғой, сондықтан кейбіреулер өмірде өзін-өзі таба алмай, адами қасиетінен айырылады. Кейбірі өмір ағымындағы кездесетін жағдайларға төтеп бере алмай, өзін жоғалтып жатса, енді бірі тұлға болып, басқаға үлгі бола алады. Ал енді мұның қайсысының көп екенін мен айта алмаймын.

- Эстрада бағытындағы әндерді тыңдайсыз ба? Қазақ эстрадасы қай деңгейде?

- Абай атамыз «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күйді» айтпады ма? Ендеше, қазақтың халық әндері мен музыкасы жаныммен үндесіп, жүрегімнің лүпілімен бірге әндетеді. Ал «уақыт - ең жақсы сыншы» десек, әннің есерін де, естісін де халық өзі ажыратуға тиіс.

Өйткені бүгінде қарап отырсаң, кімнің әнші, кімнің биші екенін шатастыратын болдық. Екі ән айтып, бір клип түсірген «жұлдыздарға» қарап, қазіргі уақытта ең оңай кәсіп иесі әнші болу сияқты көрінеді. Ал соның бәрін талантты деп айтуға аузың да бармайды. Әрине, «әй...» дейтін әже болмағасын, не шара? Сондықтан мен үшін ең дұрысы - теледидарды қосып, есер ән тыңдап, уақытты босқа кетіргеннен гөрі, бір сәт кітап оқыған артық, әрі пайдалы.

Әңгімелескен -

Ардақ Иманбекқызы,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 17 (100) 11 мамыр 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475