Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 6146 12 пікір 5 Ақпан, 2019 сағат 14:26

Шырылдаған бес сәби

Лаулап жанған от дейді,
Зарым неге жетпейді?
Шырылдаған бес сәби
Көз алдымнан кетпейді!..

Қысқа ма едің өмір-ай!
Қапа ма едің көңіл-ай!
Отқа оранып жоқ болған
Бес сәбидің өлімі-ай!

Қалды кімге жер кеңіп,
Кімге мұндай «еркелік»?
Бір-ақ түнде бес сәби
Өлген дей ме өртеніп!

Ішім күйіп бара ма?
Сансыз сұрақ санада...
Өлген дейді бес сәби
Ана аты жоқ қалада!

Ол бір зұлмат түн екен,
Ажал кезіп жүр екен.
Мұндай күйге Қазақты
Жеткізгендер кім екен?

Көрген күні азап па,
Көрген күні мазақ па?
Неге Қазақ, жұмыссыз,
Баспанасыз - Қазақ па?..

Айрылған кім дінінен,
Айрылған кім, Тілінен?
Ысылдай ма қазаққа
Суық жылан інінен?

Неге Қазақ тоналды,
Неге байлық жоғалды?
Бес сәбидің өлімі
Ойлантар ма оларды?..

Дәрменсіз ұлт кекті ме,
Ұры, жемқор – епті ме?
Жанұшырған бес сәби
Отқа өртеніп кетті ме?

Ей, тоймастар, тойдың ба,
Ей, қоймастар, қойдың ба?
Бес сәбидің ажалы,
Кім-кімдердің мойнында?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576