Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жыл қорытындысы 3743 4 пікір 20 Ақпан, 2019 сағат 14:56

Арыстанбек Мұхамедиұлы кеңейтілген Алқа мәжілісін өткізді

Кеше Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиналыста баяндама жасаған ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы бір жылда атқарылған жұмыстарды, ауыз толтырып айтарлық жетістіктерді таныстырды.

Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, ведомствоға бағынышты мәдениет, спорт, туризм ұйымдарының басшылары қатысқан алқа отырысында министр Мұхамедиұлы 2018 жылғы Мемлекет басшысының Жолдауы, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында атақырлған игілікті істер туралы баяндады.

Ең алдымен мәдениет саласында атқарылған қызметтер жайлы айтқан министр ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында өнімді жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Осы бағытта Министрлік «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Түркі әлемінің генезисі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобаларын іске асыра бастағанын, 2017жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елдің тарихи-мәдени мұрасын бір жүйеге келтіруді көздейтін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» ауқымды жобасын белсенді жүргізіп жатқанын айтты.

Министр бұған қоса, қадым заманғы құнды тарихымызды болашақ ұрпаққа бұзбай жеткізу үшін де көп жұмыс қолға алынғанын мәлімдеді. Осының анық мысалы ретінде ол Түркістанда он сегіз тарихи аймақ қалпына келтірілгелі отырғанын жеткізді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өнердегі өресі биік Димаш пен Данелияның АҚШ-та ірі додада жүргенін айтып, мақтаныш сезімін білдірді. Сонымен қатар Театр-кино өнеріндегі жетістіктеріміз жайлы да тебірене баяндады. Әсіресе, Самал Еслямованың Канн фестивалінде үздік актриса атанғанын ерекше атап өтті. Былтыр «Кинематография туралы» заң қабылданып, ұлттық киноның үлесі 14 пайызға жетіп, екі есе артқанын айта келіп, биыл «Алтын тақ» туындысының жалғасы, Ақан Сатаевтың «Томирисі», «Абылай хан», «Қасым хан», «Ботай – арғымақтар мекені» сынды фильмдер жарыққа шығатынын хабарлады.

Министр еліміздің спорт саласындағы жеткен жетістігі де көп екенін айтты. Бұл кезекте спортшыларымыздың апта сайын халықаралық турнирлерде топ жарып жатқанын мақтаныш етті. Әсіресе қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышеваны, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны, кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметовты ерекше атап өтті.

Сонымен қатар 2019 жылы елімізде «күрес түрлерінен әлем чемпионаты», «шахматтан әлем чемпионаты», «шайбалы хоккейден әлем чемпионаты» қатарлы 40-тан астам ірі халықаралық біріншіліктер өтетінін жеткізді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде атқарылып жатқан тағы бір елеулі оқиға - қазақ тілін латын графикасына көшіру бастамасының жақсы жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, латын графикасына халық еш үгіт-насхатсыз өз еркімен көшіп жатыр. Әрі халықтың жаңа әліпбиді тез әрі тиімді меңгеруіне жол ашатын «Qazlatyn.kz» (Қазлатын.кз), «Tilqural.kz» (Тілқұрал.кз), «Sozdikqor.kz» (Сөздікқор.кз) сияқты ұлттық порталдар жұмыс істеп тұр.

Министр баяндамасына арқау болған тағы бір тақырып - туризм саласы. Мұхамедиұлының айтуынша, ел экономикасының өсуіне елеуі үлес қосатын туризм саласын дамыту үшін үлкен жұмыстар атқарылуда. Мәселен ғарыш туризмін дамыту үшін

Байқоңырдың қаншалық маңызды екені айтылды. Сонымен қатар, Түркістан аумағындағы жалпы ауданы 27 гектар болатын алғашқы қалалық қоныстардың бірі Күлтөбе қалашығы қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618