Мархабат Нұр. Қаддафи режиміне элита не үшін қарсы?
2011 жылдың 15 ақпанынан басталған Либиядағы қақтығыстың созылып келе жатқанына 3 айдан асып барады. Қаддафиға қарсы шыққан бүлікшілер елдің тыныштығын бұзып, қоғамның ішіне жік салып үлгерді. Мұны мемлекеттік билік үшін күрес деп атауға болады. 1977 жылы Либия Жамахириясын жариялаған полковник Қаддафи елдің даму жолын «халық массасы билігімен» ауыстырып, Ел Конституциясының орнына Қасиетті Құранды қойып, министрліктердің орнын халық секретариаттармен алмастырып, елдің дамыту жолын жаңа арнаға салды, бұл әлем мемлекеттері тарихында болмаған жаңа саяси даму жол болатын.
Сонда, әлем мемлекеттерінің тарихында болмаған жаңа саяси даму жолындағы ел үшін өмір сүру қиын ба деген сауал туады.
Либяда халық саны 6 миллионнан асады, ал мұнай мен газдан түсетін пайданы жан басына шаққанда ЖІӨ 14,192$ құрайды екен. Бұл көрсеткіш біздің елмен салыстырғанда жоғары (Бізде жалпы ішкі өнім -11,805$).
Либияда олигархтар жоқ және негізгі капитал мемлекет қолында. Әрине жоспарлы экономикада мұндайдың болуы мүмкін емес. Ал мемлекеттік кірістің көп бөлігі елде қалып, ол әділетті түрде бөлінеді. Әділеттілігі мынада, Либияда қатардағы медбикенің айлығы - 1000$.

Осындай жағдайда өзін кім кедей санай қояды дейсің? Әрине элита. Элита бұқараға қарағанда жақсы тұрады. Бірақ Либия Жамахириясында элита мемлекет байлығын меншіктей алмайды. Осыдан Либиядағы қақтығыстың салдарын анықтауға болады. Ол - еркіндікті аңсаған, бақытсыздыққа ұшыраған халықтың наразылығы емес, ол - жоғарғы элита өкілдерінің классикалық түрдегі бүлігі. Яғни бұл жерде элитаның айлығы қаншама жоғары болғанымен, өз еркімен жеке меншікке мүлікті ала алмайсын. Ал Жамахирияда мемлекеттік меншік бірінші орында, мемлекет мүлкіне қол сұқсаң қызметіңнен айырыласын.
Осы жайтты байқай қалған АҚШ элита өкілдерін бастапқыда жасырын түрде, кейін ашық түрде полковник Қаддафиға қарсы шығуға үгіттеп, осы мақсатпен ел ішінен бүлік туғызып отыр. Бір жағынан Либия зайырлы мемлекет, ал онда Құранның заңдастырылғанын ескерген дін өкілдерін де Батыс билікке қарсы үгіттей бастады. Осындай үгіттен кейін елдің армиясындағы генералдар өз қол астындағы офицерлерін, ал дін өкілдері шәкірттерін уағыздап Қаддафи билігіне қарсы өре түрегелді. Батыстың ХХ ғасырдың 80 жылдары Кеңес Одағын да осындай әдіспен әлсіреткенін ескерсек, Либиядағы бүлік шығарушы элита мен соған ерген бүлікшілер социализмдегі тегін тұрғын-үйден, дәрігерлік көмек пен медициналық жабдықтан, білім беруден және әлеуметтік кепілдемеден айырылатын аңғармайтын секілді.
Міне қазіргі уақыттағы бүлікке шыққандар Қаддафи режимі себебімен, жақсы өмір кешіп жатқанын ұқпайды. Қанағатсыздықтың салдарынан адамдар шынайы келбеттерінен айырлуда; ал араб мемлекеттерінде халықтың біраз бөлігі жұмыс жасамайды, ел байлығынан бөлінген көмекпен ғана өмір сүреді. Бірақ, Либиядағы жағдай сәл өзгешелеу. Қаддафи режимі еркін түрде білім алуға, жобалар жасауға, өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды. Елдегі жоғары білімді мамандар гастарбайтерлар, қарапайым жұмысшылар Орталық Африкадан келген босқындар (оларға елге визасыз өтуге рұқсат етілген).
Бұндай ахуалды пайдаланған Батыс Қаддафи режимін құлатуды көздеп, елді азаматтық соғысқа душар қылуды жоспарлады. Бахрейнде демонстранттарды танкпен қуғындағанда әлемдік қауымдастық үнсіз қалды. Ал Либиядағы бүлікті басуға шыққан полковник Қаддафиді халқын қырғынға ұшыратты деп жала жауып, қайдағы өтірікке толы қарарын қабылдап(№1973 қарар), АҚШ-пен НАТО бейбіт халықты қыруда. АҚШ-тың жартылай қуыршағы Бахрейн өз саясатымен Вашингтонға әбден жағады, ол елде АҚШ-тың әскери базасы орналасқан. Ал Қаддафиді АҚШ өз жауы деп санайды. 1969 жылы билікке келгеннен кейін елдегі АҚШ, Британия, Италия әскери базаларын жоқ қылған полковник Қаддафи сол кезден бері өз халқының байлығын Батыстың жемқорларына бермей келеді.
«Абай-ақпарат»