Жексенбі, 24 Қараша 2024
3513 3 пікір 25 Ақпан, 2019 сағат 16:00

Ақышевты Досаев алмастырды

Қазақстанның Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев отставкаға кетті. Оның орнына бұрын экономика министрі болған Ерболат Досаев тағайындалды. Бұл туралы "Абай-ақпарат" хабарлайды.

Ерболат Досаевтың кандидатурасын Сенат бірауыздан мақұлдады. Сенат регламентіне сәйкес Досаевтың кандидатурасы кеңейтілген отырыста талқыланған.

Досаевтың тағайындалуы туралы Сенатта сөз сөйлеген Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев, оның білікті қаржыгер екенін, кандидатураны Президенттің өзі ұсынғанын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банк төрағасын тағайындауға кандидатураны келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевты кандидатурасы ретінде ұсынды. Ол өзін білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Мен тағайындауға келісім беруіңізді сұраймын", - деді Әсет Исекешев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560