Сенбі, 23 Қараша 2024
Бірлік 6778 23 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 15:23

Шерзод Пулатов. "Қазақ ұлтына алғыс айтамын"

Елімізде ашық аспан астында ынтымағымыз жарасып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз үшін Жаратушыға шүкіршілігімізді білдіреміз. Қазақстандағы барша ұлттардың басын қосып, біртұтас халыққа айналдырып отырған Елбасына алғысымыз шексіз. Бұл күні барша отандастарымыз қайырлы істерге үлесін қосып, бір-біріне рақметін айтып, жақсы ниетін білдіреді. Бірегейлігіміздің басты нышаны – достығымыз бен бірлігіміз мәңгі болсын!   

Жалпы алғыс айту деген жай ғана сөзбен шектеліп қалмай, оны жұмысымызбен көрсете білуіміз керек. Яғни әрбір жасаған жақсылық ол нәтижелі болғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда әр адам өзінің hәл-қарекетінше шынайы ықыласпен жасап жүр. Менің бағытым ғылым-білімнің алаңында болған соң, көбіне көп осы бағытта білімімді одан әрі шет мемлекеттерде шыңдап, тереңдетудемін. Онымен тоқтап қалмай, алған білімімді елге келіп әр түрлі саладағы аудиторияларға дәрістер оқып, тәжірибемді жеткізудемін. Сонымен қатар өзімнің кітап құмарлығымның арқасында, елдегі жарыққа шығып жүрген ғылыми еңбектерге, кітаптарға және монографияларға үлес қосып келемін. Және онымен тоқтап қалмай биылғы бір жаңалығым ретінде айтарым, көп жылдардан бері кітап жазуды қолға алып, бірнеше еңбектердің басын қосып, жақсы бір туындыны оқырманға жол тартпақшымын.

Өмірімдегі әсерлі сәт, мен шет елден оқып келген кезде Жамбыл облысы Талас ауданының салық комитетінде заңгер болып жұмыс істеуге барған болатынмын. Сол жердегі жергілікті халықтың мені өте жылы қабылдағаны соншалықты, қаратаулық достарым пәтерде тұруға қалдырмай, өз үйлеріне алып кетті. Сөйтіп мен сол үйдің баласына  айналып, бүгінгі таңда жақын бауырға айналдық. Мұнымен менің айтпағым қазақ халқының кең пейілді, дархан мінезді қасиеттері менің жүрегімді баурап алғандығын жеткізгім келеді.

Сондай-ақ жоғырадығы айтқан сөздерімнің тағы бір айқындайтын болсам, тарих бетіндегі депортацияланған басқа этностар өздерінің құшақ жая қарсы алған қазақ жеріне шексіз алғыстарын көз жастарымен жеткізуде. Мұны одан әрі кейінгі ұрпаққа өнегелі өсиетке жалғастырып келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Осыны алға тарта келе "Нұр Отан" партиясы "Пойтах" бастауыш ұйымының төрағасы ретінде көптеген жұмыстарды қолға алдық. Мәселен, жас ұрпаққа үлгі беретін тәрбиелі шараларға көптеп  мән береміз. Еліміздегі қарияларымыз бен ардагерлерді құрметтеп, оларға шексіз алғысымызды амалмен көрсетеміз.

Сөзімді тәмәмдай келе, бауырмал қазақ халқының құшақ ашқан кең жүрегіне барша этностармен бірге өзімнің ризашылығымды жеткіземін. Алғыс айту күнін мерекелей отыра, әрбір күнімізді әрекетіміз арқылы алғыс тап отырсақ бұл да бір ғанибет болады. Алғыстан алғысқа жете берейік.

Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылми-сарапшылық кенесінің мүшесі, Нұр Отан партиясының мүшесі, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532