Данияр Әлімқұл. Олар...
Олар...
Қарбалас уақыт... асығыс
Қарамас наз бенен өкпеге
Соңында сүйкімсіз ашыныс
Тастанды үміттер көп неге?
Қоғамдық қабылдау боп жатыр,
Журналист жиылып жазады.
Бір мысық бөстекте тоқ жатыр
Ол дағы уақыт мазағы
Уақыт...
Уақыт... тоқтамас
Қарамас наз бенен өкпеге
Қоғамы құлазып жоқтамас
Қалада қайыршы көп неге?..
Айтқанын олардың тыңдама,
Көргенде өтінем тұра қаш.
Оларға маңызды мұң ғана,
Сағаттың тілінде сұрамас...
Өлім мен өлместік қосағы -
Қоғамның табиғи болмысы.
Бізді де біреусі тосады,
Оларға маңызды соңғысы...
Өлі өң
Азалы айды аспандағы көрем деп
Түнге апарар іңір ізін аңдыдым
Тереземе телміреді өлең кеп
Кеше... Кеше...
Кеше дағы һәм бүгін
Сол өлеңнің тініндегі жасырын
Сенің әнің секілді ғой сүрленген.
Ғазалыма бейне болған ғашығым
Қашып шығам қарабасқыр түрмеңнен
Түнгі клуб төріндесің білемін,
Кектенемін кеткеніңе биші боп.
Санам сыңсып сала берді, күле мұң
Сезіміңнің сіңіп қалған исі жоқ.
Олар...
Қарбалас уақыт... асығыс
Қарамас наз бенен өкпеге
Соңында сүйкімсіз ашыныс
Тастанды үміттер көп неге?
Қоғамдық қабылдау боп жатыр,
Журналист жиылып жазады.
Бір мысық бөстекте тоқ жатыр
Ол дағы уақыт мазағы
Уақыт...
Уақыт... тоқтамас
Қарамас наз бенен өкпеге
Қоғамы құлазып жоқтамас
Қалада қайыршы көп неге?..
Айтқанын олардың тыңдама,
Көргенде өтінем тұра қаш.
Оларға маңызды мұң ғана,
Сағаттың тілінде сұрамас...
Өлім мен өлместік қосағы -
Қоғамның табиғи болмысы.
Бізді де біреусі тосады,
Оларға маңызды соңғысы...
Өлі өң
Азалы айды аспандағы көрем деп
Түнге апарар іңір ізін аңдыдым
Тереземе телміреді өлең кеп
Кеше... Кеше...
Кеше дағы һәм бүгін
Сол өлеңнің тініндегі жасырын
Сенің әнің секілді ғой сүрленген.
Ғазалыма бейне болған ғашығым
Қашып шығам қарабасқыр түрмеңнен
Түнгі клуб төріндесің білемін,
Кектенемін кеткеніңе биші боп.
Санам сыңсып сала берді, күле мұң
Сезіміңнің сіңіп қалған исі жоқ.
Түнгі... Түнгі...
Көбелексің. Қиналам.
Сүйреп жүрген сал үміттің денесін
Шағын шаһар қондырмады миға мән
Ескі күннің қалықтатып елесін,
Қала... Қала...
Қаланы да ұшықтап...
қалайын ба қиялымның қонағы?
Қара түннің қанатынан түсіп қап,
Менің мұңым терезеңе қонады.
Көше... Көше...
Көше бойы тола мас,
Соның бірі - жанарыңның танысы.
Мендік мұңның жұпарына жоламас,
Сенің әсем көңіліңнің ғарышы.
Назды күннің нала нұры еседі,
Ашытады күбі-көңіл боза-мұң.
Жүрегімнің жүрмін іздеп кешегі,
Кірпігіңе қонып қалған тозаңын.
Сарнауық
Шексіз нұр - жарыққа жауыққан,
Сорлады сұм көше құшып түн.
Қоқыстар қасында мауыққан
Мұнда тек мияуы мысықтың.
Әлдекім әндеткен тәтті арман,
Қоғамның көзінен тұр ауып,
Күрең көлеңкелер қатталған
Жетім бұрыштар жылауық.
Мылқаулық меңзеген кескіні,
Көшелер қараңғы құрсанған.
Ертеңгі жарықтың өскіні:
Үлбегей үмітті кір шалған
Ертеңі дауылдан бүлініп,
Боларын білмеген зор ызғар
Сүйегі сіңірге ілініп,
Бөтелке жинаған бомждар
Үңіліп қарайды момақан,
Үңгірсіз келешек күткендей.
Жертөле жаяды алақан
Қоғамның қолынан түк келмей
Армандар арылмас айыптан
Сенімнің деміне жылынып,
Оларда күн ертең ғайыптан,
Салтанат құрмайды Ұлы үміт
Келешек сүйегі жоғалған
Кеміріп қойғаны қоғамы
Самайы ғасырдың ағарған
Мезгілдер минуты соғады
Шіліңгір шілде де қар жауып,
Құбылыс орын ап кей түнде.
Көктемде келеді сарнауық
Аңқыған ақпанның кейпінде
Ертеңгі жарықтың өскіні:
Үлбегей үмітті кір шалған
Мылқаулық меңзеген кескіні,
Көшелер қараңғы құрсанған.