Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2853 0 пікір 2 Маусым, 2011 сағат 05:36

Қызылжарлық баскетболшылар 7-республикалық «Үміт кубогы» турнирінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 2 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қызылжарлық баскетболшылар 7-республикалық «Үміт кубогы»  турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыс 24-31  мамыр күндері Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт базасында өткен болатын. Қазақстан халық банкінің «Халықтық лига» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған бұл  жарысқа  16 балалар үйі мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты.  1995 - 1996 жылдары туған және одан кіші жасөспірім  спортшылар арасындағы бұл додада  1-орын алған қызылжарлық баскетболшылар Турнир кубогі мен алтын медальды иеленді. Ал Павлодар мен Қостанай қалаларының командалары 2-3 орынды бөлісті. Сондай-ақ  өскемендік Максим Богданов - үздік шабуылшы,  павлодарлық Валерий Рыбкин - үздік қорғаушы, семейлік Данияр Бекбаев - үздік орталық ойыншы, павлодарлық  Ярослав Ральников - ең үздік нәтижелі ойын көрсеткен баскетболшы, сайрамдық  Ырысбек Сұлтанов - үш ұпайлық доп лақтыру бойынша үздік ойыншы,  қызылордалық Николай Тимошенко көрермен  көзайымы және павлодарлық   Марат Шұғабаев  үздік жаттықтырушы  атанды.

«Халықтық Лига» жобасы бойынша балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында өткізілет «Үміт кубогі» турнирі 2005 жылғы 24 мамырда Ақмола облысының Жақсы селосында ұйымдастырылған республикалық жарыстан бастау алады. 2006 жылы да сол жерде өз жалғасын тапқан бұл байрақты бәсеке 2007- 2008 жылдары  «Бурабай» курорттық-шипажай аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Ал 2009 жылы  Қостанай облысындағы  «Сосновый бор» шипажайында, 2010 жылы  Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында өтті. Бұл жобаға  7 жылдың ішінде      банк 108,2 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсады. Оның 17 миллионы  биылғы жылдың үлесінде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383